Талдықорған: +30°C
$ 518.34
€ 607.91
₽ 6.66
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

СӘБЕҢМЕН СЫРЛАСУ

17.08.2024
ЖАНСАРАЙ
СӘБЕҢМЕН СЫРЛАСУ

Туған жерді аңсап, Қытайдағы қыруар жұмысты қайырып тастап Отанға өтіп келдік. 1955 жылы, 14 сәуірде Сарыөзектегі стансыға түстік. Ығы-жығы ел. Қозысынан айырылған қой мен енесінен адасқан қозыдай уда-шу. Біреуді біреу біліп болмайды. Бір жақсысы, моншаға түсірді. Тазаланып сергіп қалдық. Біреулері самауырға, енді біреулері үш аяқты мосыға шай қайнатты, жерге дастарқан жайып жіберіп, қатып қалған таба нанын, талқанын, құрт-майын талшық еткен ел екі күндей тұрды. Өкімет жан басына ақша, сауын сиыр алыңдар деп оған да ақша бөлді. «Сендер тың игеруге барасыңдар, мына ақшаны үнемдеп жұмсаңдар, өздеріңе-өздерің келгенше  жеткізіңдер, барған колхоз, совхоздарың әзірше ешнәрсе бере қоймайды», – деді қоныстануға келгендерді облыс-облысқа бөліп жүрген басшылардың біреуі қысқа сөйлеп.


Әке-шешем, өзіме тете ағам бізден бір ай бұрын өтіп, Жамбыл облысы, Луговой ауданындағы «Қызыл шаруа» колхозына барып орналасқан. Бізге жазған хаты бар, осы хатты апарып басшыларға көрсетіп, әке-шешеміздің қасына жіберуді өтініп едік. «Сендерді Солтүстік Қазақстан облысы, Ленин ауданы, «Бұлақ» колхозына бөлдік, енді ол өзгермейді», – деп жүре жауап берді қатыгез басшы. Жалынып-жалбарынғаннан ештеңе шықпаған соң жүк пойызымен бөлінген жерге тартып отырдық.

 «Бұлақ» колхозына да келдік. Ел жылы қарсы алды. Бізді колхоз мүшесі етіп таңдап алды, әке-шешеміздің қасына баруға колхоз рұқсат етпей қойды. Аудандық атқару комитетінен де еш нәрсе шықпаған соң  Қазақстан Жоғарғы кеңесінің төрағасы Тәшенов мырзаға арыз жазып едім, көп кешікпей колхоздан босату туралы қағаз келді.

Колхоздан босап алып, әке-шешемізге тартып отырдық. Менің мақсатым – ағайым Сүлейменді үйіріне қосып, өзім Алматыға келіп оқуға түсуді ойластыру. Тамыз айының басынан бастап институт, техникумдарға оқушыларды қабылдау туралы газеттерге хабарландырулар жарияланған. Ол хабарландырулар төсқалтамда. Ленин аудандық оқу бөлімінен Оқу министрлігінің атына ҚазПи-дің тіл-әдебиет факультетіне түсуге, тың игеруге келген азаматқа көмектесу жайлы сұраныс қағаз алғам.

Сонымен ертесі пойызға отырып, Алматыға тарттым. Ең қызығы, Алматыда болмағам. Маған қап-қараңғы. Қайдан келіп, қайда барып түнерімді білсемші. Әйтеуір басы айналған кісі сияқты мең-зеңмін. Осы ойдың шырмауында келе жатқанымда, жол-жөнекей өзім құралпылас жылы жүзді жігіт жөн сұрай қалды. Жағдайымды жасырмай айтып едім, әлгі жігіт:

– Бәсе, қамкөңілді екеніңді байқап келемін. Енді сен қамықпа, бауырым. Алматыда туысқаным бар, бірге барып, сол үйге қонасың. Ертең Алматыны аралатамын. Мен Талдықорғаннанмын. Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергенов ауы-лы – Шұбарда тұрамын. Мен қонатын үйде Нұрмолда ағайдың қызы тұрады, дәрігерлік институтта оқиды, – деп мені бауырына тартты.

Пойыздағылар маған ерекше назар аударып қарайды. Өйткені басымда қытай шапкісі, үстімдегі тік жағалы түжірке, голопойлы шалбар, аяғымда шиқылдаған американың шегірен етігі.

