Талдықорған: +18°C
$ 511.92
€ 588.91
₽ 6.44
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Табиғат тамыршысы

Күні кеше ғана замандас, қатарлас, ниеттес жандар бір ауылдың адамдары ретінде аралас-құралас жүруші едік. Енді, міне, сол жер жаннаты аталатын Жетісу өңірінің халқына аты-жөні де, атақ-абыройы да жақсы таныс Ғалым Тұрғамбаевтың өмірден озғанына біршама уақыт өте шығыпты. Ғалекең кезінде ондаған жыл қазіргі Жетісу облысындағы Панфилов, одан кейін Ақсу аудандарын басқарып, тамаша табыстарға қол жеткізіп, жұртшылыққа іскер басшы, білгір де білікті, талапшыл ұйымдастырушы, адал, жігерлі адам ретінде танылған азамат еді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстанның Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланғанда Мәжіліс отырыстарында ел қалаулыларының ішінде үнемі ауылшаруашылығына байланысты көкейкесті, ең өткір мәселелерді көтеретін белсенділердің қатарында болғаны әлі ұмытылған жоқ.

28.05.2025
ЖАНСАРАЙ
Табиғат тамыршысы

Бала кезінен алғыр да зерек жас орта мектепті жақсы бітірді де дереу туған ауылындағы Жамбыл атындағы ұжымшарға жұмысқа кірді. Мақсаты еңбек етіп, қаражат тауып, үй тұрмысын түзеу, анасына қолғабысын тигізіп, қарындасын киіндіріп, оқуын аяқтауға көмектесу еді. Сөйтіп жүргенде сырғып бір жарым жылдай уақыт өте шықты. Бір күні ауылдық кеңестің төрағасы кеңсесіне Ғалымды шақыртып алып, ол күтпеген әрі таңдандырған ұсыныс жасады.

– Біз ұжымшар басшысы, партия ұйымының хатшысы бар, бәріміз ақылдасып, саған ауылдық кеңестің хатшылығы қызметін ұсынайық деп шештік. Не айтасың?, – деді жүзіне байыппен қарап.

– Ой, аға, мен ондай қызмет істеп көрген жоқпын ғой. Оның үстіне жазда Алматыға барып, Ауылшаруашылығы институтына емтихан тапсыратын ойым бар, – деді аяқ астынан не айтарын білмей.

– Қай мамандықты қалайсың?

– Агроном болғым келеді.

– Таңдауың дұрыс екен, бітірсең бәрібір ауылға келесің ғой, оқуға барамын десең қарсы болмаймыз. Дегенмен біздің ұсынысымызды да ойланып көр. Әлі де жарты жылдай уақыт бар ғой, кеткенше болса да істеп байқа, тіпті сырттай оқуға да болады емес пе? Көп қиындығы жоқ қызмет қой, көмектесеміз, үйретеміз. Ертеңге дейін ойлан, анаңмен ақылдас, содан соң келіп жауабыңды берерсің.

– Жарайды, аға, қамқорлығыңызға рахмет!

Кешкісін Ғалым болған әңгімені анасына айтады, бұл жақсылықты естігенде анасының жүзі жылынып, жайнап сала береді. «О, Жаратқан ием, бізге де шапағатыңды тигіздің-ау», – дейді көзі жасаурап. Сенім артып отырғанда барғаның жөн. Бұл әңгімені естіп отырған қарындасы да: «Алақай, енді менің бауырым бастық болады», – деп қуанған.

Осылай жас жігіт Ғалымның кеңселік ғұмыры, көпшілікпен тығыз жұмыс істеуі басталып кетті. Кішкентай қызмет демей әдеті бойынша жанын салып, жұмысын адал атқаруға тырысты. Екі жылдан соң Талды ауылдық кеңесінің төрағасы болып шыға келді. Аудандағы ең жас төрағалардың бірі бола тұра қабілетті, белсенді, іскер қызметкерлердің қатарынан таныла бастады. Білімін жетілдіруді де ұмытқан жоқ, сырттай оқуға түсті. Тағы 2-3 жылдан соң сол ұжымшардың партия ұйымының хатшысы қызметіне көтерілді. Алматыдағы Жоғарғы партия мектебін бітірген соң аудандағы озат шаруашылықтың бірі Киров атындағы ұжымшар парткомының хатшысы қызметіне өсті.

