Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Өзекті. Қазақстанда үйленетін жұптардың денсаулығы тексеріледі

24 мамыр 2023
САЯСАТ
Өзекті. Қазақстанда үйленетін жұптардың денсаулығы тексеріледі
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда бірқатар шет елдердің ұқсастығы бойынша болашақ жас жұбайларға кешенді медициналық зерттеп-қараудан өтуді көздейтін отбасылық жұптардың денсаулық паспортын енгізу ұсынылады.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы  El.kz ақпарат агенттігі дерегін қаз-қалпында ұсына отырып хабарлайды. 

Денсаулық сақтау министрлігінің «Әрбір әйел — әрбір бала» тұжырымдамасының жобасында «Отбасылық жұптардың денсаулық паспортын» әзірлеу және іске асыру ұсынылған.

Бұл жобаны іске асырудың мақсаты — ана өлімінің жиілеуіне, жастардың репродуктивтік және соматикалық денсаулығын сақтауға және нығайтуға барынша әсер ететін кейбір ауруларды анықтау, жыныстық жолмен берілетін генетикалық, соматикалық және инфекциялық ауруларды уақтылы ерте анықтау және жүктілікті жоспарлаудан бұрын емдеуді бастау, — делінген хабарламада.

Қазақстанда нәресте өлімінің 58,7 пайызы дене салмағы 2500 грамнан кем шала туған нәрестелер; ана өлімінің барлық жағдайларының 46 пайызы әйелдің әртүрлі созылмалы ауруларына байланысты екен.

Сонымен қатар, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың таралуы проблемасы бар, олар адамның денсаулығына, сондай-ақ болашақ ұрпақтың денсаулығына әсер етеді. Осылайша, Қазақстанда АИТВ-инфекциясының барлық жаңа жағдайларының 74,7 пайызы жыныстық жолмен берілуіне байланысты, ал үш негізгі ЖЖБИ — мерез, гонорея және трихомониаздың таралуы ресми статистикаға қарағанда 3-3,5 есе жоғары.

Халықаралық тәжірибені талдау әлемнің көптеген елдерінде некеге дейінгі медициналық зерттеп-қараудың енгізілгенін көрсетті. Ұсыныстардың нақты тізімі әр елдің экономикалық, мәдени, діни және медициналық жағдайларына байланысты өзгереді.Некеге дейінгі медициналық зерттеп-қараулар болашақ ерлі-зайыптылардың денсаулығының нашарлауына және ауру ұрпақтардың тууына жол бермейді, — делінген хабарламада.

Некеге дейінгі зерттеп-қарауға арналған ауруларды таңдау ықтимал аурудың алдын алу немесе емдеу мүмкіндігіне байланысты болды. Мұндай аурулардың арасында талассемия, орақ тәрізді жасушалы анемия, АИТВ, В және С гепатиттері, қызамық, мерез, және басқа жыныстық жолмен берілетін аурулар жиі кездеседі.

Мысалы, Жерорта теңізінің кейбір елдерінде немесе Араб шығысында талассемия мен орақ тәрізді жасушалы анемияға некеге дейінгі міндетті тексеру жиі кездеседі, бұл жақын некенің жоғары таралуына байланысты.

Бұл елдерде міндеттеме қандай да бір ауру немесе аурудың даму қаупі болған жағдайда жастардың арасындағы некені тіркеуге тыйым салу емес, зерттеп-қаралып, медицина қызметкерлерінің уақтылы консультациясын алу міндеті болып табылады.

Фото: aikyn.kz

Қатысты жаңалықтар

Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

Бүгін, 16:48
Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

Бүгін, 16:30
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

Бүгін, 16:19
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

Бүгін, 16:11
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенбай Жамбыл Жанатұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенбай Жамбыл Жанатұлы

Бүгін, 15:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.