Талдықорған: +30°C
$ 518.34
€ 607.91
₽ 6.66
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Бақыттың кілті өз қолыңда

15.06.2025
ЖАНСАРАЙ
Бақыттың кілті өз қолыңда

Күннің шуағы жерді қалай жылытса, жақсы жар да өмірді солай нұрландырады. Айдарымыздың кезекті қонағы – жазушы, журналист әрі баспагер болған Ырым Кененбайдың жары, көргені мен түйгені мол жан – Науат ШАХАРБЕКҚЫЗЫ. Екеуара әңгіме өмір, отбасылық құндылықтар төңірегінде өрбіді.

– Әкем – Шахарбек қиындық пен жетімдіктің дәмін ерте татқан жан еді, – деп бастады ол әңгімесін. – Төрт-ақ жылдық білім алса да еңбекпен ержетіп, ауылнай болды. Кейін анам Дәметкенмен танысып, алып қашып үйленіпті. Анам өте көрікті, шашы тобығына дейін түсетін сұлудың бірі еді. Мен – тұңғыштарымын. Артымнан тоғыз бауырым ерді. Ата-анамыз сөзге емес, іске берік адамдар еді.

Қызығы, менің екі есімім, екі туған күнім бар, – дейді Науат апай күліп. – Анам мені ауыр босанып, жолдасы түспей қансырап, ауруханаға әрең жетіпті. Сол ауруханадағы құжатта туған күнім 1946 жылдың 18 маусымы деп жазылған екен. Мұны мұрагерлікке құжаттарды жинау кезінде білдік. Негізі әкем: «Сенің туған күнің 27 тамыз емес, одан ертерек болатын» деп айтып отыратын. Бірақ мен бұған аса көңіл аудармай, құжат бойынша туған күнімді тамыз айында атап келдім. Ал енді екі есім дегенге келсем: туу туралы куәлікте Нұрғайша деп жазылғанымен, әжем қойған есім Науат. Әкеміз құжат алуға барғанда Нұрғайша деген есім ұнаса керек, солай деп жазғызыпты, – деп ағынан жарылған тәтеміз әңгіме ауанын балалық кезеңге бұрды.

– Бастауышты Екпінді ауылында оқыдым. Мектепке екі жота асып баратын едік. Менімен бірге екі ит еріп жүретін. Анам сөмкеме салып беретін май жағылған нанды соларға бөліп беріп, мектепке жететінмін. Арықтағы сулардан аттап-пұттап өтіп барғанша сабақ басталып кететін-ді. Үнемі осылай кешігіп баратынмын. Алайда, жақсы оқығаннан кейін бе, мұғалім ұрыспайтын. Сөйтіп жүріп бастауыш сыныпты тамамдадым. Жоғары сыныптан бастап Жетісу ауылындағы мектепке барып оқыдым. Жетіншіні бітіретін жылы суық тиіп, сырқаттанып қалдым. Бұл көктем кезі еді. Түнге қарай басымды жуып, кептірмей, екі өрім етіп өріп, ұйықтап қалғанмын ғой. Таңертең тұрып ылғал шашпен мектепке бардым. Салдарынан бронхит болып, ауруханаға түстім. Бірақ сегізінші сыныпқа өтті деп емтихансыз жіберді, – дейді ол.

Жетісу ауылындағы мектептен онжылдықты аяқтаған 14 оқушының бәрі жоғары оқу орнына түсіпті. Кейіпкеріміз әкесінің айтуымен құжаттарын Қазақ қыздар педагогикалық институтына тапсырады. Бұл туралы ойын былайша өрбітті.

– Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне түсуді ойлап жүрген едім. Алайда әкем: «Денсаулығың болса жоқ, ал Қыздар педагогикалық институтында үш мезгіл тегін тамақ береді, жатақханасы да бар» деп маған сол оқу орнына түссең дұрыс болады деді. Сөйтіп, әкемнің кеңесімен аталмыш институттың физика-математика факультетіне құжат тапсырып, түсіп кеттім. Институтты қызыл дипломмен аяқтап, мұғалім болып еңбекке араластым. Ауылдағы мектепте орын болмай, қазіргі Сырымбет (Тельман) елді мекеніндегі білім ошағында орыс сыныбына сабақ бердім. Бір жылдан соң аспирантураға түсуді ұйғарып, Алматыға оралдым. Содан ҚазМУ-де жұмыс істейтін ғалым ағамыз Орымбек Жәутіковтың алдына бардым. Ол кісі маған: «Қызым, сен әлі жас екенсің. Бір-екі жылдай жұмыс істеп, қайта кел» деп кеңес берді. Содан сол жылдың күзінде (1968 жылы) тұрмысқа шықтым. Осылайша отбасылық өмірім басталды – деген Науат Зайтбек Ырым ағамен қалай танысқаны туралы да айтты.

