Талдықорған: +23°C
$ 533.61
€ 621.07
₽ 6.78
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

БАЛА ЖАНЫНЫҢ БАҒБАНЫ

05.10.2024
ЖАНСАРАЙ
БАЛА ЖАНЫНЫҢ БАҒБАНЫ

Сөз дегеннің құдіреті ерекше ғой. Барды жоқ, жоқты бар ететін де осы сөз. Сол сөз адамнан періште де жасайды, сол адамды дүниенің қоры да етеді. Құдіретті сөздің қадір-қасиетін айшықтауға бір жағдай себеп. 


Мектеп жасына жетпеген баласы бар кісілердің басынан күн де өтетін жайт бар. Балабақшаға кішкентайын «дүнияның зарын» салдырып әкеп тастап, кешке сол баласын үйге көңілді алып қайту қалыпты жағдай. Ал балаңыз таң қылаң бере оянып, «балабақшаға барамын» деген байбаламға салып, кешке үйге қайтпайтынын айтып, жер тепкілеген көрініс ше? Бұл  қалыптан тыс жайт. Журналисті аяғы мен қаламы асырайды деген ұстаныммен күнді өткізіп, кешке өлең төсекке дүнияның шаруасын еңсергендей сұлай салу көптен әдетке айналғандай. Ақпарат тасқыны тасыған сәтте тырп етпей отыру осы саладан нәпақа тауып жүрген жандардың жанына жат. Кезекті жұмыс уақытында жарым хабарласып, кештеу шығатынын мәлім етті. Бізге артылған жүктеме – балабақшадан баланы алу. Артынып-тартынып тұра ұмтылдық. Мұндай «тапсырманы» орындап көрмеген соң қобалжу да бар. Ескелді ауданы, Шымыр ауылындағы Мәншүк Мәметова атындағы орта мектептің жанындағы шағын орталықтан бала алуға соңғы рет қашан барғаным есімде жоқ. Межелі жерге жеткенде аңғардық. Біршама адам үй еркесін күтіп есік алдында жүр екен. Кейбірі «қазір басталады» деп қояды. Ненің және қалай басталатынын түсінбей мен аң-таң. Тұп-тура сағат тілі бесті соққанда басталды ғой. Бүлдіршіндердің жылаған үні естілді. Бақсақ, мұндағылар: «қайтпаймын, Бақытжан апаймен, Жанар апаймен қаламын» деп қиғылық салады екен. Біздің кішкентай да солай шықты балабақшадан. Апам да аң-таң, мен де аң-таң. Күнделікті шешесімен шығатын болған соң, сол кісіге қоңырау соғып, мән-жайды сұраймын ғой. Сөйтсек, бұл үйреншікті жағдай екен. 

Балалардың «үйге қайтпаймын» синдромын қалыптастырған да, күнделікті осындай оқиғаның басты кейіпкері де Бақытжан Ерікбаева мен Жанар Тұрымова екен. Дүниеден хабарсыз балаларды тәрбиелеу ісіне 22 жылдан астам уақытын сарп еткен бала жанының бағбаны ауылдағы шағын орталықта 14 жылға таяу уақыттан бері еңбек етіп келеді. Әріптесі Жанар Тұрымовамен үзеңгі тартып, осы шағын орталықтың отымен кіріп, күлімен шығуда. Дұрыс түсініңіз, «отпен кіріп, күлмен шығу» от жағып жүр дегенді білдірмейді. Бала тәрбиесінің бар жүгін бірге көтеріп жүр дейікші. 

Бүгінде шағын орталықта 25 бүлдіршін тәрбиеленуде. Сол 25-тің тілін табу – осы екі кісінің басты міндеті. Міндет орындалып та жүр. Әйтпесе, «балабақшадан қайтпаймын» деп жыламас еді, шыны керек бала дегенге үйінен асқан «жұмақ» жоқ қой. «Менің атым  Қожа» фильмін тамашалаған кісі білер, картинадағы басты кейіпкер Рахманов мұғалім: «Ұстаз деген шәкірттің шырағын жаға білу керек» – демей ме?! Тұтас дәуірдің санасында «Рахманов: феноменін» қалыптастырған осы бірауыз сөз ұстазға да, тәрбиешіге де бағдаршам болуы тиіс. Ал, біздің бүгін суреттеп отырған қос тәрбиешіміз сол шамшырақты тұтатушылардың қатарынан.

 – Кез келген бүлдіршін балабақша есігін алғаш ашқанда ата-анасынан ажырамауға тырысады. Жылайды. Кей балалар бірнеше күннен кейін бой үйретсе, кей бүлдіршін айлар бойы ата-анасымен үйіне қайтуға асығады. Ал, бізде жағдай бөлек. Әріптесім, Жанар Сұлтанқызы баланың тілін де, ебін де тез табатын майталман жан. Оның үстіне үнемі ізденіс үстінде болуы балалардың уақыты қызықсыз өтпеуін қамтамасыз етеді. Әр күні шытырманға һәм қызыққа толы болуы шағын орталық балалардың санасында екінші үйіндей әсер қалдырады. Қайткенмен, әрбір тәрбиеші бала жанының бағбаны болуы тиіс, – дейді шағын орталық меңгерушісі Бақытжан Ерікбаева.

Әуелден сөз құдіреті һәм қасиеті туралы әңгіме еттік. Разылықтан туған осынау дүниедегі оқиғалар шынайы және сөз арқылы қос тәрбиешіден «періште» жасау ойда жоқ. Бастысы жұмысына адал, білім мен тәлім ісінде аянып қалмауға тырысатын қос тәрбиешінің кішкене болса да болмысын суреттедік. Өйткені олар, шынында да бала жанының бағбаны. 

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Мінезі бар мызғымас ерге біткен

Мінезі бар мызғымас ерге біткен

18.07.2025
Жетісудың жайсаңы

Жетісудың жайсаңы

18.07.2025
Металлургия – ел дамуының берік іргетасы

Металлургия – ел дамуының берік іргетасы

18.07.2025
Монополияға қарсы заңнаманың бұзушылықтары жойылды

Монополияға қарсы заңнаманың бұзушылықтары жойылды

18.07.2025
Денсаулық сақтау министрлігі жартыжылдықты қорытындылады: жалпы өлім 4,2%-ға төмендеді

Денсаулық сақтау министрлігі жартыжылдықты қорытындылады: жалпы өлім 4,2%-ға төмендеді

18.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.