Талдықорған: +19°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ҰСТАЗ ЖОЛЫ

25.04.2019
ЖАНСАРАЙ
ҰСТАЗ ЖОЛЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ізгілікке ұмтылған әрбір тұлға түптің түбінде арманына қол жеткізеді. Оған мысал, білім жолында биікке көтерілген адамдар. Міне, сондай асыл жандардың бірі  ұлағатты ұстаз Ләззат Чалтикенова. Бүгін біз мәртебелі мұғалімнің ғұмырдариясынан сөз тарқатпақ ниеттеміз.

Ләззат Әлиахметқызы жоғары білімді жас маман ретінде еңбек жолын 1984 жылы Қаратал ауданы, Елтай орта мектебінде бастаған. Аз ғана жыл ішінде білім мен біліктің  арқасында 1990 жылы   орыс сыныптары арасында өткен облыстық «Жыл мұғалімі»  байқауының жеңімпазы  атанады. 1999 жылы Д. Қонаев атындағы гуманитарлық университеттің Талдықорған қаласындағы филиалына  оқытушылық қызметке шақырылып, жоғары оқу орнында «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні мұғалімдерін даярлау ісіне 2008 жылға дейін атсалысады. 
Осы оқу ордасында  Ләззат Әлиахметқызымен танысқан  едім. Жүріс‑тұрысы ширақ, сөзі биязы, оны жанындағы жас оқытушылардың тәлімгері ретінде қабылдадым. Өз білмегенін сұрап, анық-қанығына жетуден жалықпайтын еңбексүйгіштігімен көзге түсті. Бір мамандық иесі болғандықтан, тез тіл табысып, көп жағдайда пікірлес болып та үлгерген едік. Сондай бір сырласу сәтінде Ләззат Әлиахметқызы: «Білесіз бе, менің арманым заңгер болу еді. Мұғалім мамандығын таңдауыма ықпал еткен – ата-анам. Бұрындары мұғалім мамандығы сондай сыйлы болған еді…  Анам  орыс сыныбында оқыған, мұғалім болуды армандаған екен. Бірақ соғыстан кейінгі жылдары білім алу мүмкіндігі әркімде болмады ғой. Сондықтан балаларының ішінен менің мұғалім болуымды қалады. Осылайша ата‑анамның арман‑тілегін жоғары қоя білдім. Ол үшін өкінбеймін. Әулетімізде менен басқа да педагогтар бар. Өз қалауыма да қол жеткіздім. Заңгер мамандығын сырттай оқып, диплом алдым. Бірақ мұғалімдіктің қыр‑сырын біраз меңгергендіктен, бұл ұстаздықтың дүниедегі барлық  мамандық   иесін  тәрбиелейтін,  оқытып‑үйрететін, қиындығы мен қызығы, жемісі мол сала екенін түсініп те, түйсініп те үлгердім, сондықтан мен қазір ұстазбын», – дегені бар… 
«Әкем Шалтікеұлы Әлиахмет  Отан соғысы жылдарында 13 жасында  Қарағанды шахтасында  ФЗО-да жұмыс істеген. Анам Темірқұлқызы Сағиділда жоғары білімі болмаса да классикалық әдебиеттерді  терең білетін, орыс тілінде таза сөйлейтін  өте зерек  адам еді.  Мұғалім болуды армандағанын айттым ғой. Екеуінің де арнаулы жоғары білім алуына елдегі қиын‑қыстау кез, халық шаруашылығын  қалпына келтіру жұмыстары  мүмкіндік бермеген. Жиырмасыншы ғасырда жастар соғыста қыршынынан қиылды,  ата‑ана балаларынан, балалар жақындарынан, сүйгендер сүйіктісінен айырылған қиын заман болғанын біз тарихтан оқысақ, ата‑аналарымыз басынан өткерді емес пе?! Міне, орындалмаған армандар…
Соғыстан кейінгі жылдары бас қосқан  ата-анам бес ұл, төрт қыз тәрбиелеп, өсірді. Бәріміздің жоғары білім алуымызға мүмкіндік жасады. Тіпті, бұл жолдағы еңбектері зор десем де болады. Өз арман‑мұратына біз, ұрпақтары арқылы жетуді  мақсат еткен болу керек.
