Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихаттар депутаттарының форумына қатысады.
Форум «AMANAT» партиясының бастамасымен өтеді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «AMANAT» партиясының бастамасымен өтетін барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының форумына қатысады, — деп жазды Уәли.