Жасы отыздың үстіне шығып, жігерлі жігіттің орда бұзар кемелді шағына жеткен Ғалым Тұрғамбаев 1972 жылы сол аудандағы «Басши» кеңшарына директор болып ауысып келді. Өмірлік тәжірибесі тасыған, қолыма жеке бір шаруашылықтың билігі тисе өзімді істе байқап көрсем деп құлшынып жүрген кезі еді. Сезімі, сенімі алдамаған екен. Жаңа директор ұжыммен тіл табысып, жұртшылықты табанды еңбекке жұмылдыра алды. Нәтижесінде «Басши» кеңшары барлық көрсеткіш бойынша жоспарлары мен міндеттемелерін асыра орындап, көзге түсті.

Келесі 1973 жылы Панфилов аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Ш. Сапиев облыс басшыларының бірі болып, Талдықорғанға ауысты да оның орнына Ғалым Тұрғамбаев сайланды.

Араға жылдар салып, Басшиге қайта келіп, қызметіне қызу кіріскен Ғалым бір кездері өзі жоспарлап, ойластырып келген мақсатын жүзеге асыруды дереу қолға алды. Әдеттегідей жұмысын тәртіп пен талапты күшейтуден бастады. Мамандар біліктілігіне, іскерлігіне қарай іріктеліп, еңбекті жаңаша ұйымдастыру жолға қойылды. Біртіндеп еңбек өнімділігі артып, жұмысшылардың айлық табыстары өсе бастады.

1989 жылы ауылда шағын кірпіш зауыты салынып, келесі жылы сондай асфальт зауыты жұмысқа қосылды. Енді жылына 1,5 млн. дана күйдірілген кірпіш әзірленіп, құрылыс жұмыстарының қарқыны үдей түсті. Ауылдарда кең, еңселі үйлер, қыстауларда шопандар отбасы үшін шатырлы, тақтай еденді үйлер мен моншалар салынып, көшелерге асфальт төселіп, көріктендіру басталды.