Әлгі бейтаныс жігіт екеуміз таксиге отырып Дзержинский көшесінің 104-үйіне келіп түстік. Кішкене-кішкене үш бөлмелі үй екен. Осы үйге қондық. Ертесі үй иесіне әлгі жолдасым: «Мына жігіт оқуға түсуге келе жатыр екен. Алматыда танысы жоқ. Оқуға түсіп, жайғасып алғанша  сіздің үйде тұра-тұрсын, пәтер ақысын төлейді», – деп еді, үй иесі келісім берді.

Ертесі Жазушылар одағын сұрастырып жүріп тауып берді де өзінің шұғыл шаруасы барын айтып жүріп кетті.

Жазушылар одағы Пролетариат көшесіндегі екіқабатты үйге орналасқан екен, «басшылар үстіңгі қабатта» деп біреу жөн сілтеді. Үстіңгі қабатқа көтеріліп бірінші есікті ашып едім, төрт бұрышта салиқалы төрт азаматтың отырғанын байқадым. Кірдім де қол алысып шықтым. Орта тұста отырған аққұба, қара қасты, қою қара мұртты, орта жастағы азамат орындық ұсынды. Отырғандар таңырқасып қарасты маған. Әлгі мұртты кісі өзін таныстырып: «Мен осы Жазушылар одағында істеймін. Қуандық Шаңғытбаев деген ақын боламын. Қайдан келдің?», – деді жылы шыраймен.

– Мен Қытай Халық Республикасынан тың игеруге келгенмін. Солтүстік Қазақстан облысына орналастық. Мұнда келген шаруам, ақын-жазушы ағаларға сәлем беріп, танысу, – дедім шынымды жасырмай.
– Онда Сәбит ағаның ауылынан екенсің ғой. Жүр, Сәбеңмен  таныстырайын, – деді де мені ертіп, түпкі жақтағы соңғы есікті ашты, онда бір қыз машинка басып отыр екен. Оған аялдамастан ішкі есікті ашып, Сәбеңе алып кірді. Мен Сәбеңе сәлем беріп, қолын алдым. 
– Сіздің облыстан келген жерлесіңіз екен, сізге сәлем беруге келіпті, – деп таныстырды да отырмастан шығып кетті.
– Отыр. Мен Сәбит Мұқанов деген жазушы боламын. Иә, інішек, Солтүстік Қазақстанның орталығынансың ба, әлде ауданнансың ба? Аты-жөнің кім? – деп сұрады.
– Атым Тоқбай, әкем Исабек, Ленин ауданының «Бұлақ» колхозынан келдім. Қытай халық Республикасынан тың игеру мақсатымен Отанға келіп едік. Сол ауданға апарып орналастырды.
– Әке-шешең бар ма?
– Бар, олар Жамбыл облысының Луговой ауданында.
– Туған жерлерің сол облыс па?
– Жоқ, әке-шешемнің туған жері Талдықорған облысының Жаркент ауданы.
– Неге бөлініп кеттіңдер?
– Мен Құлжа қаласында Іле аймақтық кадрлар бөлім бастығы болып жұмыс істеуші едім. Жұмыстан әрең дегенде босанып, бір ай кешігіп шықтым. Сарыөзекке келгенде елді орналастыру басшыларына ағайым екеумізді әке-шешемнің қасына жіберіңіздер дедік. Тілегімізге құлақ аспай сол жаққа жіберді.
– Қап, обал жасаған екен қулар-ай, – деп ренжіген бейнемен қозғалып-қозғалып қойды.    
– Арызданып көрмейсің бе?
– Жоғарғы кеңес төрағасы Тәшеновке арыз жазып жүріп әрең босап, әке-шешеміздің қасына келдік.
– Жарайсың, Жазушылар одағын іздеп келгеніңе қарағанда жазатының бар-ау деймін.
– Өлең жазамын. Өлеңдерім аймақтық «Іле» газетінде, өлкелік орталығы Үрімжіден шығатын «Шыңжаң» газетінде жарық көрген.
– Қолыңда сол газеттер бар ма?
– Газеттерді өткізбейді екен. Тек қиындыларын ғана жасырып алып өттім. Бірнеше газетті таба алмадым.
– Кәне, көрейінші. 

Газет қиындыларын қолына алып өзі іштей оқыды да: 
– Ал, өзің оқып жіберші? – деді.

Мен газетке  шыққан 7-8 өлеңді дауыстап оқыдым.

