Талдықорған: +15°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

АҚЫНҒА ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ АТАҒЫ БЕРІЛДІ

05.02.2019
ЖАНСАРАЙ
АҚЫНҒА ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ АТАҒЫ БЕРІЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Сүйінбай мен Жамбыл елінде тағы бір тамаша рухани шара болды. Сенбі күні аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қаламы қарымды журналист, Жамбыл аудандық «Атамекен» газетінің директор-бас редакторы Рәтбек ТЕРЛІКБАЕВТЫҢ 60 жасқа толуына арналған шығармашылық кеші өтті.

Мәдени шараға алыс-жақыннан жиналған жұртшылықтың назарына алдымен қаламгердің өмірбаянынан сыр шертетін бейнефильм ұсынылды. Аудан әкімі Бағдат Әлиев мерейтой иесін құттықтап, аудандық мәслихат шешімімен бекітілген «Жамбыл ауданының Құрметті азаматы» атағын салтанатты жағдайда тапсырды.

Баспасөз саласында қырық жылға жуық жемісті еңбек етіп келе жатқан Рәтбек Сәдуақасұлының ақындық қыры  өз алдына бір төбе. Кештің өне бойы ақын шығармасы негізінде әзірленген поэтикалық композициямен әдемі өріліп, көрерменді тамаша әсерге бөледі. Образға еніп өнер көрсеткен аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары өлеңді фоно-граммасыз, жанды дауыспен жатқа оқуымен ерекшеленді. Өз өмірін кестелі сөзбен айшықтаған ақын туындылары тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп жатты. Сондай-ақ, ақын сөзіне жазылған «От-ана Отан», «Жамбыл атам елі», «Қазағым», «Өріктің гүлі», «Алматы» әндері шырқалды.

Сахна төрінде асқаралы алпыстың белесіне үзеңгі салған арда азаматқа деген ақ тілектер ақтарылып, сый-сияпат көрсетілді. Бұл орайда белгілі ақын-жазушылар, өнер мен мәдениет майталмандары, шығармашылық ұйымдар, осы ауданнан шыққан азаматтар атынан жылы лебіздер молынан айтылды. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің, Талдықорған қаласының әкімі Дастан Шалтабаевтың, Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаевтың жолдаған ыстық ықыластары білдірілді.

Баспасөз бетінде Рәтбек Сағид-Уәһәс есімімен белгілі мерейтой иесі біраз жыл «Жетісу» газетінің меншікті тілшісі қызметін жемісті атқарған болатын. Шебер журналистке облыстың басты басылымының басшылары мен ұжымының ізгі тілегін газеттің бас редакторының орынбасары,  ақын,  әріптес, қатарлас әрі осы ауданның перзенті Нүсіпбай Әбдірахым жеткізді.

Қабырғалы қаламгерлер Жұмабай Шаштайұлы, Бауыржан Жақып, Жанарбек Әшімжан, Әбубәкір Қайран, Орысбай Әбділдаұлы, Жұмаш Арғымбайұлы, Жанат Ахмади, Қуат Қайранбаев, Надежда Лу­шникова, Күмісжан Байжан, Ермек Жұматаевтың ізгі тілектері мен ой-пікірлерінде, оқыған арнау жырларында қаламы ұшқыр, ойы жүйрік, білімі телегей, тілі шұрайлы, бекзат болмысты Рәтбек Терлікбаевтың сан қыры әңгімеге кеңінен арқау етілді. Ақындар мен батырлар елінің азаматтары атынан Әскербек Абаев, ардагер ұстаз Дәукеш Әмірқызы, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Күміс Пармашқызы,  аққайнарлық ағасы Болат Райымжанов ақсақал жүрекжарды тілектерін білдірді. Шара соңында кеш иесі сөз алып, мерейін өсірген барша қауымға жүрекжарды алғысын айтты.

Мерейтой иесі баспа саласында да жемісті еңбек етіп келеді. Оның тікелей редакторлығымен бірнеше көлемді тарихи-өлкетану жинақтар мен авторлардың көркем шығармалары жарыққа шыққан. Сол күні оның сиясы кеппеген «Перне» атты жеке жыр кітабы оқырман қолына тиді. Қарымды қаламгер, сүйікті жар, алтындай ұл мен қыздың ардақты әкесінің алпысқа толуы аудан орталығындағы мейрамханада жайылған ақ дастарқан үстінде туған-туыс, жора-жолдас, жекжат-жұраттар ортасында жалғасты.

Серік САТЫБАЛДИЕВ
Жамбыл ауданы

 

 

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

03.05.2026
Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

03.05.2026
Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

03.05.2026
Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.