Талдықорған: +19°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Мейрам БАЗАРҰЛЫ: «ЖҮРЕГІҢМЕН ЖАЗБАСАҢ, ЖУРНАЛИСТИКАДА ОРЫН ЖОҚ»

02.05.2019
ЖАНСАРАЙ
Мейрам БАЗАРҰЛЫ: "ЖҮРЕГІҢМЕН ЖАЗБАСАҢ, ЖУРНАЛИСТИКАДА ОРЫН ЖОҚ"
WhatsAppTelegramFacebook

Жылт еткен жаңалық шыға қалса, жолдың алыс-жақындығына да, қауіп-қатері мен машақатына да қарамастан асай-мүсейін асынып, апыл-ғұпыл аттанып бара жататын журналистердің қай-қайсысы болсын мамандығын мақтаныш тұтады. Қызығы мен шыжығы мол журналистік соқпаққа қалай келгенін сұрай қалсаң, қайбір жылдары, орта мектептің бәленінші сыныбында алғаш өлең жаза бастағанын яки шағын шараны қағазға түсіріп, өз өңіріндегі газет редакциясына алып барғанын айтып, арқаланып қалады. Сосын әр жазған мақаласында, дайындаған телесюжетінде ұлттық мүдде мен дәстүр, мәселе мен сын, мәміле мен саясат, мәдениет пен тіл, тіршілік пен қоғам тынысы көрініс тауып, әр айтылған сөзінде ой мен оқиға өріліп жүретін журналистердің арқалаған жүгі тым ауыр екендігін, жеделдік пен жауапкершілікті талап ететін бұл сала кездейсоқтықты кешірмейтінін әңгімелей жөнеледі.

Бұл барлық тілшінің еңбек жолына ортақ алтын арқау десек еш қателеспейміз. Қазақ телевизиясының ардагері, белгілі тележурналист, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан журналистикасының қайраткері, Қазақстан Журналистер Одағы Алматы облыстық филиалының жетекшісі, «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің басын қосқан «Өлке тынысы» ЖШС директоры Мейрам Жанәділовтің ақпарат саласындағы алғашқы қадамы да осындай мамандыққа деген ақ махаббаттан басталыпты. Өткен ғасырдың 80-жылдары радио мен телеарнадан жарқырай көрінген, небір спорттық аламандарды асқан шеберлікпен саңқылдай жүргізген комментатор, аға буынның есінде қияқ мұртымен, қоңыр үнімен қалған тележурналист бүгінде Жетісу өлкесіндегі қос облыстық басылымның басшысы, аймақтағы жас тілшілерге жол нұсқап, бай тәжірибесімен бөлісіп отырған өз алдына білікті ұстаз.

Асқақ Көкшеге көз тігіп өскен кейіпкеріміздің оқушы кезінде аудандық газетке шағын мақалалары жарық көріп, арманына қанат бітті. Бала күнінен спортпен шұғылданып, жазуға машықтанды. Ауылға алыстан шаңдатып келе жататын ескі пошта көлігі әлі күнге көз алдында. Мерзімді басылымның жаңа санын сарғая күтіп, жол жиегінде тұратыны тағы бар. Өзінің мақаласынан бөлек, күнделікті аудан, облыс, республика тынысынан хабар беретін тағылымды мақалалар Мейрамның назарынан тыс қалмайтын. Бірін қалдырмай оқып, әр мақала соңындағы авторға мұқият үңілетін. Үлкен қара әріптермен қоюлана жазылған есімдер жадында мәңгі жатталып қалды. Сол кезде санасында қатталған авторлардың бүгінде қазақ руханиятының бір-бір қара нарлары екенін ойласа, көкірегін мақтаныш сезімі кернейді. Талай тұлғамен тілдестірген, азамат ретінде қалыптастырған қазақ журналистикасына алғыс айтады.

