Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Ақордаға сілтеме жасап.
Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 26-27 сәуір күндері елде болады.
Келіссөз барысында тараптар Қазақстан мен Италия арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективасын талқылайды.
27 сәуір күні Астанада «Орталық Азия – Италия» форматындағы тұңғыш саммит өтеді.
Фото: Ақорда