– Жарайды, өлеңдерің дұрыстау екен. Айтпақшы, сен Құлжада істедім дедің ғой. Құлжа қаласына біздің атақты саяхатшымыз Шоқан Уәлиханов барған. Бұл жөнінде не білесің?, – деп тосын сұрақ қойды Шоқан жайлы білгісі келіп.

Бұл сұрақ қатты састырды. Маңдайымнан шып-шып тер шығып,  Шоқан туралы еш нәрсе білмейтінімді жасырмадым.

– Саспа, Шоқан туралы азды-көпті білсем дегенім ғой. Қытайға өту үшін Орталық партия комитетіне арыз бергем. Жуықта жауабы келіп қалуы мүмкін. Қытайға өтіп, құжаттар жинап, Шоқан туралы роман жазатын ойым бар, – деді де қоңырауды басып қалып еді, хатшы қыз кіріп келді. Қызға алма алып келуін тапсырып, орамалымен маңдай терін сүртті.

– Бір тал қалыпты, – деп қып-қызыл дәу апорт алманы ұсынды қыз иіліп.

– Жетеді, мына жігіт екеуміз осы алманы бөліп жейміз, – деп қалтасынан ақ бәкіні алды да алманы қақ бөліп жартысын маған берді.

Сәбеңе сәп салып көріп едім, тығыншықтай, екі иығына екі кісі мінгендей, қарынды, қолының бұлшық еттері білеуленіп шымырлығы байқалып тұр. Кеңмаңдайлы, ақ шашы қысқалау, тікірейген. Төменгі жағы әдемі болып қайырылған. Қасы да сұйықтау. Қиғаш қас. Қой көзі өткір. Мұрынды, екі беті табақтай етті. Шешектен қалған дақ па екен, екі бетінде сирек шұбары бар. Қою мұртын қырыққан. Қой тісті. Қалың ерінді. Мойны жуан, тамағындағы бұтақты еттері білеуленгендей байқалады.

Алманы Сәбең жұқалап кесіп жеп отырды да орындыққа шалқая отырып, аяғын айқастырып жіберіп әңгімені бастап кетті.

– Тоқбай, сен Қытайдан келіп, өзіңнің ес таппай жүргеніңе қарамастан әдебиет орнын іздеп жазушыларға сәлем беріп жүргендігің көңіліңде саңлаудың барлығы. Бұл бейнең маған ой салып, өз басымнан өткен қиыншылықты, бұл халге қалай жеткендігім туралы қысқаша баяндап берейін. Керекті жері өзіңе ой салар. Мен кедейдің баласы, яғни батырақпын. Мен де өзің сияқты газет-журналдарға алғашқы туындыларымды ұсынсам, бірен-саран өлең, әңгімелерімді әрең-әрең басады. Жақсы дүниелерімді жібермейді. Сөйтсем, газет-журналда істейтіндер бай-манаптың жасырынып қалған тұқымдары екендігі кейін байқалды. Жинақтарымды ұсынып көріп едім, оны да түкке тұрғысыз етіп тастады. Әуре-сарсаңға әбден түстім. Ақыры болмаған соң жолға қаражат жинап алып, өлең, поэмаларымды, әңгіме, повестерім мен романдарымды машинкаға бастырып алып, Мәскеуге тартып  отырдым. Мұндағы мақсатым – қайткен күнде де генералиссимус  В. И. Сталин мырзаға жолығып, жағдайымды ауызба-ауыз айтып, кітаптарымды шығаруға көмек сұрау. Тек Сталиннен көмек болмаса, басқа ешқандай лаж қалмады.

Пойызға отырып, бірнеше сөтке жүріп Мәскеуге жеттім де қонақүйге орналастым. Қонақ-үйге орналасудың машақатын айтсаңшы.

Ертесі көсемге жолығу үшін кезекке тұрдым, кезек біраз күнге созылды. Құдай оңдағанда аз ұлт өкілі деді ме екен, хатшы қыз кезегімнен ертерек жіберетіндігінен хабардар етті.

– Бүрсүгіні сағат 9.00-де В.И. Сталинге кіресіз, – деді ақсары қыз жылы жүзбен. Екі күн ұйықтай алмай дөңбекшіп шықтым. 
«Сталиннің қатал адам екендігін еститінмін. Сол қатал адамның алдында қалай сөйлеймін. Орыс тіліне де онша жетік емеспін. Ел жағдайын білмек болып сұрақ қойса, қалай жауап беремін?» деген ойлар күндіз-түні маза бермеді.