Үлкен бауырым Дәуіт екеуміз ата-ананың  баласы болып  әжеміздің бауырында өстік. Солай бола тұра, мен әке-шешемнің арасындағы сыйластыққа, бір‑біріне деген құрметке ес білгелі куә болдым. Қазіргіше ол – махаббат шығар. Адамды қадірлеу, үлкенге құрмет, кішіге қамқор болу керектігін балаларына сөзбен емес, өз істерімен  үлгі ете білген,  елге сыйлы, ағайынға адал ата‑анамыздың тұрмыстағы, тәрбиедегі ұстанымын әулетімізде жалғастырып келеміз деп ойлаймын», – деген Ләззат Әлиахметқызының жүрекжарды сөзінен бойында байқалатын тектілік тамырының тереңде екендігін түсінгендей боласыз.  
2009 жылы филология ғылымдарының докторы, профессор Берікбай Сағындықұлының жетекшілігімен филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Қазақ тіліндегі грамматикалық сөз варианттары» тақырыбында диссертация қорғайды. 2011 жылдан бері І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында  аға оқытушылық қызмет атқаруда.  
Ұстаз – ұлағатты есім. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындату, адамгершілік рухта бағыт-бағдар, дұрыс тәлім-тәрбие беру – ұстаздар қауымының күнделікті  ісі. Бұл игілікті іс көзге бірден ұрмаса да, жылдар өте жемісін берері хақ. «Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі»  деп бекер айтылмаса керек‑ті. Міне, осындай ұлы істе өзіндік қолтаңбасын қалдыра білген Ләззат Әлиахметқызы отыз жылдан астам уақыт ішінде  өз шәкірттерінің жүрегінде білімге деген сарқылмас ынта-ықыласты  ұялата білді. Ләззат Әлиахметқызының оқытушы‑ұстаз, ғалым‑ұстаз ретінде қанат қақтырған шәкірттері қазіргі таңда  өмірден  өз несібесін алып, ел үшін еңбек етіп жүргендігінің куәсіміз. «Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді», – деген екен Ахмет Байтұрсынұлы. Бұл нақыл біздің сыйлы әріптесіміз жайлы айтылғандай… Ғалым ретінде мамандық бойынша  бірнеше ғылым және педагогика ғылымдарының магистрлерін даярлау ісінде де тыңғылықтылық пен белсенділік таныта білді. Олардың қатарында университетіміздің шетел тілдері кафедрасының оқытушылары Салтанат Сейтімбетова, Қаныша Жұмағали және бөлім қызметкері Таңшолпан Есім бар. Ләззат Әлиахметқызы – студенттер мен магистранттарға арналған  «Интербелсенді  әдістеме» (2012 ж), «Қазақ тіліндегі грамматикалық сөз варианттары» (2017 ж), «Морфологияның күрделі мәселелерін оқыту» (2018 ж), «Қазақ тіліндегі грамматикалық сөз нұсқалары» (2018 ж) сынды бірнеше еңбектің авторы. 
Бүгінгі күні өмір атты ұзақ жолдың бір белесінен көрініп отырған әріптесіміз Ләззат Әлиахметқызы «Ұстаз – жаратылысынан өзіне  айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін  жадында жақсы сақтайтын, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі. Ар‑намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарға да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсететін адам», – деген ғұлама әл‑Фарабидің сөзіне әрі  ұстаз, ғалым, азамат деген атқа әбден лайық деп білеміз.

Қарлығаш  
БАЗАРБЕКҚЫЗЫ,
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-дің профессоры

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

03.05.2026
Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

03.05.2026
Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

03.05.2026
Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.