Талдықорған: +13°C
$ 470.80
€ 545.99
₽ 6.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Бабалар ізін жалғаған Несіп аға

23.05.2026
ЖАНСАРАЙ, КҮНДЕРЕК
Бабалар ізін жалғаған Несіп аға
WhatsAppTelegramFacebook

НЕСІП ЖҮНІСБАЙҰЛЫНЫҢ есімі қазақ спортымен қатар аталып, егіз ұғымдай болып кеткені қашан?! Кейінгі інілері журналистің жазғандарынан сусындап, мағұлматтарды түгендеп, сол арқылы кешегі мен бүгінгіні байланыстырып отырса, дүрмекке араласып шәкірт дайындаған жаттықтырушының түлектері қазір ел білетін мықты маманға айналды. Футболдан «Намыс» командасын құрып, ел спортына сілкініс жасаған ұйымдастырушының, әр Олимпиададан хабар таратқан репортердің еліміз егемендік алғанда тоғызқұмалақты өз қолына алып, оның дамуына сүбелі үлес қосып, тұңғыш Төраға болғанын жиі ести бермейміз. Талдықорғанда Қаратал ауданы мен Алматы облысының Құрметті азаматы, тоғызқұмалақтан спорт шебері, жоғары ұлттық дәрежедегі төреші, ҚР еңбек сіңірген қайраткер Несіп Жүнісбайұлының 75 жасқа толуына орай ардагер тоғызқұмалақшылар арасында бір аптаға созылған 13-ші ел чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің әр өңірінен 100-ге жуық тоғызқұмалақшы қатысты.      

САЯСАТКЕР СЫЙЛАҒАН СУРЕТ

Халқымыз ежелден адамның тек күшті емес, зерек болғанын қалаған. Тоғызқұмалақ – сол білім мен зияткерліктің алаңы. Бұл ойын адамның миын шынықтырып, есте сақтау қабілетін арттырып, математикалық ойлау жүйесін дамытады. Зияткерлік ойынды дәріптейтін байрақты бәсекеде ұлттық спорттың өрісі кеңейе түсті. Чемпионат ардагер спортшылар арасындағы достықты нығайтып, тоғызқұмалақ өнерінің сабақтастығын насихаттауға бағытталды.

Облыс орталығында болған ардагер тоғызқұмалақшылар арасында Несіп Жүнісбайұлының құрметіне арналған ел чемпионатының ашылуында Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті, қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Байменов арнайы келіп, құттықтау сөз сөйледі. Артынша құрмет көрсетіп, ақсақалдың иығына шапан жапты. Көпшілік алдында мерейтой иесінің мерейін өсіріп, қуанышын арттыра түсті. Қосымша Әлихан  Мұхамедияұлы осыған дейін ел біле бермейтін тың мәлімет айтып, ерекше суретті Несіп Жүнісбайұлына тарту етті. Фотода қазақ әдебиетінің алыбы Мұхтар Әуезовтің тоғызқұмалақ ойнап отырғаны көрсетілген. Әлихан Байменовтің айтуынша, сурет 1950 жылы түсірілген. Қазіргі таңда суреттің түпнұсқасы мен түсірілген орнына қатысты зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

– Бұл жаңалықтың маңызы тоғызқұмалақ әлемі үшін де, тұлғалардың бойындағы мәдени сабақтастықты қалыптастыру үшін де, әуезовтану әлемі үшін де, жалпы зерттеулер үшін де өте маңызды. Әрине, біз Мұхтар Әуезовтің тоғызқұмалақ ойнын қайта жандандыруға қосқан үлесін білетінбіз. Кеңестік идеология қысымымен, жалпыұлттық руханият, соның ішінде, тоғызқұмалақ жоғалып кетер тұста Мұхтар Омарханұлы мен Қалибек Қуанышбаев бастап, ойынның ережелерін қайта жаңғыртып, жарыстар өткізген. Енді осының бейне дәлелі табылып отыр. Бұған дейін құжаттардан білдік те, біз айтып отырған суреті болмап еді. Бұл фотосурет үшін «Алматыкітап» баспасының қызметкерлеріне алғыс айтамыз. Сондағы тоғызқұмалақ жанашырлары осы бейнесуретті тауып, Қазақстан тоғызқұмалақ спорты федерациясының вице-президенті, Binom мектептер желісінің басшысы Шолпан Қадыроваға хабарласып, сүйіншілеген. Мұның біздің қолымызға тигеніне екі-үш күн ғана болды,– деді Әлихан Байменов.

Расымен, бұл суреттің ел алдында бағасы зор. Ал табылған фотоның үлкен көшірмесі спорт журналисіне сыйға берілді. Ұлттық спортты дәріптеуші, тоғызқұмалақтың елге танылып, ауқымын кеңейтуіне мол үлес қосқан Несіп Жүнісбайұлы болса:

– Тоғызқұмалақтың 5 мың жылдық тарихы бар. Оның ішінде бұл ойынды Абай атамыздың ойнағандығы, бұл ойын жөнінде Бауыржан Момышұлының айтқаны қазақ халқының арасында тоғызқұмалақтың кең тарағанын көрсетеді. Ал бұл чемпионатқа келгендердің арасында бұрында менімен ойнаған достарым бар. Бәріміз тоғызқұмалақты бірге бастап, бірге дамыттық, – дейді.

Бүгінде тоғызқұмалақты дамыту бойынша жүйелі жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Оған үнемі өтетін кездесулер мен келіссөздер дәлел.