«1 мамыр – Бірлік күні мерекесінде туыппын. Атымды да сол күннің құрметіне Мейрам деп қойыпты, – дейді кейіпкеріміз балалық шақтан әңгіме тиегін ағытып. – Туып-өскен жерім – Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Құдықағаш ауылы. Әр қазақтың кіндігі ауылмен байланған ғой. Қолымыз қалт ете қалса, Біржан сал мен Ақан серілер ән шырқап, Сәкендер жырға қосқан сұлу Көкшеге тартып кетемін. Ұлы Даланың қазағымыз ғой, бір бүйрегіміз ауылға бұрып тұрады. Демалыста табиғат төсінде кең тыныстап қайтпасақ, бір нәрсе жетіспейтіндей көрінеді. Қазір де төрт қабырғаға қамалып отырғанды ұнатпаймын. Қызмет арасында уақыт тауып, қаланың сыртқа шығатын көшелерімен жүріп қайтамын. Күнделікті таңертең сағат 5:00-де тұрып, скандинавтық серуен жасаймын, жүгіремін, бассейнге түсемін».

Мейрам Базарұлы Жетісу жұртшылығына журналистік қырымен ғана емес, салауатты өмір салтын ұстанатын сергек қалпымен де үлгі. Күнделікті шұғылданатын спорт түрлері оны жас көрсетеді. Жас журналистерге денсаулықты күтудің құпиясын жасырмайды. Өзі сүйетін, күнделікті айналысатын спортты алдыға тартып, ерте жастан белсенді дене қимылын тастамаған адам ұзақ өмір сүретінін әрі сергек жүретінін айтады. Мектепті аяқтай сала ағаларының ақылымен спортты таңдауы да бекер емес. 1980 жылы Қарағанды педагогикалық дене тәрбиесі институтын елге танымал былғары қолғап шеберлері, аты аңызға айналған Серік Нұрқазов, Қанат Жақсыбаевтармен бірге бітіреді. Тіпті, спорт саласында жетістіктері де жоқ емес. Самбомен, қазақша күреспен айналысты. Одақ көлеміндегі чемпионаттарда топ жарып, КСРО спорт шебері атанады. Бірақ баспасөзбен байланысын үзген жоқ. Спорттың оқуында жүрсе де, бала кезден қызыққан журналистикаға мойын бұра берді. Қарағандыдағы облыстық газетпен, телеарнамен байланыста болып, спорт тақырыбында материалдар дайындайды. Сол кездегі спорт комментаторлары Диас Омаровпен, Өмірзақ Жолымбетов, Рабат Жәнібековтермен тығыз байланыс орнатып, Қарағанды өңірінен спорттық хабарлар жіберіп тұрды. Жас жігіттің бұл талпынысы аяқсыз қалмады. Ақыры жұп-жұмыр материалдарымен қазақ журналистикасының тұлғасы, Қазақ мемлекеттік телерадио комитетінің төрағасы Камал Смайыловтың назарына ілігеді. Сөйтіп, өңірде жүрген өрен Алматыдағы Қазақ телевизиясының төрінен бір-ақ шығады.

«Спорт редакциясына қызметке алындым. Осылайша, бала кездегі арманыма бір табан жақындадым. Көңілімде мақтанышпен бірге қорқыныш сезімі де болды. Өрімдей жаспыз. Республикалық телеарнада спорт комментаторы болу, күн сайын ел алдына шығу, үлкен жарыстарды жүргізу қаншалықты жауапты екенін басынан өткергендер ғана біледі. Тәжірибелі ағалар бізді от пен суға салды, спорт журналистикасының қыры мен сырын үйретті», – дейді Мейрам Базарұлы.

Спортта шыңдалған журналист кейіннен саяси хабарларға ойысты. Тоқсаныншы жылдардағы тоқырау қазақ журналистикасын айналып өткен жоқ. Мейрам Жанәділов дәл сол ауыртпалыққа толы кезеңде телеарнаның бел ортасында жүрді. Оның дайындаған, жүргізген ел көлеміндегі, халықаралық деңгейдегі спорттық хабарлары миллиондаған көрерменге тарап, қошеметке бөленді. Спортты сүйетін жандар Мейрам Базарұлының дауысын асыға күтетін болды. Тоқырау кезеңінде Мейрам Базарұлы ақпараттық бөлімге ауысып, оқиға орындарынан хабар таратып жүрді. Әсіресе, Зайсандағы зілзала кезінде күнделікті хабар дайындап, жылға жуық зардап шеккен ағайынның қасында болды. Елдің талап-тілегін билікке жеткізіп, алтын көпір орнатты. Ал 1995 жылдан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге халықаралық іссапарларға шығып, Швейцария, Корея, Сауд Арабиясы, Франция, АҚШ, Норвегия елдерінен тікелей репортаж таратты.

