Талдықорған: +23°C
$ 517.45
€ 598.59
₽ 6.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

БАЛА ҚАЗАҚША ОЙЛАП, ҚАЗАҚША ТОЛҒАНУЫ ТИІС

25.08.2024
ЖАНСАРАЙ
БАЛА ҚАЗАҚША ОЙЛАП, ҚАЗАҚША ТОЛҒАНУЫ ТИІС

Қазақ тілінің бүгіні мен болашағы бәрімізді алаңдатпай қоймайды. Жасы да, жасамысы да ана тілінің ертеңі үшін ерінбей тер төгуге, еңбек етуге міндетті. Қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразгүл Асанғазы үнемі ұлттық құндылық, тіл тағдыры, салт-дәстүрді кеңінен насихаттау мақсатында әлі де еңбек етіп келеді. Оған сұхбат барысында тағы бір мәрте көз жеткіздік. 


– Оразгүл апай, қазақ тілінің мәртебесін асқақтатуда сіңірген еңбегіңіз ерен. Сізге тек алғыс айтамыз. Бірақ бұқарадан бұрын билік қашан толығымен мемлекеттік тілге көшеді? Әлде қазақ тілінде сөйлеуді намыс көретін шенеунік қатары көп пе?
– Қазақ тілі – қазақтың жаны, кеудесінде соғып тұрған жүрегі. Баланың ана тілінде былдырлап сөйлеуі әкенің қанымен, ананың ақ сүтімен беріледі. Қазақ тілін меңгеру үшін билікке я бұқараға ауыз ашып, күтіп отыру дұрыс емес. Әрбір адам ана тілінде сөйлеуді өзінен бастағаны жөн. Биліктің толығымен мемлекеттік тілге көшуі үшін кадр таңдауда мемлекеттік қызметкердің қазақ тілін білуі міндеттелгені дұрыс. Мемлекетке қызмет ететін адамның сол мемлекеттік тілді білмеуі – менің ойымша, парадокс, тіпті, нонсенс. Егер осындай кадрлардың қатары үнемі артып отырса, мемлекеттік мекемелер толық қазақ тілінде қызмет етер еді. Мен бұл ретте сондай шақтың келеріне сенемін. Бәлкім, бұған белгілі бір уақыт қажет болар. Қазір қазақ мектептерінің саны абсолютті көпшілікке жетті. Жоғары оқу орындарындағы қазақ топтарының саны да едәуір артты. Яғни, қажетті алғышарттар бар. Меніңше, бағыт дұрыс, дегенмен қарқын өте баяу. Қарқынды үдету үшін халықтың санасы, рухы оянып, қазақ тілін барлық салада қолданысқа енгізуіміз керек. «Халық қаласа, хан түйесін сояды» деген. Қазақ тілінің құқықтық негізі бар, лингвистикалық базасы жеткілікті. Құдайға мың қайтара шүкір, демографиялық жағдай да түзелді. Тек жетпей тұрғаны – қазақстандық патриотизм. Осы тұрғыда бірігіп жұмыс жүргізсек, алдағы уақытта жаңа Қазақстанның ұрпағы толықтай ана тілінде сөйлеп, билік таза қазақ  тіліне ауысып қалар деген арман да жоқ емес. 

– Мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтату, қолданыс аясын кеңейту үшін мемлекеттік деңгейде қыруар шаруа атқарылды. Қаражат та бөлінді. Бірақ нәтиже қандай? Әлі де мемлекет тарапынан қандай жұмыс жүргізілуі тиіс?
 – Біз тәуелсіздік алғалы тіл тағдыры – ел тағдыры деп бір күн де күресті тоқтатқан емеспіз. Қазақ тілінің болашағы үшін күрес толастамауы тиіс. Мүлде нәтиже жоқ деп айтуға болмайды. Еңбек аз да болса ақталды. Бірақ арқаны кеңге жайып, рахаттанып отыратын уақыттың әлі тумағанын айтқым келеді. Тіл болашағы үшін күрес ешқашан да тоқтамауы керек. Билік «Мемлекеттік тіл туралы» қатаң заң қабылдау қажет. Заң қатал болмаса, қалғаны бос әурешілік. Қазір көп ата-ана балаларын қазақ мектебінен алып, орыс мектебіне беріп жатыр. Бұл – үлкен қасірет. Міне, ертең дәл осы орыс тілді балалар ата-аналарын Қарттар үйіне өткізетін болады. Содан кейін: «Неге қазақ тілін үйренуге ынта жоқ, неге қайтадан бәрі орыс тіліне көшіп жатыр, мемлекеттік тілді үйренуге не кедергі, қалай бұл процесті тездете аламыз?» деген мәселені ғылыми түрде зерттеп, жолын айқындайтын ғалымдар керек. Арнайы тіл мәртебесін көтеретін институттар ашылса деген ұсыныс-тілек бар. Бірақ ең бастысы – адамда ниеті оянып, ықыласы артуы қажет. Десе де, насихат жұмысын ұмытпағанымыз жөн. Оған ең бірінші зиялы қауым өкілдері атсалысса.  Елімізде мен сияқты дәріс беріп, қазақ тілінің жілігін шағып, майын ішкен мықты тұлға көп. Бұрын әрбір бейсенбі күні «Қоғамдық білім күні» болатын. Сол секілді еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін мемлекеттік тілді насихаттауға атсалысқанымыз жөн. 

– Жоғарыда «Балаларды орыс сыныбына бермеу керек, әке-шешесін Қарттар үйіне беретіндердің 99 пайызы – орыс сыныбын бітіргендер» деген пікір білдірдіңіз. Қазір көпшілік баласын жетектеп орыс мектебіне беру белең алып кетті. Бұл тұрғыда сіз не айтасыз? 
– Отбасының тілі – қазақ тілі болса, балалар қазақша ойлап, қазақша толғанады. Ал орыс тілі қарым-қатынас тіліне айналған отбасы баласын орыс сыныбына берсе, олар – келешекте қай ұлттың өкілі болатынын өздері білмейді. Қазақтың болашағы бұлыңғыр деген көзқарастағылар баласының болашағына балта шауып жатқандарын білмейді. Жалпы, қай тілде оқысаң, білімді сол тілде сіңіресің. Қалайсың ба, жоқ па, оқитын әдебиеті, тарихы, сол тілде.  Қазақтың баласы тек қазақ тілінде оқуы керек. Сонда ғана қазақи мінез, қазақи діл, қазақи әдет-ғұрып қалыптасады. Осы тұрғыдан алғанда ата-аналар адаспауы тиіс. Ата-ана баласының болашағына бірден бір жауапты адам. Сондықтан да: «Апай, өзім қазақшаға жетік емеспін. Баламды қазақ сыныбына берсек, оқыта алмаймын ба  деп қорқамын» деген сылтаудан аулақ болуы керек. Маған осындай сұрақ қойылса бірден: «Балаңмен бірге оқып, қазақ тілін үйренесің» деп жауап беремін. Бізде орысша оқыған балалардың көбі Ресейде оқып, сонда қалады. Сонда біз көрші мемлекетке кадр дайындап отырған ел боламыз ба?! Бұрын бәзбіреулер «қазақ сыныбында білім жоқ» деп шығатын. Олардың білімінің жоғары екендігіне «Алтын белгіге» ие болғандардың саны, халықаралық, республикалық пәндік олимпиадада орын алғандардың көрсеткіші дәлел. Бұл қазақ мектептерінде білім сапасы деңгейінің төмен емес екендігінің айқын көрінісі. Журналист, депутат Қазыбек Иса осыдан біраз жыл бұрын зерттеу жасап, Қарттар үйіне барып, мақала жазды. Соған сүйеніп айттым. Өзім бір бағдарламаға қатысқанымда Алматының үлкен сауда үйін басқарған апайдың Қарттар үйін паналап жүргенін көрдім. 30 жасында жалғыз баласымен қалған. Орысша оқытқан. Баласы бір министрлікте департамент басшысы, келіні де солай. Бірақ шешесін Қарттар үйіне өткізген. Бұл жерде әңгіме ата-анада емес, орыс тілінде білім алған балада. Яғни, ұлтын менсінбейтін, қастерлемейтін, жалпы қазақ екенін мақтаныш сезінбейтін ұрпақта. Алаш қайраткері, ғалым Халел Досмұхамедұлы «Өз тіліңді біліп тұрып, жат тілге еліктей беру – зор қате, ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш, ана тілін білмей тұрып бөтенше сөйлесең, бұл – күйініш» дегенін естен шығармау қажет. 

