Қайырымдылық – жүрек жұмсартар игі лікті іс. Қашанда айналасына ізгілік нұрын сеуіп, жоқ-жітікке көмектесіп, білім қуған, ел мүддесі жолында ғұмырын сарп етуге талпынған жанға жомарттық танытып, оларға қолдау білдіруді қазақ дәстүрлі ұстанымы еткен. «Білімдінің алды жарық» деп тәмсілдеп отыратын кешегілердің сол ісін алға тартсақ, тарихтың талай парағынан мысал келтіруге болар еді.
Бүгінде мектепке баратын жас өскін дерді қатардан қалдырмай, оларға көмек қолын созу ісі де дәстүрге айналып үл герді. «Мектепке жол» дәстүрлі акциясы аясында еліміздің әлеуметтік осал топ санатындағы, жетім, жартылай жетім отбасынан шыққан оқушыларға жәрдем беру, оларды мектепке қажетті заттармен қамтамасыз ету шарасы нақтылы жолға қойылған.
Аталмыш акция аясында облысымыз бойынша әлеуметтік осал топтағы бала лар тізімі 16500-ді құраса, бүгінде оларға қайырымды жандар жан-жақтылы көмек көрсетуде. Соның бірі ретінде облыстағы мешіт имамдары мен жамағаттың, «Зекет» қайырымдылық қорының жасаған игілікті ісін атап өтуге негіз бар.
Жетісу облысының бас имамы Керім бек Дәуітовтың айтуынша, «Білімді ұрпақ – болашақ кепілі» атты қайырымдылық іс-шарасы негізінде 2500-ге жуық балаға оқушы құрал-жабдығы мен сөмкелер та ратылған. Ал, мұның жалғасы ретінде күні кеше Талдықорған қаласы «Иман» меші тінде қала мешіттерінің ұйытқы болуымен 200 оқушыға керекті құрал-жабдықтар, сөмкелер үлестірілді. Бұған қосымша облыс бойынша аз қамтылған отбасынан шыққан 200 оқушы мектеп формасымен қамтылды.