Талдықорған: +21°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Сағыныш НАМАЗШАМОВА: «ЖАНЫМДЫ ЖАҢБЫРМЕН ЖУАМЫН»

30.11.2018
ЖАНСАРАЙ
Сағыныш НАМАЗШАМОВА: "ЖАНЫМДЫ ЖАҢБЫРМЕН ЖУАМЫН"
WhatsAppTelegramFacebook

…Ол күні жерге түскен әрбір тамшыдан өлең иісі аңқып тұрды. Қолшатырға тығылған қос ғашықтың риясыз махаббатын еселей түсуге асыққандай жыр моншақтары төгілді аспаннан. Сондай ыстық, сондай мөлдір күйде. Иә, күздің соңғы күндерінің мұндай әсерлі күйге бөлеріне кім сенген?!

Оны бізге сыйлаған — өңірімізге ғана емес, елге танымал ақын Сағыныш НАМАЗШАМОВАНЫҢ «Қауырсын-ғұмыр»  атты шығармашылық  кеші. Оқушылар сарайында өткен театрландырылған әдеби-сазды кеш мүлде ерекше болды. Ақсу халық театры талантты  әртістерінің өлеңге құрылған қойылымы көрермендерді бір толқытты. Ақынның ауылға деген сағынышын жеткізген қыз-жігіттер кеш кейіпкерінің туындыларына жан бітірді.

Кеш иесі сазгерлік қабілетімен де көрінді. Кеш барысында Сағыныш Сабыржанқызы туған қызымен дуэтте ән орындап, жиылған қауымның ыстық ықыласына бөленді. Қаламды серік еткен, алыс-жақыннан келген аға-інілері де қалыс қалған жоқ. Ақынның  шығармашылығынан бір-бір өлең оқып, гүл шоқтарын табыстады. Сыршыл лирикамен үн қатқан ақынның жыр кеші туралы әлеуметтік желіде өте көп жазылды.

Мәселен, Саят Қамшыгер өзінің жеке постында: «Оқушылар сарайында өткен ақын Сағыныш Намазшамова құрдасымның шығармашылық кеші өте қызықты, өзгеше болды. Кеште отырып бейнебір қойылым көріп отырғандай әсерлендім. Біздің буынның ішіндегі ерекше тынысты ақын қыз Сағыныш лирикасымен өлең сүйер қауымды тербетті. Кештің режиссері де өзі екен«, — деп жазды. Ал Назым Дүтбаева: «Сағыныштың кешінде бір өлең маған қатты әсер етті. Балаларыма еміренгенде, олардың тілеуін тілегенде дәл осы сөздерді тауып айта алмай жүр едім. Сағыныш соны сезгендей!. Аналардың тілегі бір! Ақынның артықшылығы оны жеткізе алатын дарынында«, — дей келіп, жанына әсер еткен өлең шумақтарын көлденең тартады.

Алтыным, сүрінгенің, құлағаның –
Бекітіле бастауы бұғананың.
Жер ананың жылуын сезін солай,
Сүйегені не болар бір ананың?

Құлыным, құлағаның, жылағаның –
Шырқағаның қосылып бұлақ әнін.
Кең даланың дауысын ұғынып өс,
Тербеткені не болар бір ананың.

Анау не, мынау не деп сұрағаның –
Дүниенің тетігін бұрағаның.
Үлкен ұстаз өмір ғой, үлгеріп қал,
Үйреткені не болар бір ананың? 
— дейді Сағыныш ақын. Ал жуырда ғана «Айқын» газетіне берген сұхбатында ақын: «Өлеңнің өгейсірегені – өз жаның өзіңді өгей көргеніндей ғой. Жаныңа азық болуға не керек, соны жасасаң, өлең өгейсіремейді. Мен қазір проза мен поэзияны оқуды біраз доғарып қойдым. Әрине, оқитын дүние ұшан-теңіз. Бірақ дәл осы сәтте менің жа­ным жаратылыстың қыр-сыры, ғаламның жұмбағы ту­ра­лы сұрақтарға жауап ізде­гісі келетінін түсіндім. Ол ақпараттың бәрін көзсіз қабылдай бермей, көкірек сүзгісімен оқуға тырысамын. Әр күні алдыңнан шексіз кеңістіктер ашылған сайын таңырқайсың, таңданасың, өмір сүргің келеді, өлең жазғың келеді. «Уақыт десе шығады жан дауысым, жан дауы­сым – ол менің таңданысым. Уақытты ойлап тапқан екенбіз ғой, Кеңістікте адасып қалмау үшін» деген өлеңді сондай сәттерде жазсам керек. Жалпы, менің ойымша, өлең өгейсіремейді, тек аз ғана уақытқа дамылдауы мүмкін», — деп кеңінен толғап сұхбат берді. Тағы бір өлеңінде кейіпкеріміз:

Кірлетіп жатса да кіл ағын,

Жанымды жаңбырмен жуамын.

Көнеден қарасаң – кіршіксіз,

Төбеден қарасаң – күнәмін.

Түсіне алады кімді кім,

Бұл қоғам түсірер түндігін,

Шырқырап шығам деп ұмтылса

Сандықта сақтаған шындығым, — деп жырлайды.

Кеш соңында ақын Ерлан Жүніс Қазақстан Жазушылар одағының  атынан жаны лирикаға толы жауқазын жыр авторына Алғыс хат  табыс етті.

Мұхтар КҮМІСБЕК,

«Жетісу»

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

03.05.2026
Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

03.05.2026
Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

03.05.2026
Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.