Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

«ТІРІДЕЙ ӨРТЕГЕН»: АЛАКӨЛДІК ЕКІ ЖАСӨСПІРІМ АДАМ ШОШЫРЛЫҚ ҚЫЛМЫС ЖАСАДЫ

6 маусым 2020
САЯСАТ
"ТІРІДЕЙ ӨРТЕГЕН": АЛАКӨЛДІК ЕКІ ЖАСӨСПІРІМ АДАМ ШОШЫРЛЫҚ ҚЫЛМЫС ЖАСАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Итті тірідей өртеп, жаға ұстатар қылмыс жасаған балалар ұсталды. Олар Алакөл ауданы, Қабанбай ауылының тұрғындары болып шықты. Бұл жайында Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, күшікті өртегендерін камераға түсірген жасөспірімдердің бейнежазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Осы бойынша полиция өкілдері жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырды.

— Осы қылмысты жасады деген күдікке ілінген Қабанбай ауылының кәмелетке толмаған екі жасөспірімі ұсталды. Олар 2004 жылы туған Ш. және 2005 жылы туған Д.есімді балалар. Олар шұғыл ұйымдастырылған тергеу жұмыстарының алғашқы сағаттарында-ақ анықталды. Жасөспірімдер өздерінің жантүршігерлік әрекеттегі кінәларын толығымен мойындап, ауыр қылмысты қызық үшін жасағандарын жеткізді. Бұл – қылмыстық жауапкершілік көзделетін қаскөйлік жағдай, — деді Алакөл аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Қуат Оспанов.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабының 2-тармағымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

— Қабанбай ауылының жанында Дәурен екеуіміз итті қызық көріп өртедік. Сол қылығымыз үшін кешірім сұраймыз, — деді жауапқа тартылған Ш.есімді 10-сынып оқушысы. Ал оның жанында болған Д.есімді 9-сынып оқушысы Ш.есімді балаға көмекші болғаны үшін халықтан кешірім сұрады.

«Қазақпарат» таратқан мәліметке сәйкес, күшікті өлтірді деген күдікпен ұсталған Ш.есімді бала — Талдықорған қаласындағы мешіт жанында орналасқан жекеменшік қайырымдылық мекемесінің тәрбиеленушісі. Ол осы мекемеде тұрады және орта білім беретін мектептің кешкі ауысымында оқиды. Бірақ коронавирус індетіне байланысты қазір нысан жабық тұрған көрінеді.

— Ш.есімді бала қайырымдылық мекемесінде тұрады. Ол былтыр қыркүйек айында осында қабылданған болатын. Бұл жерде белгілі уақыттарда әдебиет бағытында оқытамыз, жыр-дастан жаттатамыз. Балалар оңды-солды әрекеттерге кетпес үшін діни сауаттарын ашамыз. Ал тереңдетіп, бір бағытта діни ұйымға кіргізу мақсатында ешқандай бала дайындамаймыз. Ол бағытта тәлім-тәрбие бермейміз, — дейді «Талдықорған» жеке қайырымдылық мекемесінің ресми өкілі Ерлан Бердібеков.

Мәлім етілгендей, бұл жерге әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары ғана қабылданады. Қыркүйек айында ашылған мекеменің қазір 20 тәрбиеленушісі бар. Мекеме өкілдері Ш-ның күшікті тірідей өртегенін естіп, жағаларын ұстап отырғандарын айтады. Тіршілік иесін айуандықпен өлтірген балалардың бірі 15 жаста, бірі 16-да. Қасында көмектеске Д.есімді бала бір үйдің жалғызы.

Айта кетейік, қылмыс Алакөл ауданының Қабанбай ауылында болды. Екі бала қапқа салынған күшіктің үстіне жанармай (бензин) құйып, тірідей өртеп жіберген. Онымен қоймай, бұл істерін бейнетаспаға түсірген.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

14 қараша 2026
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

14 қараша 2026
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

14 қараша 2026
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

14 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.