– Ағаларыңмен екінші курсты тамамдаған жылы таныстым. Біз тұрған Екпінді ауылында оның Ерғали деген нағашы ағасы тұрды. Әкем оған жетім бала деп көмегін беретін. Бірде сол ағамыз біздің үйге келіп: «Мен үйленгелі жатырмын. Көрші Абай ауылынан қызымды алып келуге барамын. Жаныма Науатты қосып жібересіз бе?» деп әкемнен рұқсат сұрады. Әкемнің шипажайдан келген беті болатын. Көңіл-күйі көтеріңкі болғандықтан ба, еш қарсылық білдірместен: «Өзі барамын десе, барсын» деді. Ата-анам айтқаннан кейін Ерғалиға ілестім. Үйдің маңында өсіп тұрған гүлдерден үзіп алып, одан гүл шоғын жасап алдым. Сөйтіп, үйдің артында тұрған көлікке барып міндік, мен алдыңғы орынға, Ерғали ағамыз артта отырған жігіттің қасына жайғасты. Содан мен оған: «Алатын қызыңызбен келісім бар ғой» деп едім. Ол «әрине» деп езу тартты. Ауылға жеткенде «Мынау – Ырым деген жігіт болады» деп таныстырды. Мен оған дейін оның атын әкемнің аузынан естігенмін. «Үмітбаланың ұлы – Ырым екі бестік алып, ҚазМУ-дің журналистика факультетіне түсіпті» деп айтқан-тын. Сол кезде оның есімін емес, журналистика деген сөзді естіп елең ете қалғаным бар. Үмітбала апа бізге туыс болып келеді. Сөйтіп онымен алғаш таныстығымыз «қыз алып қашу» операциясынан басталып, кейін Алматыға оқуға келгенде мені жатақханаға іздеп келді. Таныстығымыз достыққа, ары қарай махаббатқа ұласты ғой, – деген кейіпкеріміз Ырым ағаның түр-әлпетіне, тұлғасына қарап ғашық болғанын да жасырмады.

Отбасын құрған алғашқы жылдары олар пәтер жалдап тұрады. Одан кейін Науат апайдың әкесі жастардың баспаналы болуына қол ұшын созып, Алматыдан 3 бөлмелі жер үй сатып әпереді. Бес жылдан кейін Ырым ағаға «Дәуір» баспа үйі берген 3 бөлмелі пәтерге қоныс аударған. «Баспаналы болған соң ақырындап қатарға қосыла бастадық қой» – деп жалғады сөзін ол.

Науат Шахарбекқызы 1973 жылы Энергетика ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеп, еліміздегі алғашқы автоматтандырылған басқару жүйесімен айналысқан мамандардың бірі болды.

– IT деген ұғым жоқ кезде біз бүкіл-әлемдік энергетикалық есептеу жүйесіне қатысты бағдарламалармен жұмыс істедік. Сол жүйеге бағдарлама жазуды өз бетіммен үйрендім. Өзімді еліміздегі алғашқы бағдарламашылардың бірі деп есептеймін, –дейді ол мақтанышпен.

