Талдықорған: +11°C
$ 510.59
€ 578.91
₽ 6.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ

25.08.2024
ЖАНСАРАЙ
БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ

Жетісу облысында  14 пен 35 жасқа дейінгі жастар саны статистикалық деректерге сәйкес 186 895 адамды құрайды. Оның 82 837-і қалалық жерде, 104 058-і ауылда тіркелген. Бұл жайлы Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен брифингте облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Ілияс Түстікбаев баяндады.


Соңғы жарты жылда NEET санатындағы жастармен жұмысты күшейту және санын азайту, мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар аясында бағыт-бағдар беру мақсатында 1360 жастың қатысуымен 39 кездесу өтті. Сонымен қатар, аудан, қала, ауыл жастарына «Ауыл аманаты» мен жастарға арналған 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие беру жобалары туралы 78 ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталған шараға жалпы 1 200 жас қатысты.

Биыл шілденің 1-нен Жетісу облысының жұмыспен қамту органдарына 35 жасқа дейінгі жастар арасынан 6 651 адам жүгінді, оларға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің 3 673 белсенді шаралары көрсетілген. 3 079 адам жұмысқа тұрса, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 1 445 адам орналастырылды.

Брифингте, сондай-ақ, өңірдегі жастар арасындағы нашақорлық, суицид,  лудомания, ерте жүктілік сынды мәселелер қозғалды. Мәселен, жарты жыл ішінде ерте жүктіліктің 58 жағдайы тіркелген. 2024 жылдың І тоқсанында 8 суицид, 5 суицид әрекеті тіркелді. Суицидтің алдын алу мақсатында облыс бойынша 789 жастың қатысуымен «дөңгелек үстел», кездесулер, психологиялық сергітулер  өткізілді. Облыс бойынша жалпы саны 230 есірткі тұтынушысы, оның ішінде 18-29 жас аралығындағы 37 (Ақсу ауданы – 1, Алакөл ауданы – 1, Ескелді ауданы – 1, Қаратал ауданы – 3, Панфилов ауданы – 5, Текелі қаласы – 2, Талдықорған қаласы – 24) адам, одан бөлек, синтетикалық 15, каннобиоидты қолданушылар 20, психоактивті заттарды бірнеше рет қолданудың 2 дерегі тіркелген. Жыл басынан жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған 190 шара ұйымдастырылды. Оның ішінде  35 акция, 12 түсіндірме жұмыстары, 6 дөңгелек үстел, 29 дәріс,  39 семинар-конференция, 1 флешмоб, 18 спорттық шаралар өткізіліп, 54 бейнежазба түсіріліп, 32 шара әлеуметтік желілерге жарияланды. 

Айғаным АЙТМҰХАН
 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандық үш боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық үш боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

21.05.2025
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

21.05.2025
Тариф көтереміз деп сотталып кетті: Жетісуда пара беру дерегі бойынша сот үкімі шықты

Тариф көтереміз деп сотталып кетті: Жетісуда пара беру дерегі бойынша сот үкімі шықты

21.05.2025
Жетісу облысына – 3 жыл: мәдениет саласының инфрақұрылымын жаңарту 40% жетті

Жетісу облысына – 3 жыл: мәдениет саласының инфрақұрылымын жаңарту 40% жетті

21.05.2025
«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алуда

«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алуда

21.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.