Жерінің үсті тақыр болғанымен асты толған су. Себебі Үлкентаудан ағып шығатын мол сулы Түлкілі, Ұзынбұлақ өзендері сай ауызынан шығып түгелдей жер астына сіңіп кетеді де Басши, Нұрым, Аралтөбе ауылдарының маңындағы дөңдерде бастаулардан мөлдіреп шығып жатады. Түртіп қалсаң су атқылап, өз екпінімен ағып тұра береді. «Фрегат» жаңбырлатқыштарын орнатып, жүгері, жоңышқа егістіктерінің көлемін арттырып, көп өнім жинауға, мал бордақылап, семіртіп, үкіметке сатып, мол пайдаға кенелуге болатынына көзі жеткен. Сол ойларын жүзеге асырып, ауыл адамдарының тұрмыстық, әлеуметтік жағдайын жақсартып, елдің артқан сенімін ақтады.
Ауылда бұрыннан бәрі де екі қабаттан тұратын көрікті орта мектеп, 50 орынды балабақша, әкімшілік кеңсе ғимараттары, су құбыры бар болатын. Енді сол мектеп жанынан музыкалық мектеп ашылып, ауыл балаларын өнерге баулуға мол мүмкіндік туған. «Көңілашар» деген 150 адамға, жазғы ашық бөлігімен 350 адамға арналған дәмхана салынып, көпшілік тойын еркін, көңілді өткізуге жағдай жасалды. Тұрғындарға аптасына 2 күн жұмыс істейтін монша қызмет көрсететін. 1991 жылы екіқабатты 400 орынды жаңа Мәдениет үйінің ғимараты тұрғызылып, төбесін жауып, сылап, сырлауы ғана қалған. Сонымен бірге қыста жылумен, ыстық сумен қамтамасыз ететін жылу орталығының кең де биік ғимараты тұрғызылып, жабдықтарын орнату кезеңіне жақындаған. Дәмхананың жанынан нан пісіру цехы ашылып, үш ауылдың да тұрғындары дайын нанды дүкеннен сатып алатын. Әйелдер екі-үш күннің бірінде нан пісіру әуресінен құтылып, қолдары барынша босап, бір жеңілдеп қалған еді. Амал не, Кеңес өкіметінің шаңырағы ортасына түсіп қираған соң Мәдениет үйінің де, жылу орталығының да құрылысы тоқтап бітпей қалды.
1991 жылы Кеңес одағы құрдымға кетіп, өзге елдер сияқты Қазақстанның да тәуелсіздігін алып, азаттыққа қол жеткізуі таңғажайып оқиға, орасан қуаныш болды ғой.
Меніңше, Ғалым Тұрғамбайұлының болашақты болжап, келешекті сезе алатын сергектігіне таңғалмау мүмкін емес. Ол «Басши» кеңшарына директор болып 1986 жылдың екінші жартысында қайта оралған. Бірер жылдан соң-ақ Қазақстан Үкіметінің алдына ұлттық табиғи паркін құру мәселесін қойып, ол әрекетіне қызу кіріскен. Алдымен бұл мақсат, жоспарына ауыл тұрғындарын көндірген. Мәселені ұжымының жалпы жиналысында талқылап, шаруашылыққа тиесілі 260 мың гектар жердің 200 мың гектарын құрылатын паркке беру туралы келісімін алған. Тағы да 260 мың гектар жерді көрші шаруашылықтардан алуға басшыларын көндірген. Ғалекең құжаттарды алып 1990 жылы сол кездегі Қазақстан Үкіметінің басшысы Ұзақбай Қарамановқа кіреді. Алайда Экология және биоресурстар министрлігі мен республика Ғылым академиясы бұл ұсынысты қолдамайды. Олардың пікірінше, табиғат қорғау туралы мәселелер қайдағы бір кеңшар директорының ұсынысымен емес, мемлекеттік органдардың бастамасымен, яғни, жоғарғы жақтың нұсқауымен құрылу керек екен.

1991 жылы Ғ. Тұрғамбаев Парламент сайлауы өткенде арасында жоғарғы жақтың қолдап отырған кандидаты бар 3-4 үміткерді жеңіп, Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Содан кейін ұлттық табиғат паркін құру мәселесі тезірек шешімін табады. Үкімет басшысы оны құру туралы құжаттарды дайындауды Талдықорған облыстық кеңесінің төрағасы С. Тұрсынов пен автордың өзіне тапсырады. Сол жылдың 10 сәуірінде Қазақстан Министрлер кабинетінің №59 шешімімен «Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғат паркін» ұйымдастыру жөніндегі уақытша дирекция құрылып, оның бас директорлығына Ғалекең бекітіледі. Содан 1996 жылы «Басши» кеңшары жекешеленгенге дейін ол екі мекемені қатар басқарған. Өзі Парламент депутаты, өзі кеңшар директоры, өзі табиғат паркінің басшысы міндетін қатар атқару қаншама қайрат-жігерді қажет етеді десеңізші?!

Міне, осындай әрекеттерінің бәрі оның мақсатына жетпей тынбайтын өте белсенді, өжет те өрелі азамат болғанын көрсетеді. Ал «Алтынемел» паркі мәселесін көтеріп, табандылығының арқасында оны құрып үлгергені бүгінгі басшилік тұрғындар үшін тамаша көмек, зор пайда, құт-береке болып отырғаны айдай анық. Қазір табиғат паркінде 200-ге жуық адам жұмыс істеп, жалақы алып, отбасын асырап отыр. Оның үстіне жыл сайын мұнда келуші туристердің саны арта түсуде. Тұрғындар сол саяхатшыларға әртүрлі қызмет көрсетіп, пайда табуда. Басши ауылында қонақүйлер, дәмхана, мейрамханалар салу жанданып келеді. Ғалекеңнің ауылдастары туристерге қолайлы қонақжайлық көрсетудің заманауи тәсілін игеруге құлшына кірісуде.

