Талдықорған: +30°C
$ 523.46
€ 600.04
₽ 6.69
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

АБАЙ ЛАЙЫҚ! ЖЕТІСУДА АҚЫЛ-ОЙДЫҢ АЛЫБЫНА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ

21.03.2023
ТҮПСАНА
АБАЙ ЛАЙЫҚ! ЖЕТІСУДА АҚЫЛ-ОЙДЫҢ АЛЫБЫНА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ

Осыған дейін «Абайлайық» деп һакімге арнап ескерткіш қоюды көтерген жұрт бүгін «Абай лайық!» деп шынайы қуаныштан толқып тұр. Тура Жетісу облысы орталығы Талдықорғанда. Еңселі ескерткіш көрікті шаһарға кіреберістегі сәулеті жарасқан «сырбаз» театрдың алдында салтанат құрды.

Қаранөпір адам жиналған шараға облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВТЫҢ өзі қатысып, Ұлыстың ұлы күнімен қатар істеліп жатқан игі істі адамзаттың алыбына жасалған құрмет пен тағзым деп білетінін жеткізді.

– Бүгін Жетісудың төрінде, Талдықорған қаласында қазақтың ұлы ақыны, һакім Абай Құнанбайұлының еңселі ескерткіші ашылып отыр. Қуаныштарыңыз құтты болсын, ардақты ағайын! Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облысқа келген сапарында Жетісу жерінде Абай ескерткішін орнатудың орындылығына назар аударып, осы іске қозғау салған болатын. Зиялы қауымның бастамасымен, халықтың қолдауымен ақынның қола мүсіні бүгін Ұлыстың ұлы күнінде тұғырына қонды, – деді өңір басшысы.

Бұдан әрі алып мүсіннің дәл осы қаланың қақ маңдайындағы театрдың алдына қойылу себебін атап өтті.  

– Қалалық қоғамдық кеңестің шешімімен ескерткіштің Бикен Римова атындағы драма театрының алдына қойылуы өнер ордасының рухын одан сайын биіктете түсті. Абайдың сөзімен айтсақ, «Мал жұтайды, өнер жұтамайды», – деп түсіндірді.

Өнер, шын мәнінде, жұтамағанын Абай өзі тағы «дәлелдеді». Ойлы да терең, ашық та тұңғиық, қату да мейірбан Ибраһим енді жетісулықтардың «ортасында». 

Бейбіт Исабаевтың бұл мәселеге мән бере тоқталуының да өз алабөтен себебі бар-ды. Дәлірек айтқанда, осыған дейін дала феноменіне ескерткіш қою мәселесі дәл Талдықорғанда қанша рет талқыланса, сонымен кіндіктес өрбитін даулы пікірдің бірі де – ақын мүсінінің «табан» тірейтін нүктесі болатын. Тіпті, біраз адамның театрдың алдына қойылуына қарсы уәж айтқан кезі де болған.

Міне, аталған мәселеге «Өнер ордасының рухын одан сайын биіктете түсті» деген сөз жағымды «адвокат» болғандай. Жалпақ жұрт мақұлдасты. Жиналған халықтың толқып тұрып айтқан сөзімен тәпсірлегенде – Абай лайық!

Өзі де руханиятқа жақын әкім атақты Құнанбайұлының далалық ғұламалардың заңды ізіндей даналық феномен екенін жеткізді. Әрі  халықпен бірге жасайтын ақынға бірегей өнер туындысын «сыйлаған»  ескерткіш авторларын да назардан тыс қалдырмады:

–  Абай қазақпен бірге жасайды. Оның шығармалары бүгінгі қоғамға ғана емес, келешек ұрпаққа да рухани нәр беріп, терең тағылымын танытатыны анық. Біз осы ескерткіштің идеясын ұсынған авторларының бірі, белгілі сәулетші марқұм Ақмырза Рүстембековті бүгін терең ризашылықпен еске алып, оның рухының алдында бас иеміз. Сол сияқты осы мерекелік шараға арнайы қатысып отырған, мүсінші Мейірлан Әзмағанбетовке көпшіліктің атынан алғысымды білдіремін. Бүгіннен бастап Жетісу төрінде де Ұлы ақынның ескерткіші бар деп мақтанышпен айта аламыз. Бұл жай ғана ескерткіш емес, Абай рухының Жетісу өлкесінде жаңаша жаңғыруы деп білемін. Осы алаң жетісулық әрбір саналы азаматтың, жас ұрпақтың тәу етер киелі орнына айналарына сенімім мол, – деді ол.

 

 Аталған шарада Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп те сөз алып, жетісулықтарды ескерткіштің ашылуымен құттықтады: 

Бүгін Жетісудың төрінде үлкен тарихи оқиғаға куә болып отырмыз. Абай «Біріңді қазақ бірің дос көрмесең, істің бәрі бос», — деп бекер айтқан жоқ. Бұл сөз осы 21-ғасырдың иығында тұрған біздің әрқайсымыздың санамызда жатталып тұруы керек. Абайдың жолы – әділеттің жолы, ар-намыстың жолы, ақиқаттың жолы, қанағаттың жолы, береке-бірліктің жолы. Абайдың жолынан айнымай, Абайдың аманатына адал болайық, — деді Нұртөре Жүсіп өз сөзінде. 

Қозыбай ҚҰРМАН,
Талдықорған қаласы
Фото: Жеңіс ЫСҚАБАЙ

 

 

 

Қатысты жаңалықтар

Жалақы мөлшері өсті

Жалақы мөлшері өсті

24.06.2025
Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

24.06.2025
Кәсіпкерлікті  қолдау ілгерілеу жолы

Кәсіпкерлікті қолдау ілгерілеу жолы

24.06.2025
Ұмытылмас ерлік – ұрпақ жадында

Ұмытылмас ерлік – ұрпақ жадында

24.06.2025
Жетісуда «Заң мен Тәртіп апталығы» Акциясы басталды

Жетісуда «Заң мен Тәртіп апталығы» Акциясы басталды

24.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.