Елбасымен бірге шыққан іссапарлар әсер етті ме, кейіннен Мейрам Базарұлы мемлекеттік қызметке ойысты. 2000 жылы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне тағайындалды. Сол кездегі Жамбыл облысының әкімі Серік Үмбетов өз алдына бір үлкен саяси мектеп болатын. Мейрам Базарұлы сол кісінің шыңдауынан өтіп, мемлекеттік қызметтің қыр-сырын меңгереді. Ал 2006 жылы жер жаннаты Жетісу өлкесіне ат басын бұрып, Талдықорған қаласынан «Қазақстан» телеарнасының тілшілер қосынын ашады. 2009-2014 жылдары «Жетісу» телеарнасы директорының бірінші орынбасары, директоры қызметтерін атқарады. Өңірлік телеарнаның шығармашылық-материалдық әлеуетін, техникалық мүмкіндіктерін арттыруға, тілшілердің біліктілігін көтеруге көп күш салып, өзінің айшықты қолтаңбасын қалдырды.

Бүгінде Мейрам Базарұлы басқаратын «Өлке тынысы» ЖШС Алматы облыстық «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің меншік иесі саналады. Бұл құрылымға ауысқан сәттен Мейрам Базарұлы қос газеттің материалдық базасын жаңғыртуға күш салды. Әсіресе, газет тілшілеріне қиындық тудыратын көлік мәселесін оңтайлы шешіп берді. Газеттегі әрбір журналист іссапарға шықса да, күнделікті қала ішіндегі шараларға барса да, көлікпен қамтамасыз етілді. Жүргізушілер бастықтар үшін емес, журналистер үшін дейді Мейрам Базарұлы. Қос газет ұжымы оның бұл қамқорлығы үшін алғыс айтып отырады.

«Жастармен бар тәжірибемді бөлісе білсем, солардың биіктен көрінген бақытты сәтіне куә болып жүрсем, маған одан артық ештеңе керегі жоқ. Қазіргі жастар бақытты, техника тіліне жүйрік. Бірақ бұл аздық етеді. Рухани бай, мәдениетті, ұлттық салт-дәстүр мен ағалар ақылын жерге тастамайтын, бабалар аманатына қиянат жасамайтын жастарды көргім келеді. Ондай азаматтар ортамызда көп. Соған шүкір етемін», – дейді бүгінде мерейтой иесі.

Қазақ журналистикасының беталысы жайлы айтар ойы өз алдына бір төбе. Ең таза, ең шынайы мамандық журналистика екенін әңгімелейді. Бұл мамандыққа ешкім де кездейсоқ келе алмайтынын, адам журналист болып қалыптаспайтынын, керісінше, журналист болып туатынын алға тартады. Өйткені, қалам алып, жазу үшін адамда тумысынан табиғи бейімділік қажет. Тәулік бойы ой үстінде жүретін, бір материалды сәтті аяқтап, келесісін санасында «пісіріп» отыратын, ақпаратты оқиға орнынан таратып, ел құлағына бірінші жеткізетін журналистердің ешқайсысы өз саласын кездейсоқ таңдаған емес. Өйткені, бұл сала қазіргі заманның жегіқұртына айналған тамыр-таныстықты, бармақ басты, көз қысты теріс әрекетті әсте кешірмейді. Жүрегіңмен жаза алмасаң, журналистикада орын жоқ. Әлдекімнің нұсқауы да, ақылы да жүрмейді. Сондықтан, сүйікті ісіңмен ғана шұғылданған жөн. Бірақ қандай маман иесі болсаң да, істеген ісің ел пайдасына шешілуі тиіс. Бұл – алпысыншы белесін аттаған ақылман ағаның ақиқи сөзі.

Қуаныш ТҰНҒАТАР

Алматы облысы

«Аbai.kz»

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

03.05.2026
Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

03.05.2026
Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

03.05.2026
Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.