Талдықорған: +26°C
$ 510.06
€ 566.32
₽ 6.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ХАЛҚЫНА АДАЛ ҚАЙРАТКЕР

25.08.2024
ЖАНСАРАЙ
ХАЛҚЫНА АДАЛ ҚАЙРАТКЕР

1993 жылғы 22 тамызда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, 1960-1962 жылдары және 1964-1986 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарған Дінмұхамед  Қонаев Алакөл ауданындағы Ақши ауылында  жүрек талмасынан қайтыс болды. Данышпандар әлеміндегі дара және дана тұлғаның қазасы кең-байтақ Қазақстанды ғана емес, бұрынғы одақты, салауатты әлемді күрсіндірді.


Қазақстанды Дінмұхамед Ахметұлы басқарған 1955 жылдан 1986 жылға дейінгі аралықта өнеркәсіп өндірісінің көлемі 8,9 есеге, ауылшаруашылығы 6,2 есеге, құрылыс 8 есеге дейін артты. 1959 жылы елімізде 2 миллион 787 мың қазақ өмір сүрсе, 1987 жылы 7 миллионға жетті. 1976 мен 1987 жылдары  жүздеген елді мекен, 68 жұмысшы кенті, 43 қала бой көтерді. 1986 жылы қазақ даласында қой саны 36 миллионға, ірі қара 9 миллионға жеткен.

Көпұлтты  Қазақстанда ғылым, өнер, мәдениет салалары қарқынды дамыды. Бір кезде 15 ұлттық респуб- лика арасында 13-орында тұрған еліміз Ресей мен Украинадан кейінгі 3-орыннан көрінді. Мұндай қарышты қадам экономиканы дұрыс басқара білгендіктің айғағы.

Дінмұхамед Ахметұлының әкесі Меңліахмет пен анасы Зәуре Байыр- қызы сүйген он бір баланың ішінде Гүлжанат пен Едіге жас кезінде шетінеп, Әмина, Маймуна, Димаш, Асқар, Фариза, Нәйла, Гауhар, Сара, Роза бір шаңырақ астында ержетті.Үлгілі- өнегелі азаматтар қатарынан орын тапты. Осы отбасынан түлеп ұшқан Дінмұхамед Ахметұлы  елу жылдай ел ағасы бола білді. Бұл кісімен араласқан, құда-жекжат болған адамдардың бәрі, ең әуелде, кісілігі мен кішілігін ерекше атайды. 

Көрнекті сазгер Шәмші Қалдаяқов былай деген:
– Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ағайым мені сазгер әріптесім Нұрғиса Тілендиев арқылы шақыртып, өз кабинетінде қабылдады. Несін жасырамын, сол кісінің арқасында көп ұзамай Алматыдан үш бөлмелі пәтер алдым. Осы адам:  «Қарақтарым, сендер елдің адамысыңдар, жақсы ән жазып жүргендеріңді білемін, тіпті, сендерді мақтаныш етеміз. Өздеріңді күтіңдер, не дегенмен сендер ел адамысыңдар» – деп ағалық ақылын айтып, ризашылық сезіммен қолымызды қысқанын ешқашан ұмытпаймын. 

Жазушы Ілияс Есенберлин Димекеңді былай сипаттайды: 
– Оның басты қасиеттері – адамсүйгіштігі, әділеттілігі, биік адамгершілігі, нақтылығы, істі терең білуінде. Оны өзгелерден ерекшелендіріп тұратын қасиет  даналығы. Ол өз ісі арқылы халқының шынайы сүйіспеншілігіне ие болды. Оның аты өзін шексіз құрметтейтін  ұрпақтарының жадында мәңгі қалды. 
Осыған ұқсас жүрекжарды лебізді кинооператор Ескендір Тынышбаев, егінші Ыбырай Жақаев, аға шопан Жазылбек Қуанышбаев, жазушы Шыңғыс Айтматов сынды тұлғалардың жазбаларынан оқығаным бар.

«Ақынның хаты, жақсының аты өлмейді»  деген даналық Дінмұхамед Қонаевқа қарата айтылғандай. Дана және дара басшының арқасында респуб- ликаның жетістіктері Алатаудай асқақ дәрежеге көтерілді. Оның есімі ғасырдан ғасырға жалғаса беретіні дәлелдеуді қажет етпейді. Димекеңнің есімі қазақтың мәртебесі дегеніміз орынды.

Алматының «Кеңсай» қорымында Дінмұхамед Ахметұлы мен оның ардақты жары Зухра Шәріпқызының зираты қатар тұр. Екеуіне де «топырағыңыз торқа болсын» деп басымызды иеміз, тәу етеміз бүгінде.

Болат БИСҰЛТАНҰЛЫ,
Жетісу облыстық Дінмұхамед Қонаев атындағы қоғамдық қор төрағасының орынбасары, баспасөз хатшысы, Қазақстанның Құрметті журналисі
Талдықорған қаласы

Қатысты жаңалықтар

Жетісу облысының намысын республикалық деңгейде қорғауда

Жетісу облысының намысын республикалық деңгейде қорғауда

14.05.2025
Жаңа пәтерлердің бағасы қайта өсуде

Жаңа пәтерлердің бағасы қайта өсуде

14.05.2025
Жетісу облысында киік мүйіздерін заңсыз сатқан теміртаулық ұсталды

Жетісу облысында киік мүйіздерін заңсыз сатқан теміртаулық ұсталды

14.05.2025
Қазақстандықтар жедел жәрдемді дамыған елдерге қарағанда жиі шақырады

Қазақстандықтар жедел жәрдемді дамыған елдерге қарағанда жиі шақырады

14.05.2025
Бидай алқабының қысқаруы: Қазақстан ұнсыз, нансыз қала ма?

Бидай алқабының қысқаруы: Қазақстан ұнсыз, нансыз қала ма?

14.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.