Ғалымның өмірінің барлық қыр-сырын шағын мақалада толық көрсету мүмкін емес. Оның адами, азаматтық тағы бір ерекшелігі – өзіне, жұртшылыққа қажет пікір-пайым, идеяларды ойлап, көңіліне түйіп, керек кезінде ортаға тастауға үнемі дайын жүретін жақсы әдеті. Мәселен, Басшиде өткен бір ас үстінде ол маған қаратып: «Осы ауылда туып-өсіп, еңбегі сіңген танымал адамдар туралы жазып, облыстық, республикалық басылымдарда жариялап жүрсің ғой. Тұрғындардың шежіресін де жинап, «Бәйдібек баба – алып Бәйтерек» жинағын да шығардың. Алайда жеті атасын білмеудің жетесіздік екендігі қанша айтылса да қазіргі жастардың көбі жеті атасы тұрмақ екі-үш буыннан арғысын білмейді. Ауылдың ежелгі тарихын, төңкеріс, ұжымдастыру, отырықшылыққа ауысу кезеңіндегі тарихты айтпағанда, одан кейінгі Отан соғысы жылдары майданда шейіт болғандардың, жауды жеңіп қайтқан ерлердің, тылда еңбек етіп, майданды қамтамасыз етіп, өздері жоқшылыққа, аштыққа ұшырап, азапқа шыдаған әйелдердің, қарттардың, буыны қатпаған балалардың көрген қиындығын елестете де алмайды. Бәрі бүгінгідей ылғи қарын тоқ, киім бүтін болған екен деп ойлайды. Тіпті, ауылдың сол адамдарының, аталар мен аналардың жанкешті ерлік істері тұрмақ есімдері де ұмытылып барады. Ел мен жердің, ата-бабалардың, ауылдың тарихы кітап болып жазылса, ұмытылмай сақталып, келер ұрпаққға да жетер еді. Енді оны сен жазбасаң кім жазады?», – деген еді.

Өзі Басшиде туып-өспесе де мұнда ұзақ жыл қызмет істеп, ел-жұртпен араласып, өз адамы болып кеткен, осы ауылдың халқына жаны ашитын, қамқор кісінің сөзі ғой. Сол ой, пікірдің менің ойыма келмегеніне кәдімгідей қысылып қалдым. Нәтижесінде 2017 жылы «Басши деген ауыл бар» деген тарихи-танымдық кітап оқырманның қолына тиді. Шынын айтқанда ол да Ғалекең айтқан ұсыныстың жемісі деуге болады. Ал оның отбасына келсек, өмірден ерте озған алғашқы зайыбы Баян марқұмнан Талғат есімді ұлы, Гүлнар, Гүлбану, Жамиля есімді қыздары, кейінгі зайыбы Софиядан ұлы Данияр және олардан өрбіген немере, шөберелері бір қауым. Олар, әрине, атақты әке-аталарын тиісінше мақтан тұтады. Олардың бойында да атасының қызу қаны, биік арманы, іскерлік дағдысы сияқты қасиеттері берік сақталған. «Жақсы адамның аты өшпейді» дейді ғой. Енді, міне, Ғалым Тұрғамбаевтың басшылығымен еңбек етіп, табыстарға жеткен ұжымдардың талап-тілегіне орай оның есімін есте сақтау мақсатында Басшидегі «Алтынемел» ұлттық табиғи паркі кеңесінің қабырғасына есімі жазылған ескерткіш тақта орнату жөнінде бастама көтеріліп жатыр екен. Ұсыныс қолдау тауып, ел үшін еңбек еткен ер есімі сол тақтада жазылатынына сеніміміз мол!

Ерғали Ахмет,
Кербұлақ ауданының Құрметті азаматы

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда үздік медицина мамандары марапатталды

Талдықорғанда үздік медицина мамандары марапатталды

16.06.2025
Бақыттың кілті өз қолыңда

Бақыттың кілті өз қолыңда

15.06.2025
Қарасаздың Қарлығашы

Қарасаздың Қарлығашы

15.06.2025
«Жетісудың» жүрегі

«Жетісудың» жүрегі

15.06.2025
Малайсары тауларына бүркіт қонды

Малайсары тауларына бүркіт қонды

15.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.