– Тәуелсіз ел болғанымызға 33 жыл. Осы уақыт аралығында неге қол жеткіздік, нені жоғалттық? Ал «Жаңа Қазақстан» болу үшін не істеу керек?
– Біз жеткен жетістік, бағындыр-  ған белес көп. Ел болып еңсеміз көтеріліп, дамушы мемлекеттер қатарына еніп келеміз.  Әрине, жақсы. Бірақ біздің ең үлкен кемшілігіміз  –  ұранымыздың дұрыс болмағаны. Мысалы, ел дамуы жолында біз ең бірінші сатыға экономиканы, содан кейін саясатты, соңында руханиятты бекітіп тастадық. Ең үлкен кемшілігіміз де осы болғаны рас. Біз қанша жерден дамушы ел болсақ та бабамыз Мәшһүр Жүсіп айтып кеткен руханият жөнделмей ешбір дүние алға баспайтынын естен шығарып алдық. Содан кейін тілімізді үшке бөліп, қатты соққы алдық. Ұрпақтың бірнеше тіл білгеніне қарсы емеспіз. Атам қазақ «Жеті жұрттың тілін біл» дейді. Бірақ мемлекеттік тілдің кең қолданысқа енуіне көңіл бөліп, қадағалап, жауапты болуымыз керек. Қазақ баласының бойына қазақ тілін сіңірмей жатып өзге тілді үйретіп, соңында содан опық жеп жатырмыз. Әр отбасының, жастардың рухын биіктеткен жөн. Рух биіктеу үшін мемлекеттік тіл керек. Тіл – ұлттың жаны. Тіл туралы айтпаған зиялы кемде-кем. А. Байтұрсынов «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп нәрсенің ең қуаттысы – тіл» десе, Мұстафа Шоқай «Ұлттық рухтың негізі – ұлттық тіл» деген. Егер жаңарамыз, өзгереміз десек, руханиятты жөндеуіміз керек. Ана құрсағына бала біткеннен бастап қазақ тіліндегі дүниелерді көруі қажет. Отбасы тілі, балабақша тілі, мектептің тілі қазақша болса, мұндай ұрпақ барлық салада дарынды болмақ. 

– Қазаққа қазақ қана жанашыр. Сіз қазақтың қандай ел болғанын армандайсыз? 
–  Ұлан-байтақ атырапты алып жатқан қазақ ұланының мұраты мен рухы Алатаудай биік, білімі мен білігі Каспий мен Балқаштай шалқар, рухани байлығы Алтайдай қазыналы, ертеңі Сарыарқадай байтақ болуы үшін діні мен тіліне берік, дәстүріне адал қазақтың текті ұрпағының саны көп болады деп нық сеніммен айта аламын.  Егер сенбесек, кім болғанымыз? 
Бұдан да қиын заманда қазақ ұрпақ тәрбиелеп, осы жер үшін сан күреске шыққан, бүгін егемен ел болғанда қол қусырып отырудың жайы да, жөні де жоқ. Сондықтан барша қандасқа: «Болашаққа ұмтыл! Ана тіліңді құрметте. Биікке самға» дегім келеді. Расымен де қазақтың жанашыры тек қазақ. Бір тудың астында бір мақсат үшін еңбек етейікші. Ең бастысы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. 

– Сұхбатыңызға рахмет!

Әңгімелескен  Еңлік КЕНЕБАЙ

Қатысты жаңалықтар

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ «J LEAGUE» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖЕҢІМПАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ «J LEAGUE» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖЕҢІМПАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

17.06.2025
Қытай тарапынан шынайы қызығушылық байқалады

Қытай тарапынан шынайы қызығушылық байқалады

17.06.2025
Туризм – достық көпірі: Қазақстан мен Қытай байланысының жаңа белесі

Туризм – достық көпірі: Қазақстан мен Қытай байланысының жаңа белесі

17.06.2025
Қытаймен экономикалық әріптестік Қазақстан үшін үлкен мүмкіндік

Қытаймен экономикалық әріптестік Қазақстан үшін үлкен мүмкіндік

17.06.2025
Биыл Балқаш көлі жағалауында жарық пен су беріле бастайды

Биыл Балқаш көлі жағалауында жарық пен су беріле бастайды

17.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.