Талдықорған: +3°C
$ 524.32
€ 609.05
₽ 6.52
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Балапан ұяда не көрсе…

12.11.2024
ЖАНСАРАЙ
Балапан ұяда не көрсе...
WhatsAppTelegramFacebook

Үшбұлақ ауылындағы Тоқпановтар әулетінің ұрпақ тәрбиесіндегі үлгілі тұстары ауыл тұрғындары арасында жиі айтылады. Бүгінде қара шаңыраққа ие болып отырған Зылиха Жүсіпбекқызы 87 жасқа келіпті. Белі еңкіш тартып, жүзін әжім торлағанымен денсаулығы жақсы, әлі күнге сиыр сауып, май шайқамаса, кілегей тартып, сөресіне құрт, ірімшік кептірмесе көңілі көншімейді. Өйткені Айып Тоқпанов пен Зылиха Жүсіпбекызы 11 баланы өмірге әкелген. Бүгінде Еркін, Ардақ, Дидар, Дәурен, Мәулен, Рауан, Раушан еліміздің әр өңірінде қызмет етіп жүр. Олардан 30 немере, 8 шөбересі бар.

Білген адамға бұл да қазақы тәрбиенің қаймағы бұзылмайтын үлгісі. Ауылдан алысқа кеткен азамат ең алдымен даланың жусан иісін сағынса, қара шаңырақтың алдындағы сөредегі құрттың дәмін есіне алып тамсанады. Ауылға деген махаббаттың сөредегі құрт пен ірімшікке құштарлықтан басталатынын апамыз осы қарапайым әдетімен сақтап келеді. Бұл әрбір ананың үйінің төріне жазып, іліп қоятын тәрбиенің таптырмас тәсілі деуге болады.

Апамыздың айтуынша, Айып атамыз балаларын қатаң тәрбиемен өсіріпті. «Балапан ұяда нені көрсе ұшқанда соны іледі» деген қазақы тәрбиенің тәсілі болса керек. Шын мәнінде өзі де шыншыл, көңілі жұмсақ адам болыпты. Бірақ әкенің қатал тәрбиесін көріп өскен балалар еңбектің қадірін білетін, асын адалынан тауып жеуге әдеттенген ұрпақ болып ержетті. 

– Немере, шөберелерім атасының үйіне келгенде ең алдымен сөреден құрт алып жеуге жүгіретіні әдет болып қалған. Солардың көңілін қалдырмайын деп белім бүгіліп, аяғым ауырып жүрсе де сиырымды сауып, сөрені құр қалдырмай құрт, ірімшік жайып қоямын, – дейді кейуана.

Апамыздың үйіне бізді ертіп барған Үшбұлақ ауылының бас маманы Дулат Әбілбеков үлкендерден естіген бір тағылымды естелігімен бөлісті.

– Айып атамыз өтірік айтып, жұртты алдауға бейім тұратын өрескел қылықтарды өмір бойы жек көріп өтіпті. Сондықтан балаларын шыншыл, екі сөйлеп, елді бүлдіретін әрекеттен сақтандыру үшін оларға жастайынан сөзбен емес, әдіспен тәрбиелейді екен. Кешке балаларын ат суаруға жұмсап, қолына су таситын торсығын қоса беріп, бастаудың басынан су ала келуді тапсырады екен. Әрине, жылқыда тіл жоқ қой. Суардым деп жарты жолдан қайтып келуге болады. Бірақ бастаудың басынан су алу үшін сол жерге бармаса болмайды. Балаларын осылай шыншылдыққа тәрбиелепті, – дейді ол.

Бұл Айып Тоқпановтың бала тәрбиесіндегі өнегелі ісінің біреуі ғана. Оларды мейірімді, қайырымды, тәрбиелі етіп өсірудің басқа жолдары көп екен. 

Атамыз осыдан біраз жыл бұрын мәңгілік мекеніне аттанып, Зылиха апамыз қарашаңырақта қалады. Ал балаларының бірі Алматыда, енді бірі Талдықорғанда қоныстанып, өздеріне тиесілі мамандығы бар. Басында балалары апамызды қалаға көшіріп, өздерімен бірге тұрғызғысы келеді. Бірақ «қара шаңырақтың отын сөндірмеймін» деген кейуана қара шаңырақта жалғыз тұра беруге шешім қабылдайды. Анасының шешіміне қарсы келмеген балалары содан бері кезектесіп 15 күннен анасының жанында болып, үй тірлігіне көмектесіп, шешелерін жалғыз қалдырып көрмепті. 

Расында, бүгінде ата-анасын Қарттар үйіне өткізіп, зейнетақысы түскенде айына бір амандаса баратын жандар көп. Соларға қарағанда алыс ауылда қалған аналарын жалғызсыратпай, қаладағы қат-қабат тірлігін қайырып қойып, кезектесіп қарайласып, көңілін көтеріп, өмірін ұзартып тұру басқаларға өнеге болатын іс. 

Қажет АНДАС
Үшбұлақ ауылы,
Алакөл ауданы
Суреттерді түсірген Жұмабай МҰСАБЕКОВ

Қатысты жаңалықтар

Елімізде 5000-ға жуық колледж қызметкері біліктілігін арттырды

Елімізде 5000-ға жуық колледж қызметкері біліктілігін арттырды

13.11.2025
Ермұрат Бәпи: «Әскердегі аналардың наразылығын белгілі күштер ұйымдастырған болуы мүмкін»

Ермұрат Бәпи: «Әскердегі аналардың наразылығын белгілі күштер ұйымдастырған болуы мүмкін»

13.11.2025
Экономикалық саясаттың жаңа дәуірі: реформалар мен тұрақты даму жолы

Экономикалық саясаттың жаңа дәуірі: реформалар мен тұрақты даму жолы

13.11.2025
Қазақстанның уран қоры қаншаға жетеді?

Қазақстанның уран қоры қаншаға жетеді?

13.11.2025
Талдықорғанда жасөспірімдерге бұрынғы есірткі таратушы өз оқиғасын айтып берді

Талдықорғанда жасөспірімдерге бұрынғы есірткі таратушы өз оқиғасын айтып берді

13.11.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.