Әр аптада өз айшығын «кестелейтін» Үкімет сағаты тағы бір орынды ұсынысты тыңдағандай болды. Онда депутат Ринат Зайытов Индустрия министрлігінен ұшаққа ұлттық аспаптарды кіргізу мәселесін шешіп беруін ұсынды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.
Депутат әлеуметтік желіде көтеріліп жатқан мәселе төңірегінде тоқталып, қазақтың ұлттық аспабын «менсінбей» отырған әуе компанияларына дұғай-дұғай сәлем де жолдады.
Оқи отырыңыз: «Адамдар нан таба алмай отырса»: Ринат Зайытов Мәжілісте жаңа жобаны «сойып» салды
«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қатысты қойылатын сұрақ бар. Азамат Өмірзақұлы (вице-министр), бұл тақырып қазір әлеуметтік желілелерде көтеріліп жатыр. Өзіңіз де әлеуметтік желіден көрген шығарсыз. Біріншіден, қазір әуе компанияларында қазақтың ұлттық аспаптарына қарсы, әдейі бір жоспар құрып жатқан сияқты. Домбыраның ішінде бірде-бір металл жоқ. Оның құрамында қойдың ішегі мен қарағайдың ағашынан басқа ештеңе жоқ. Оның ешқандай зияны жоқ, — деді депутат.
Ұқсас тақырып: «Кісі өлтірген адамдарға мешіт салдырайық»: Ринат Зайытов қатты айтты
Зайытов мәселе шешілмесе, басқаша «қадамға» да баруға тура келетінін жеткізді.
«Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деп ақын Қадыр Мырза Әлі айтпақшы, бұл – мемлекетіміздің айнасы. Әуе компанияларына дұғай-дұғай сәлем айтыңыз. Мәселені қалай болса да шешіп беріңіздер. Қазақта өзі 4-5 ұлттық аспап бар. Оларды ұшаққа кіргізуге рұқсат беріңіздер. Егер рұқсат берілмесе, қолдарыңыздан келмесе, онда Астана мен Алматы әуежайына жоқ дегенде мың домбырашыны қойып, Адай күйін орындап, жалынып сұрайық», — деді ол.
Тағы оқыңыз: Ринат Зайытов: «Халықтың ащы дауысын естіп жатқан ешкім жоқ па?»
Фото: ашық дереккөзден