– Кейіннен мекемеде бірқатар ауыс-түйіс басталды. Сол кезде зертхананың басшысы болып тағайындалған Гребников ұжым болып әзірлеген, қаншама тер мен еңбек сіңірілген бағдарламаны иемденіп, Мәскеуге кетіп қалды. Ал сол бағдарлама негізінде жұмыс істеп тұрған біздің зертхана Энергетикалық институттың негізгі қаржылық тірегі болатын. Бұдан соң зертхана да жабылды. Осыдан соң мен Автоматтандырылған басқару жүйесіне қарасты «Сонар» деп аталатын мекемеге ауыстым. Бұл жерде де біраз жыл жемісті еңбек еттім. Бірақ зейнеткерлікке екі-үш жылдай уақыт қалғанда өз еркіммен жұмыстан кеттім. Өйткені сол тұста балаларым жоғары оқу орындарын тамамдап, өз істерін бастап кеткен еді. Әрқайсысы өз жолын тауып, өз орнын қалыптастыра бастады. Осыны көрген Ырым: «Енді үйдің шаруасымен айналыс. Шаршадың, демалатын уақыт келді» деді. Сөйтіп, мен де кәсіби еңбек жолымды аяқтап, өмірдің екінші тынысына – шаңырақты ұйытып, бала-шағаның амандығын тілеуге ден қойдым .
«Аспирантураға түсем дегенімде Ырым: «Сенің аспирантураң – мына үш балаң» деді. Расында, үш бұтағым – Шынар, Заңғар, Рауан – менің өмірімнің жемісі ғой. Шынарымыз мектепті алтын белгіге бітіріп, технологиялық университетке түсті. Қазір сол жерде оқытушы болып еңбек етеді. Ұлдың үлкені – Заңғар ҚазМҰУ-дің қолданбалы математика мамандығын бітірді. Біраз жыл банкте еңбек етіп, кейін әкесінің қасына барып, қаржы жағынан көмекші болып орнықты. Ал кіші ұл – Рауан философия мамандығын бітірсе де банкте жұмыс істеді. Үйленген соң Астанаға қоныс аударды. Балалардан немере, немереден шөбере сүйдік, – деп тебіренді Науат апай.

Әңгіме арасында: Келіндеріңізбен қарым-қатынасыңыз қандай? Қатал ене болдыңыз ба? – деп сұрағанымда сәл ойланып барып : – Жоқ, келіндеріме қатал болдым деп айта алмаймын. Бірақ, неге екенін, арада ене мен келінге тән етене бір жақындық та қалыптаспады. Әйтеуір, ара-қатынасымыз сыпайы, салмақты күйде ғана жүріп отырды. Мүмкін, бұл олардың қалада өскендігінен болар. Кім білсін?! – деді сабырлы үнмен.

Әңгімені ары қарай сабақтап: – Ал өзіңіз ше, қандай келін болдыңыз? – деп сұрақтың ауанын өзіне бұрғанда: «Мұны менен бұрын, менің қандай болғанымды жақсы білетін абысындарымнан сұрағандарыңыз жөн болар еді», – деп сыпайы ғана тіл қатты.

Ал Ырым ағаның туған қарындасы бір сөзінде: «Науат тәтем келіндік жолдың кемел үлгісін көрсете білген, үлкенге ізет, кішіге ілтипат танытқан қадірлі жан ғой», – депті.

Әңгіме желісінде ол әйел бақыты туралы да тереңнен, өзін толғандырған ойларымен бөлісті.

– Адам өз бақытын өзі жасайды. Қандай қиындық келсе де сабырмен, төзіммен қарсы алған жан ғана отбасының берекесін сақтап қала алады. Егер ер адамның әр әрекетін балаға айтып, «әкең сөйтті, бүйтті» деп кінә арта берсең, ер-азаматтың қадірін кетіресің, балаңның да жан дүниесін жаралайсың. Кейде көріп тұрсаң да көрмегендей, біліп тұрсаң да білмегендей бола білу – даналық. Мен біреуге қол жайғанша, шамам жетсе жақсылық жасауды жақсы көрем. Мүмкін бұл мінезім әкеме тартқан шығар. Жұмыстан қалмай, балалардың тәрбиесіне де үлес қосып, үйге келген қонақты да бәйек болып күтіп алатынмын. Әйел бақыты деген – сол, шаңырағының шаттығын шайқалтпай, түтінін түтетіп отыруында шығар, – деп жүрек сырын ақтарды Науат Шахарбекқызы.

Елу үш жыл бойы отбасының шамшырағы болған кейіпкерімізден Ырым ағаның көпшілік біле бермейтін қырларын сұрадық.

– Ол – өзімшілдеу болды. Бірақ, бұл сөзіммен оны жаман адам дейін деп тұрғам жоқ. Айтпағым, балаларынан гөрі бауырларына көбірек көңіл бөлді. Солар үшін қолындағы барын бөліп беруге тырысатын. Әйелі болсам да тапқан табысына үңіліп, ақшасын санап көрген емеспін. Туысқаныңа беріп жатырсың деп те айтқаным жоқ. Артынан ерген бауырларының барлығының аяққа тұруына себепші болды. Оның жарқырап көрінетін бір жақсы қасиеті болса, сол – бауырға деген жанашырлығы, – дей келе әкесінің бала тәрбиесіне ерекше мән бергенін де тебірене еске алды.