– Бүкіләлемді тоғызқұмалақтың насихаты жаңа деңгейге көтерілді. Біз зияткерлік ойындар ойнайтын үлкен платформалармен шарт жасасып, қазір әлемнің 100-ден астам мемлекетінің IP адрестерінен тоғызқұмалақ онлайн ойналады. Біздің мамандарымыз ұялытелефондар жасады. Былтыр біздің жастарымыз ЖИ-ге тоғызқұмалақ ойнап үйретті, – дейді Әлихан Байменов.

Шынымен жыл өткен сайын тоғызқұмалаққа қызығып, жанына серік еткендер саны артып келеді. Оған кейінгі статистикаларды мысалға алсақ болады. Мәселен, 2023 жылы Алматыда өткен 15 және 17 жасқа дейінгілер арасындағы алғашқы Әлем чемпионатына 17 елден 136 спортшы келсе, былтыр 21 елден 180  жас ойыншы қатысты. Қатысушылар қатарында Орта Азия елдерінен бөлек, Моңғолия, Пәкістан, Қытай, Үндістан, Германия, Италия, Корея, Түркия және Шығыс Еуропа елдерінен тоғызқұмалақшылар болды.

ҰСТАЗҒА ҚАЙТҚАН ТАҚТА

Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттап болып, арнайы сый-сияпатты табыстағаннан кейін ортаға Несіп Жүнісбайұлының шәкірті, Жетісу облысы бойынша тоғызқұмалақтан аға жаттықтырушы, жарыстың бірінші күнінен соңына дейін дамыл таппаған Қайрат Жайлаубаев көп арасынан суырылып шығып, сөз алды.

– Аға, есіңізде ме, бізге университет қабырғасында тоғызқұмалақты үйретіп, үнемі қадағалап отыратыныңыз. Ұстаздың еңбегін еш уақытта ұмытпаймыз. Бірақ өзіңізді көрген сайын өзімізді ұрыдай санап, қуыстанып қалатынбыз. Неге дейсіз, бе? Есіңізде болса, сіз үйреткен тақта, сол қалпы өзіңізге қайтпады. Сол кемшіліктің орынын толтырып, алғанымызды өзіңізге қайта ұсынсақ дейміз, – деп тоғызқұмалақ тақтасын алып шығып, ұстазына сыйлағанда Несіп Жүнісбайұлының көзіне жас келгенін байқадық. Сол бір жылдардың жылы естелігі көз алдынан өткендей. Бір сәтте көзіндегі жасты саусақ ұшымен суретіп, басын изеп алғысын білдірді. Қайрат Жайлаубаев сыйлаған тақтаның сыртында «Бабалар ізін жалғаған Несіп ағаға» деп жазылған. Несіп Жүнісбайұлының тәрбиесін көріп, тәлімін алғандар бүгінде еліміздің әр түкпірінде беделді қызмет істеп жүр. Осы тұрғыда ұстаздың өлшеусіз өз үлесі бар.

Турнирге келгендер мерейтой иесіне жылы тілегін айтып, арнайы өлең оқып, басты кейіпкерді бір марқайтып тастады. Ардагерлер арасында бұл турнир әлі де жалғасын тауып, талай тоғызқұмалақшының басын қосатындығына сенімдіміз. Еліміздің Шығысынан, Батысынан келгендер жарыс көркін қыздырғаны анық.

– Кішкене кезімнен ойнаймын. Студенттік шақта одан әрі дамыттым. Өзім математика пәнінен сабақ бергендіктен, тоғызқұмалақтың оң тұсын көп байқаймын. Әсіресе, есте сақтау қабілетін дамытуға, шапшаң ойлауға әсер етеді. Бұл балаларға таптырмайтын даму деп білемін, – дейді Семейден келген Ақтоты Қошқарова. Осы жолы турнирге еліміздің 3 қала, 13 облысынан 100-ге жуық тоғызқұмалақшы келді. Олардың екеуі «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» болса, 18-і «Спорт шебері» және 28-і «Спорт шеберіне үміткер» болды. Жыл санап тоғызқұмалақ ойнайтындардың саны кқбейіп, арнайы спорттық атақ алу үшін критерийлер өзгеріске ұшырап жатыр.

Қазақ халқы үшін тоғызқұмалақ – жай спорт емес. Ол – даналықтың, сабырдың және терең ойдың символы. Ұлт руханиятында ерекше орын алатын бұл ойын ата-бабаның зердесін бүгінгі ұрпақпен жалғап тұрған алтын көпір іспетті.

P.S. Ел еңсе тіктеп, Тәуелсіздік алған тұста Тоғызқұмалақ федерациясына тұңғыш төраға болған жанның турнирі де тамаша өтті. Бұл жөнінде келгендер айрықша айтып, үлкен тебіреніспен толғанды. Жиналғандардың алқалауында, шәкірттерінің ыстық ықыласында болған жанның кей сәтте көңілі толқып, жасын бір бұрышта сығымдап алғанында көрдік. Аға салған жол, ұстаз үйреткен іс қашанда шәкірттерінің бойында дамып, жарқырай бермек.  

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Жеңімпаз полицейлер құрмет төрінде

Жеңімпаз полицейлер құрмет төрінде

23.05.2026
Тағылымды кеш

Тағылымды кеш

23.05.2026
Бабалар ізін жалғаған Несіп аға

Бабалар ізін жалғаған Несіп аға

23.05.2026
Толайым инвестиция экономика тірегі

Толайым инвестиция экономика тірегі

23.05.2026
Текелі – болашақтың туристік бренді

Текелі – болашақтың туристік бренді

22.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.