Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

КОРОНАВИРУС: МЕДИЦИНАЛЫҚ БЕТПЕРДЕСІЗ ЖҮРГЕНДЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ

3 сәуір 2020
САЯСАТ
КОРОНАВИРУС: МЕДИЦИНАЛЫҚ БЕТПЕРДЕСІЗ ЖҮРГЕНДЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласының тұрғындары бетпердемен жүру режимін қатаң сақтауда. Алайда арасында бұл режимге бағынбай жүргендер баршылық. Талдықорған қаласының көшелері мен қоғамдық орындарын аралаған тәртіп сақшылары медициналық бетперде тақпаған азаматтарға ескерту жасады. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

— 1 сәуірден бастап Алматы облысының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында қосымша қауіпсіздік шаралары енгізілгені белгілі. Талдықорған қаласы бойынша 4 санитарлық бекетті қоса алғанда, қосымша 8 мобильді бекет өз жұмысын бастады. Осыған байланысты, патрульдік топтар қоғамдық орындарда қызмет атқаруда. Олар көшеде немесе адамдар көп шоғырланған орындарда жүрген егде жастағы және кәмелетке толмаған азаматтарды бақылайды. Полицейлер тұрғындарда қорғану құралдарының болуын қадағалайды. Атап айтқанда, олардың міндетті түрде медициналық бетпердемен жүруі бақыланады, — деді Талдықорған қаласының полиция басқармасының бастығы Асқар Нұрсапа.

Аталған деректер алғаш анықталған кезде тәртіп сақшылары тек ескертумен ғана шектеледі, ал ол қайталанған жағдайда 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл немесе 15 тәулік қамаққа алу көзделеді.

— Алматы облысының бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №4 қаулысында көрсетілген барлық тыйымдармен қатар, қоғамдық орындарда және автокөліктерде бетпердесіз болу заңбұзушылық болып табылатындығын атап өткен жөн. Осыған байланысты барлық қала тұрғындары мен қонақтарын карантин режимін бұзбауға, төтенше жағдай тәртібінде тәулік бойы жұмыс істейтін полиция мен басқа да орган қызметкерлерінің өтініштерін қатаң тыңдауға шақырамыз, — деп толықтырды полковник А.Нұрсапа.

Қала бойынша қатты дауыстайтын құрылғылар арқылы патрульдік полиция автокөліктерінен бетпердемен жүру режимін және барлық белгіленген нормаларды сақтау туралы үндеулерді ести аласыздар.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13
Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.