Талдықорған: +18°C
$ 511.92
€ 588.91
₽ 6.44
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ӨНЕРІМЕН ӨРГЕ ЖҮЗГЕН

06.08.2024
ЖАНСАРАЙ
ӨНЕРІМЕН ӨРГЕ ЖҮЗГЕН

Сонау бала күнімізде 30-40 жастағы ағалар көзімізге біршама қартайып қалғандай көрінетін. «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» демекші, уақыт өте келе бұл түсінік те көп өзгеріске түскендей. Жасымыз жетпіске қадам басқан қазіргі шақта «сол кісілер тіптен жас екен-ау»  деп ойласақ та көңіліміз кәріліктің ауылынан алыс, өзімізге жас сияқтымыз. Тіпті, әрдайым қатарластар бас қоса қалғанда қарттықты  ұмытып, жастарша шулап қоя беретін әдетіміздің бары да рас.


Артта қалған аяулы жылдар тізбегі кімнің есінен шыға қойсын?! Қарашоқы ауылының алаулап атар таңы мен батар күні әлі күнге көз алдымнан кетпейді. Барған сайын құлағыма күмбірлеген күйдің, сазды әуеннің сыңғыры келеді де тұрады. Сол бір сағымды жылдардың жанымда жатталып қалғанын қалай ұмытайын?! Сондықтан да болар, қолыма қалам алып, сонау жылдарға, дәлірек айтсам, бұдан тура 50 жылға шолу жасауды өзімнің шәкірттік парызым деп ойладым. 

Ән мен оның құдіреті жайлы сөз бола қалса, Сейітқали Оңалбаев ағай есіме түседі. Артта қалған сол күндерді ойласам, Сейітқали ағайымыз бар-жоғы 35 жаста екен… 

Иә, ол кісінің меңгермеген аспабы жоқ шығар, сірә?! Екі ішекті домбырамен күй шерткенде сілтідей тынушы едік, аккардеонмен сүйемелдеп жұртты таң-тамаша ететін. Саксафоны үнемі қолынан түспейтін. Бас гитара, ритм, соло және үрмелі аспапқа да отыра қалып үйретуден жалықпайтын, шіркін! Өз басым сол кісідей барлық аспапты толығымен меңгерген жанды көрмеппін. Қай аспапты қолына алса да жаныңды жадыратып, жүректі тербейтін, мына дүниенің қызығы мен қуанышын, шаттығы мен мұңлы сәттерін айрықша аялай жеткізіп, көпшілік көңілінен шығып жататын.    

Сейітқали аға 1940 жылдың 7-ші қарашасында бұрынғы Гвардия (қазіргі Кербұлақ) ауданы, Онжас ауылында дүниеге келген. 1947 жылы сол ауылдағы жетіжылдық мектептің табалдырығын аттап, 1954 жылы Қоғалы орта мектебінде білімін жалғастырады. Тума талант иесі 1968-1972 жылдары Алматы қаласындағы Күләш Байсейітова атындағы музыкалық училищеде кәсіби білім алды.  Оқуын аяқтаған тұста Алматы қаласындағы филармонияға жұмысқа орналасып, танымал тұлғалар Бибігүл Төлегенова, Роза Бағланова, Нұрғали Нүсіпжановтармен әріптес ретінде еліміздің біраз өңіріне гастрольдік сапарға шыққан.

Отбасы жағдайына байланысты туған жерге оралып, еңбек жолын «Сарыбұлақ» асыл тұқымды қой кеңшарында бастаған ол кейіннен Жоламан ауылындағы мәдениет ошағын жандандырды, жаңғыртты. Одан кейін «Қарашоқы»  кеңшарының сол кездегі директоры Нұрғали Ахметқалиев ағаның шақыруымен «Жетісу гүлдері» ансамблін құрды. Өнер десе ішкен асын жерге қоятын кеңшар директоры Нұрғали ағаның қолдауының арқасында ансамбль танымал болды. Мәдениет үйі барлық аспаптармен толық қамтылды. Ансамбльге мектеп оқушылары топтастырылды. Ағаның еңбекқорлығының арқасында ансамбліміз аудан ғана емес, облысымызға танымал болды. Әр мерекеде жаңа бағдарлама дайындалып, репертуарымыз Ескендір Хасанғалиев, Әсет Бейсеуовтердің әнімен толықты.

Әр мерекеде Мәдениет үйінде ансамбльдің концерті, артынан жастарға би кеші ұйымдастырылатын. Оқушы болсақ та өнер қуған сол жылдары жазғы демалысқа шыққан кезімізде «гастрольдік сапарға» барып, кеңшар берген автобуспен Талдықорған, Көксу, Панфилов аудандарының елді мекендерін аралап концерт қоятынбыз. Ұстазымыз жаз жайлауда, қыс қыстауда, егістік алаңдарында, сақпан, қырықтық сынды еңбек майданында жүрген жұмысшыларға өнер көрсетуді бірінші кезекке қоятын. Мереке күндері Мәдениет үйінің сахнасынан табылатынбыз. Аудандық, облыстық фестивальдерде лауреат атанып, республикалық телеарнадан концертіміз берілген болатын. Мұның бәрін жіпке тізіп айту оңай, әрине, бірақ соның артында қаншама қажырлы еңбек жатыр?! Мұның бәрі Сейітқали Оңалбаевтың ізденімпаздығы мен табандылығының арқасында іске асқаны белгілі.

Сейітқали аға құдай қосқан қосағы Адас Болтпайқызымен 2 қыз, 4 ұл тәрбиелеп өсірді. Ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырып, олардан немере-шөбере сүйді. Осылайша өнер отын маздатып, отбасында адами құндылықты биік қойған ұстазымыз 2005 жылы мәңгілік мекеніне қайтты. Өзі өмірден озғанымен артында өшпестей із қалдырған Сейітқали ағаның жарқын істері әлі күнге дейін ел есінде. Ол кісі білімі мен білігін, тұла бойындағы барша қабілет-қасиетін ұрпақтарына, артындағы шәкірттеріне беріп кетті. Елі үшін еңбек еткен абзал ағаның жатқан жері жарық, иманы жолдас болсын дейміз.    

   Ғалия АҚБАСОВА
  Кербұлақ ауданы
 

Қатысты жаңалықтар

Антикор спортқа бөлінген 6,7 млрд теңгені қысқартты

Антикор спортқа бөлінген 6,7 млрд теңгені қысқартты

13.06.2025
Жетісу облысы маман тапшылығын қалай шешуде?

Жетісу облысы маман тапшылығын қалай шешуде?

13.06.2025
Тоқаев ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады

Тоқаев ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады

13.06.2025
Жетісу облысында үздік медицина қызметкерлері марапатталды

Жетісу облысында үздік медицина қызметкерлері марапатталды

13.06.2025
Жетісудан табылған ортағасырлық қалаға әлі сараптама жасалған жоқ

Жетісудан табылған ортағасырлық қалаға әлі сараптама жасалған жоқ

13.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.