Талдықорған: +19°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ КІТАП СЫЙЛАП ЕДІ

07.04.2019
ЖАНСАРАЙ
КЕМЕЛ ТОҚАЕВ КІТАП СЫЙЛАП ЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Төртінші-бесінші сыныпта оқитын болуым керек. Онда біз Балқаш ауданының орталығы Бақанас селосында тұрамыз. Түстен кейін оқимын. Бірде сабақтан келсем үйде қонақтар бар екен. Қой сойылып, бауырсақ пісіріліп, ет асылып жатыр. Шешем үйге кір, шешін, үлкендермен амандас деді.

Үйге кірдім, үлкен жер үстелді жағалай біраз кісілер отыр. Иманқұл аға Жексенбике апамызбен, әкейдің немере апасы Бастықыз, Мықтыбек атамыз (жезде) және де әкеміздің шешесі, Аққайша. Төрде жантайып бейтаныс кісі жатыр, мен танымадым. Жағалай қол беріп амандасып болғаннан кейін Иманқұл аға бейтаныс кісіге қарап: (сол кезде ол кісі тікесінен отырады) «Кемел, мына бала Сақымқожаның тұңғышы, аты Бақыт», — деді. Ана кісі қайта менің қолымды алып, аман бол балам, азамат бол, деп маңдайымнан сүйді. Содан кейін мен де бір бұрышқа жайғастым.

Ұзақ әңгіме айтылды. Сонда бір есте қалған әңгіме, Кемел ағаның айтқаны. «Бауыр деген қазаққа ғана тән сөз екен, өйткені адамның дене мүшесіндегі ағзалардың бәрін ауыстыруға болады, тек бауырды ғана ауыстыра алмайсың, — деді ол. — Сондықтан да біз бауырмыз, осыған лайық болуымыз керек. Мен осы сөздің мағынасын кейін өсе келе түсіндім. Қандай мағынасы терең сөз. Біз Жалайырдың ішіндегі Жылқайдарымыз».

Кемел аға сөзін жалғастырып: «Үлкен атамыз Қосай (күшік), Жылқайдардың алты баласы болған, соның бір баласы Жолбарыс (батыр, би, әулие), бұл кісіден мен және Бақбақты кеңшарында тұратын Кеңесбек деген бауырымыз. Екінші баласы – Сатыпалды, одан сіздер, яғни сіз, (Иманқұл ағаға қарап) Сақымқожа, Нұртай, Қоғалбай, мына отырған Бастықыз апамыз», — деді. Жолбарыс атамыздың ұрпақтары Қаратал өзенінің бойын, Кәлпенің маңында қоныстанған, ал Сатыпалдының ұрпақтары Іле өзенін бойлап, Көкжиде деген жерде Айнакөл деген көл бар, соның жағасын мекендеген.

Мен қазір ойлап қарасам, ол кісі сонау Қаратал өзені мен Іле өзенін жайлаған бауырлары туралы айтқан екен. Атына сай дана кісі екен. Көп әңгімелер айтылды, түн ортасынан ауып кетті, содан Иманқұл аға ертең жұмыс, балалар да демалсын деп бата қайырды, Кемел аға да бірге тұрып кетпекші болып жиналды. Әкей үйге қоныңыз деп еді. «Жоқ мен Иманқұл ағаның үйіне тоқтадым, үлкен шаңырақ қой, сендер де біліп қойыңдар, Иманқұл ағаның ағасы, бауырымыз соғыста қаза болды. Кезінде Қазақстанның Мәскеудегі он күндігінде, Кремльде ән шырқаған кісі. Ертең Ақкөлге Нұртайдың үйіне барам», — деді. Сумкасын ашып, кітап алды, бірінші бетіне жазды, балам Бақытқа Кемелден. Мен қарасам, повесть — «Түнде атылған оқ». Маңдайымнан сүйді де үлкен азамат бол деді.

Міне, содан бері қанша жыл өтті, ол кісінің келбеті осы күнге дейін жадымда, кеше ғана болған сияқты. Кейбір кездері мен өзімді жазушы санап жазғым келеді, мүмкін, сол кісінің берген батасының шапағаты шығар. Бірақ басқа мамандықты таңдадық. Кейбірде түс көрем. Осы жақын арада мынандай түс көрдім: «Қораға шықсам, қораның алдында жолбарыс жатыр, жанында ішек-қарны ақтарылған жылқылар, маған жолбарыс қарады да жата берді, қораға кірдім, онда бір жолбарыс, тура осындай жағдай, шошып кеттім. Сонда артымнан бір дауыс шықты: «Қорықпа, балам, Жолбарыс атаң ғой», — деді. Баяғы жас күнімде естіген Кемел ағаның дауысы. Бұл менің Кемел ағаны көрген сәтімнің естен кетпес естелігі. Егер мен ол кісінің жанында өмір бойы жүрсем не болар еді деп ойлаймын. Содан кейін мектеп бітірдім, әскерге кеттім, оқу оқыдық, әкей қайтыс болды. Туған-туыстың арасын жалғап тұрған алтын көпір екен ғой ағаларымыз.

Тағы бір айтылатын жағдай, қазір ойласам, аманат қалдырған сияқты. Тоқай, Бұқай бірге туған, сол Бұқай әкеміз мына Көкжиде елді мекенінде жерленген еді. Бүгінгі күні Кемел ағамыз айтқан Жылқайдардың қара шаңырағындағы әкеміз Иманқұл бақилық болды. Қазір шаңырақта түтін түтетіп Мейрамбек отыр. Енді түсіндім, Кемел ағаның тағы бір бауырының үйіне қонбай қара шаңырақты аңсағанын.

Біз де Бақанасқа барған сайын, қара шаңыраққа соқпай кетпейміз. Мен Кемел ағаның «Түнде атылған оқ» повесін он шақты рет оқып шықтым. Анда-санда бір оқып қоямын, кітапханада сақтаулы. Одан кейін де Кемел ағамыздың «Таудағы жаңғырық», «Қастандық», «Сарғабанда болған оқиға» атты повестерін осы күнге дейін қызығып оқимын. Үйде сақтаулы. Қазақтың бір сөзі бар: «Жақсы әкеден асып ұл туар», — дейді. Осындай кемеңгер, асыл, ақылды, дана жазушы, қоғам қайраткері Кемел ағамыздан туған Қасым-Жомарт бауырымызға әрдайым ақ жол тілейміз.

Бақытқали АЙЖІГІТОВ,
қаржыгер

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

03.05.2026
Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

03.05.2026
Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

03.05.2026
Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.