Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

«КӨЗІНЕ ПЫШАҚ СҰҚҚАН»: ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА ҚАУІПТІ ҚЫЛМЫСКЕР ҚҰРЫҚТАЛДЫ

24 маусым 2020
САЯСАТ
"КӨЗІНЕ ПЫШАҚ СҰҚҚАН": ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА ҚАУІПТІ ҚЫЛМЫСКЕР ҚҰРЫҚТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысында 30 жастағы жігіттің көзіне пышақ сұғып алған күдікті ұсталды. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі мәлім етті.

Қарасай аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне Қарасай ауданының Абай ауылынан Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасына 30 жастағы тұрғын түскені хабарланған. Жәбірленуші сол жақ көзінен пышақпен жаралаған. Бірақ ол ауруханаға жеткізу кезінде көз жұмған.

— Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы құрылысшылардың Абай кентінде 44 жастағы тұрғынның үйінде жөндеу жүргізгенін анықтады. Қожайынға түскі үзілісте жәбірленушінің танысы өзімен бірге 3 бөтелке арақ алып келген. Спирттік ішімдік ішкен жәбірленуші мен бір жұмысшының арасында жанжал туындаған. Кикілжің кезінде табыс табу үшін келген Шымкент қаласының 22 жастағы тұрғыны асүй пышағымен жәбірленушінің көзінен ұрған. Ол бірден далаға шығып, қожайынның автокөлігін айдап әкетіп, ізін суытқан. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлімі, 200-бабы 1-бөліміне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, — деді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі, полиция майоры Ақбота Қуанышбекқызы «Қазақпаратқа» берген сұхбатында.

Оқиғаға орай «Тосқауыл» жоспары жарияланды. Рация бойынша хабар алған «Борт 200» патрульдік полиция ротасының экипаж құрамындағы полиция лейтенанты М.Батакбаев пен полиция аға лейтенанты А.Амангелді «Алматы-Бішкек» автожолынан іздестіріліп жатқан автокөлікті көріп, оның ізіне түскен.

Жүргізуші полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтату туралы талабын еш елемеген. Көп ұзамай көмекке «Борт 190» және «Борт 24» патруль экипаждары жеткен. Полицейлер қоршап алған соң күдікті жөндеу жүргізіліп жатқан автожолдың 36-ншы шақырымында көлікті басқара алмай, аударылғаннан кейін ұсталды.

— Күдікті бұрын да бұзақылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазір ол қамаққа алынды. Қылмыскерді ұстауға небәрі 30 минут уақыт қажет болды, — деп атап өтті майор Ақбота Қуанышбекқызы.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13
Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.