Талдықорған: +16°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

САХНАДА СЕЗІМ ШАЛҚЫДЫ

25.02.2019
ЖАНСАРАЙ
САХНАДА СЕЗІМ ШАЛҚЫДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Адам жанын әсем ән, әуезді күй жадыратады. Мұңлы жанарға шынайы шабыт қана шаттық сыйлайды. Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайының сахнасынан зағип жандардың жүрегін тербеген сезімдер төгіліп, тыңдаушының көңілін қуанышқа кенелткен «Арман-ай…» атты ән кеші өтті. Кеште қарашығын қараңғылық тұмшалаған Алғысбек Дәуен мен Нұрдана Арғын бірлесе ән салып, көпшіліктің жанарына жас алдырды.

 
Белгілі ақын, «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары Жұматай Әміреев жүргізген кештің шымылдығы «Арман-ай» атты халық әнімен ашылып, жиналған халықты терең күрсінтті. Өмірдің өтпелі екендігін, өзекті жанның арманы таусылмайтынын, жас жүректің оңай жараланатынын, жалған дүниенің қызығы таусылмайтынын жырлайтын мұңлы әуеннің сөздері зағиптықтың зардабын тартқан қос әншінің айтар ойындай еді.
Ешқандай музыкалық білімі болмаса да әншілікті, күйшілікті, ақындықты серік еткен жігіттер бұдан соң Нұрдана Арғынның өзі жазған «Аңсаймын жарық күнді» атты әнді орындады. Онда да мына әлемді көруге деген ынтықтық, дүние жарығын тануға деген құмарлық жатқаны анық. Көзі көрмесе де көңілін тербеген арманмен жалған дүниені өзінше танып, өзінше бағамдаған әншінің мінәжатындай, дұғасындай естілген ән иірімінің бөлектігі, қазақы мақамға жақындығы тыңдаушыны елең еткізді.
 
Қос өнерпаздың кешін өлең-жырмен әрлеп, орындалар әрбір туындыны шымыр шумақпен таныстырған жүргізуші бұдан соң Асылбек Еңсеповтің «Балалық шақ» күйі музыкалық аспаппен орындалатынын хабарлады. Екі жігіт те арнайы білім алмаса да көкірегін тербеген қабілетінің арқасында «Ямаха» аппаратының пернесін дөп басып, әуезді әуенді тыңдаушының жүрегіне жеткізді. Одан кейін Құрманғазының «Сарыарқа» күйін және әйгілі композитор Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы» күйін жеке орындаған өнерпаз Нұрдана екінші күйді домбыраны жатқызып, клавишті аспапта ойнағандай тартып берді. Пернені оң қолмен басып, ішекті сол қолмен шерткен орындаушының шеберлігі шынында ерекше еді. Қазіргідей екінің-бірі күй тарта алмайтын кезеңде Нұрдана Арғынның қарым-қабілетін талмай ұштағаны байқалады.
 
Концертке қос өнерпаздың шығармашылығын құрметтейтін әншілер мен бишілер қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Солардың қатарында «Райан» тобы Алғысбек Дәуен жазған екі әнді орындап, көпшіліктің ықыласына бөленсе, сонау Германиядан келген белгілі биші Арыстан қажы «Қаражорға» биін жаңғырта орындады. Буындарын мың бұралтып, аяқ-қолын ретпен ойнатқан 80 жастағы қарт бишінің биі көпшіліктің разылығын тудырды. Одан соң Нұрдананың қарындасы Нағима «Домбырасыз ән қайда», Алғысбектің інісі Серуен «Шашу» атты әндерді орындап, көрерменнің ықыласына ие болды.
 
Ән кешінің ортасында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Марлен Көлбаев қазақ өнерін асқақтатып жүрген қос ұланға Алғыс хат пен домбыра сыйласа, «Қазақ зағиптар қоғамы» ҚБ Алматы облыстық филиалының төрағасы Әлкен Дәркембаев қоғам өміріне белсене араласып, қазақ ән-күйінің кең таралуына үлес қосып жүрген қос жігітке жүрекжарды тілегін арнап, Алғыс хат табыстады. Қайырымдылық концертін ұйымдастырған Жұматай Әміреев пен Шұғайып Ақынұлы екі жігіттің ата-анасын ортаға шақырып, кештен түскен қаржыны шашау шығармай тапсырды. Осылайша көпке үлгі болатын қадамға барған ұйымдастырушылардың ісіне кешке келген көпшілік ризашылық білдіріп, шынайы ықылас танытты.
 
Осыдан кейін кештің көрігі қайта қызып, әсем ән мен көркем күй көкке қалықтады. Әнші Еркінбек Садан және  «Талдықорған әуендері» ансамблінің әншісі Марал Сейітовамен бірлесе ән шырқаған қос өрен Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Жанарсыз адам келеді» атты әнді орындағанда көпшіліктің жүрегін жылатып, көзіне жас алдырды. Ақиық ақын Мұқағали басынан өткерген сезімді жаңаша әуенмен, жаңа серпінмен шырқаған әннің авторы Алғысбек Дәуен.
Көктем тұр оған көрінбей,
Көрінбей нұр тұр себелеп.
Топ қыздар өтіп барады,
Топтанып ұшқан көбелек… – деген ақын ойының жалғасы қайырмаға түскенде қос жігіттің басындағы жағдаймен астасқандай, ақынның жүрегін тербеген жайт олардың өз сөзімен айтылғандай естілді. 
 Бір сәтке мұңлы әннің ырғағына елітіп, қамығыңқы күй кешкен көрерменді «Қазақ елі» атты ойнақы ән серпілтті. Ақпанның аппақ қарлы аспанын әдемі кештің әуезі әдіптеп, жүректерге жылу сыйлап жатты.
 
Рүстем ҚАНАПИЯНОВ.

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

03.05.2026
Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

03.05.2026
Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

03.05.2026
Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.