Ерте тұрып жуынып-шайынып, тамақтанып алдым да қабылдау бөлмесіне келіп, тәуекел деп кіруге дайын тұрдым. Тоғыздан 15 минут өткенде хатшы қыз кіріп кетті, қайта шықты да:
– Кірсін  деп жатыр, – деді кішіпейілділікпен.

Есіктен кіре сала орысша сәлем беріп едім. Сәлемімді жылы қабылдады да орнынан тұрып келіп қолымды алды, жанындағы орындыққа отырғызды.
Орындыққа отырып болған соң маған «темекі тартыңыз» деп «Қазбек» темекісін ұсынды. Мен темекі тартпайтынымды айтып, «рахмет» дедім. Ол кісі әдемі мүштекке кіргізіп тұтатқан темекісін тартып отырды. Бейнесіне көз жүгіртіп қараймын, газет-журналдардан көріп жүргенімдей сұсты.
Келген шаруамды сұрады.

– Мен кедейдің баласымын. Қазақстандағы баспаларға өлең, поэма, повесть, романдарымды кітап етіп шығартуға ұсынсам, баспады. Аужайын түйіп қарасам, баспаларға, газет-журналдарға бай-манаптың тұқымдары орналасып алыпты, маған кедергі жасап жүрген солар болып шықты. Кітап шығара алмай әбден айла-шарам таусылған соң баспаға ұсынған кітаптарымды қолтығыма қысып келіп, сізден көмек сұрап отырмын, жоғары мәртебелі                                 В.И. Сталин мырза, – дедім тайсалмастан.

– Кітаптарыңыз қайда?

– Осында, өзіммен бірге алып келдім. 

Дереу алдында тұрған үлкенді-кішілі бірнеше ақ қағаздың орташасын алып: – «Аты-жөніңіз кім?» – деді.
– Сәбит Мұқанов.

Сол ақ қағазға бір нәрселерді жазып бетті толтырып, аяғына өз қолын қойып, маған ұсынды.

– Мына қағазды хатшы қызға беріңіз. Ол қыз арнайы жолданатын, қол қойылған қатынас қағазға машинкамен мына сөздерді басып, қолыңызға береді. Сіз оны Қазақстан Жазушылар одағының хатшысына апарып беріңіз, кітаптарыңыз баспадан жуықта кезексіз жарық көреді. Қуанышыңыз құтты болсын, – деді де орнынан тұрып келіп қолымды қысты. Мен рахметті жаудырып, қуаныштан жүрегім жарылып кете жаздағандай тарсылдап, қабылдау бөлмесінен теңселе басып шықтым да қолымдағы қағазды қызға ұсындым. Қыз оқып шықты да күлімсіреп:

– Бақытты адам екенсіз, отыра тұрыңыз, қазір бітіріп беремін, – деп машинкаға отырды. Айтқандай-ақ сақылдатып бірдеме басып шықты да қатынас қағазды қолыма ұстатты.

– Енді алаңсыз жолға шығыңыз, қош-сау болыңыз, – деп ізетпен шығарып салды сары шашты қыз.

Пойызбен  ауылға қайттым. Қуанышымда шек жоқ. Қысқасы, алғашқы үш кітабым, 1926 жылы, 1927 жылы Сталиннің қолымен жарық көрді. («Кешегі жалшы мен бүгінгі жалшы», «Октябрь өкілдері» мен «Ақбөпе» поэмалары), – деп бір көтеріліп қойды.

Мен Сәбеңнің қарапайымдылығына таң-ғалып, құпия жан сырын тыңдап қалыппын. 

– Тоқбай інім, – деп атымды да біліп алғандығын байқатты.

Сәбең 24 жастағы менің қандай адам екендігімде шаруасы болмады. Қытайда аймақтық кадрлар бөлімін басқарып келгенмін. «Бұл қандай азамат» деп ешқандай күмән жасамастан-ақ басынан өткендерін ақтарыла айтып шықты.

Шай ішіп мауқын біраз басып алған соң  менің қызыға тыңдауым ұнады ма, әңгімесін әрмен қарай жалғады.

– Менің басымнан қилы-қилы, қиян-кескі оқиғалар өтті. Оны «Өмір мектебі» кітабымнан оқыған боларсың, оқымасаң оқырсың. Енді партиялық билетімді бермей қойғаны жөнінде айтайын.