«Абайдың «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар, қалан» деген өсиетіндей, әкем он баласының әрқайсысына өз жолын табуға бағыт берді. Сол табандылығының арқасында бәріміз де жоғары білім алып, әр салада өз орнымызды таптық. Үш қыздан кейінгі туған ұлды зоотехник мамандығына, келесі ұлды фармацевт болсын деп, үшіншісін агроном, төртіншісін экономист, ал кенжесін архитекторлыққа оқытты. Әкемнің ойынша, бұл – ауылға, ұжымшарға қажетті кәсіптер еді. Ал бүгінде қара шаңырақтың отын маздатып, ата жолын жалғап отырған – кенже ініміз, – деп тебірене сөйлеген ол анасы Дәметкен апаның өз дәуіріндегі еңбекқор, іскер әйелдің бірі болғанын айтты.

– Анам тігін тіккенде жаны кіріп кететін. Мен оған қарап жүріп-ақ үйреніп алдым. Мектеп бітіретін кезде құрбым екеуміз бірдей көйлек кисек деп шешіп, арнайы мата сатып алып, өзіміз тігіп шықтық. Кейіннен де өз киімдерімді өзім пішіп, өз қолыммен тігетін болдым, – деген Науат апайдың бұл естеліктерінен уақыттың оны қажытпағаны, керісінше, адамдық қасиетін кемелдендіріп, биіктете түскені аңғарылады.

Сөз арасында апайдан «әдемі қартаюдың сыры неде» екенін де сұрадық. Айтуынша, әдемі қартаю – өмірді мәнімен өткізіп, артта ұлағатты із қалдыру.

– Адам өмірі сан қилы өрнектен тұратын күрделі кесте тәрізді. Біреудің жолы өрге тартып, енді біреуі бұралаң, ойлы-қырлы соқпақпен жүреді. Бірақ мұның бәрі жай кездейсоқтық емес. Көрінбесе де барын іштей сездіретін бір Жоғары күш бардай. Адамның тағдырын да, өмір жолын да сол бір Ұлы күш бағдарлап, реттеп тұрғанын жүрегіңмен аңғарасың.
Менің өмірлік ұстанымым – «Ешкімге жамандық тілеме. Өмірді сабырмен сүріп, жан тыныштығыңды сақта. Жақсылық жасаудан ешқашан жалықпа». Себебі, адамның ішкі ниеті қандай болса, өмір соған сай жауап қайтарады. Айтқан сөзі де, істеген ісі де айналып келіп өз иесін табады.
Анам бір сөзінде: «Бұл өзі ерекше бала ғой» деп айтып еді. Сол айтқанындай, менің өмір жолым да өзгеше болғандай. Әрине, оңай болған жоқ. Бірақ әр бұралаң – маған сабақ, әр сынақ – мені шыңдаған ұстаз іспетті. Кейде жүректің тереңіне сағыныш көтеріліп, жанды тырнап өтеді.
Ырымды сағынамын ба? Сағынғанмен ол енді оралмайды ғой… Жан тыныштығы – адам бақытының бастауы. Сол тыныштықты сақтай алсақ, өмір де өз ретімен жүре береді. Қалғаны – Жаратқанның қолында. Бізге берілген міндет – сол өмірді таза ниетпен, ізгі жүрекпен кешіп өту ғана, – деп түйді сөзін жақсының жары.

Сарби ӘЙТЕНОВА
Талдықорған–Алматы–Талдықорған

Қатысты жаңалықтар

Ветеринария мамандары спорт алаңында бақ сынады

Ветеринария мамандары спорт алаңында бақ сынады

10.07.2025
Смартфонға өміріңіздің неше жылын арнайсыз: шындықты көрсететін тест

Смартфонға өміріңіздің неше жылын арнайсыз: шындықты көрсететін тест

10.07.2025
Қазақстанда доллар бағамы төмендеді

Қазақстанда доллар бағамы төмендеді

10.07.2025
Жетісуда мал дәрігерлеріне жаңа автокөліктер мен марапаттар табыс етілді

Жетісуда мал дәрігерлеріне жаңа автокөліктер мен марапаттар табыс етілді

10.07.2025
Қарбызды дәнімен бірге жеуге бола ма? Дәрігер кеңесі

Қарбызды дәнімен бірге жеуге бола ма? Дәрігер кеңесі

10.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.