Қоғам үнемі өзгеріс үстінде. Уақыт машинасы бір орнында тұрмайды. Мейлі әдебиет не медицина, болмаса қаржы саласы болсын, жаңа ұғымдар мен түсініктердің шырмауында өмір сүреді. Мұны біз медиамагнат Марк Цукербергтің ғұмырнамасынан сыр тартатын «Әлеуметтік желі» кинокартинасынан аңдадық. Сонда комплаенс пайымы жайлы терең толғанады. Адамзат үшін оның рөлі қандай? Не үшін қажет? Осы сауал бізді осы мақаланы жазуға мәжбүрледі.
Әрине әуелі ғажайып «Google»-ді ақтардық. Бұл термин жайлы қазақша мүлде мәлімет жоқ. Ал оның өмір сүргеніне жарты ғасырға жуық уақыт болған. Комплаенс ағылшын сөзі compliance, қазақша тәржімаласақ сәйкестік деген атаудан өрбиді. Яки өнеркәсіп, шаруашылық, өндіріс, ғылым саласының әлемнің ішкі және сыртқы талаптарына сәйкес келу. Ол талаптарды қалай таңимыз десеңіз, материаны рухани биігіне көтеріліңіз. Мәселен, жасыл өнімдер жайлы айтқанда экологиялық мәселелерді айналып кете алмаймыз. Қазір таза табиғи тауарды пайдаланарда қоршаған ортаны қорғаудың заманауи стандарттарына сәйкестендіре отырып құрылымдау қисынды болар еді. Яғни, қалдықтар мөлшерін азайту, жануарларға жаңа өнімді сынаудан бас тарту, импорттық шикізатты тәртіппен тастау, көміртегі ізін азайту маңызды.
Былай қарасаңыз, комплаенс күрделі термин болып көрінуі мүмкін, бірақ бұл жай ғана ережелер мен талаптарды сақтауды білдіреді. Балды артық жесеңіз жүрегіңіз айнитыны секілді жағдай. Бизнес әлемінде комплаенс компаниялардың заңды және әдепке сай әрекет ететініне кепілдік береді. Оны компанияларға дұрыс жолда қалуға көмектесетін басшылыққа алатын қағидаттар жиынтығы ретінде қарастырыңыз. «Орталық Азияның сертификатталған комплаенс мамандары институтының» президенті Айгүл Телькараева айтуынша, әсіресе үлкен кәсіпте комплаенстың маңызы зор.
«Сіз ойын ойнап жатқаныңызды елестетіп көріңіз. Ойын әділ болсын десеңіз қатысушылардың бәрі ережелерді сақтауы тиіс. Бұл бизнеске де қатысты. Ережелерді сақтау алаяқтық пен сыбайлас жемқорлық сияқты заңсыз әрекеттердің алдын алуға көмектеседі. Сондай-ақ, тұтынушыларды қорғайды және сенімділікті нығайтады. Компаниялар ережелерді сақтаған кезде, халық олармен жұмыс істеу барысында өздерін тыныш және сенімді сезінеді. Комплаенс жөніндегі маман ойындағы төреші тәрізді», дейді А.Телькараева.
Төреші дегеннен шығады, кез келген саласада комплаенс маманы қызметкерлерді компанияның ережелерімен және саясатымен таныстырады. Іскерлік белсенділікті бақылай отырып, ішкі мәселелерді зерттейді. Осылайша, олар түйткіл туындар алдын нақты факттарға сүйене отырып шешімін табады. Цукербергтің де құпиясы осында. Ол қоғам ағымының алдында жүрді. Өзіне не керектігін білді, қателігін саралай алды.
Қараңыз, сіз үлкен кәсіпті бастауға бел байладыңыз. Жүздеген қызметкеріңіз бар. Ісіңіз өрге доламасын десеңіз, олардың әрбір әрекетін бақылап отыруға тиіссіз. Кейбір жұмысшы алаяқтыққа баруы мүмкін. Жұмысқа кешігіп келеді, қызметтік нормаларды сақтамайды, тапсырмаға салғырт қарайды дегендей… Осындай сәттерде комплаенс жөніндегі мамандар күдікті әрекеттерді және компания ресурстарының дұрыс пайдаланылуын бақылайды. Бұл тәсіл айлакерлікке жолбермейді һәм компанияның беделін қорғауға көмектеседі. Тұтынушы мен бәсекелестер арасында әділ қарым-қатынас онатуды қадағалайды. Демек, сіздің маркетингтік қадамыңыздың адал болуына жәрдемдеседі.
«Нормативтік құқықтық талаптарды сақтау – бұл әдеттен тыс әрекет болып көрінуі мүмкін, бірақ біздің күнделікті өмірімізде маңызды рөл атқарады. Ол кәсіпорындардың заңды, этикалық және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етеді. Комплаенс рөлін түсіну және бағалау арқылы біз оның әділ және сенімді бизнес ортасын құруға қалай көмектесетінін көре аламыз. Тұтынушыларды қорғау, адал тәжірибені қамтамасыз ету немесе алаяқтықтың алдын алу болсын, нормативтік талаптарды сақтау кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуі және қоғамның қауіпсіздігі үшін қажет. Сондықтан, келесі жолы сіз өнімнен немесе қызметтен ләззат алған кезде, комплаенс қызметі сіз үшін адал және қауіпсіз болып жатқанына көз жеткізесіз», дейді А.Телькараева.
«Жұрт алтын іздеген жерде сен күрек сат» дегендей, комплаенс қызметі қоғамдағы жылдам үдерісті бір сызықта ұстап тұрады. Ешқандай ереже бұзмай-ақ, емлеге сүйене отырып жетістікке жетуге болатына сенім береді.
Мұхтар КҮМІСБЕК
Сурет: ulan.kazgazeta.kz