Мен кейінірек көп жыл Жазушылар одағын басқардым. Осы кезде жазушылар арасында талас-тартыс, дау-дамай аз болған жоқ. Мұны Қазақстан орталық партия өкіметінің жауапты адамдарымен ақылдасып, дау-шарды дұрыс шешіп отырдық.

«Халық жауы» деген сылтаумен көптеген тарландарымызды түрмеге жапты, атты, шапты. Осылардың салқыны маған да тиді. Осыдан үш-төрт жыл бұрын мені Жазушылар одағының хатшылығына ауыстырды. Біз партия мүшелері одақ тұратын ауданның есебіндеміз. Кезекті бір партия жиналысында кейбір дүмбілез қулар менің жұмыстан ауысқанымды пайдаланып, маған әртүрлі кемшіліктерді жауып, кінәлап сөйлей бастады. Кейбір орынды сынды қабыл алдым да, негізсіз жала жабылған ескертпелерді қабылдамадым. Бұл жаңағы партия ұйымының хатшысының (атын айтып еді, есімнен шығып кетіпті) шабына от түсірді. Ол өршелене тіке шабуылға шықты. Мен де қайтпастан қайсарлана оның бетін қайтарып отырдым.
Ол хатшы әбден ашуға басып: 

– Партбилетті мына үстелдің үстіне, менің алдыма қоясың дегені. Бұл сөз менің жаныма түрпідей тиіп, жаныма шаншудай қадалды. Менің де долылығым ұстап: Партбилетті сенің қолыңнан алғаным жоқ, партбилетті тапсыру керек болса обком, орталық партия комитеттерінің хатшысының алдына бір-ақ тапсырамын. Мен мұндай беделсіз жиналысқа қатыспаймын», – дедім де орнымнан тұрып, жиналыстан шығып кеттім, – деп барып тоқтап, орамалмен терін сүртіп шайын ұрттады.

– Әй, Тоқбай, шай іш, әңгіме тыңдайын деп шөлдеп те қалған шығарсың, – деген жазушы ағаға дән риза болып, шайды тұтас сіміріп алдым. Ішкенім бал татығандай сезілді.

– Жә, әңгіме қызығына түсіп кетіп, біраз жерге барып қалыппыз ғой, – деп қол сағатына қарап алып: – Сонымен Алматыға оқу іздеп келгеніңді де ескерттің ғой.
– Иә, аға, барған ауданымнан оқу министрлігіне қаратып, тың игеруші ретінде қағаз алып алғанмын. 

Министрліктен ҚазПи-дің тіл-әдебиет факультетіне түсуге көмектесу сұралған. Қалтамнан қатынас қағазды алып /2/1955 жыл. № 654/ Сәбеңе ұсындым. Ол кісі оқып шықты да: «ҚазПи-дің ректоры – Отан соғысының батыры Мәлік Ғабдуллин. Ол менің шәкіртім. Оқу министрлігіне бармай-ақ қой. Бұл мәселе шешілді», – деді де телефонды алып, нөмірін бұрады.

– Мәлікпісің? Қал қалай, жұмыстарың жайлы ма? Әй, Мәлік, менде бір жігіт отыр. Қытайдан Отанға келіп, тың игеру үшін менің облысыма барыпты. Қытайда жұмыс істеген екен, осы жігітке оқуға түсуге көмектес. Ертең өзіңе барып жолығады, жарай ма? – деп түйіндеді. Сосын:

– Сен ертең Мәлік Ғабдуллин ағаңа барып жолық, көмек жасаймын деді, егер анау-мынау болса телефон соқ немесе үйге кел. Әкел төсқалта дәптеріңді, – деп дәптеріме «Сәбит Мұқанов. Артиллерисская,  39, кв. 4, телефон 42-15», – деп жазды…

     Тоқбай ИСАБЕКОВ
19/Х. 1956 жыл.

Қатысты жаңалықтар

Цифрлық теңге: Бюджет қаражатын бақылауға арналған жаңа кезең

Цифрлық теңге: Бюджет қаражатын бақылауға арналған жаңа кезең

11.07.2025
Жетісу облысында ветеринарлық станцияларға автокөліктер берілді

Жетісу облысында ветеринарлық станцияларға автокөліктер берілді

11.07.2025
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 23 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 23 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

11.07.2025
«Боялған ақша»: Айналымға 257,5 млрд цифрлық теңге шықты

«Боялған ақша»: Айналымға 257,5 млрд цифрлық теңге шықты

11.07.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия президентін құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия президентін құттықтады

11.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.