Талдықорған: +28°C
$ 511.77
€ 593.19
₽ 6.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ТӘРБИЕ КӨЗІ

25.08.2024
ЖАНСАРАЙ
ТӘРБИЕ КӨЗІ

Шежіресі мен тарихының тарауында құндылық ізі сайрап жатқан қазақ халқының өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, күнделікті тіршілігімен біте қайнасып келе жатқан қолөнердің өзі – тәрбие көзі. Қолөнер бұйымы әсемдігі, өрнегі, зерімен адамдарға рухани күш құяды, ләззат сыйлайды. Анықтап қараған жанға қолөнер туындыларындағы ұлттық нақышқа толы зер мен ою-өрнек, оның орналасуы адамзат дүниесінің табиғатпен біте қайнасқан қарым-қатынасын, көңіл-күйін, жан дүниесіндегі тылсымын сыр қылып шертетіндей құпияға толы.


 Осынау құпияға толы дүниенің сынын ғасырлар бойы кетірмей, сырын ұшырмай аялап ұстап, жәдігер ретінде сақтап келеміз. Бүгінгі таңда музейлерде тұрған қолөнер туындылары қатарына балбал тастан бастап, қыш құмыралар, найза ұштары, қару-жарақ, тұрмыстық заттарға дейін жатады. Мұның бәрі бабаларымыздың қолынан шыққан дүниелер. Яғни, қазақ қолөнерінің түпкі бастауы ретінде балбал тастар мен руна жазуы мөрленген тастарды, Күлтегін-Тоныкөк жазбаларын да алып қарауға негіз бар.

Рас, қолөнер шеберлері табиғат сұлулығын өнер туындыларына арқау еткен. Өнер туындыларының бет-бедеріне ширатыла түскен ғажайып өрнек, зер мен нақтылы бір дүниеге бағытталған нақыштар өзгеше бір тілмен ақтарыла сыр шерткендей әсер қалдырады.

Қазақ қолөнерінің түрі, сапасы, өрнегі, бояуының түпкі тарихы көшпелі өмірмен тығыз байланысты. Шебердің қолынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның ортақ қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі екенін этнографтар айрықша атап өтсе, қазақ жалпы қолөнерді бағалаған халық екенін сөз мәйектерінен де аңғаруға негіз бар. Мәселен, «Шебердің қолы ортақ» дейді халқымыз. Яғни, шебер адам қашанда ұлтқа пайдасы тиетін, халықтың сұранысына сай дүниені жасаушы, дәстүрлі дүниелерді жаңғыртушы адам есебінде болған. Сондықтан да саусағынан өнер тамған, ағаштан, темірден түйін түйген адамдар қоғамның сұранысындағы маман ретінде бағаланған.

Шындығына келгенде, нағыз шеберлікке жету үшін табандылық, іскерлік, талғампаздық, білім қажет. Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнердің алуан түрін ойлап тапты. Өз ұрпағының «сегіз қырлы, бір сырлы», өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-бабамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін ұрпақтан ұрпаққа үйретіп келген.

Мұрасы ұрпағына мирас болған елдің дәстүрлі өнері сол жұрттың ғасырлар бойы бастан кешкен өмір салтының, таным-түсінігінің айғағы, жарқын көрінісі екеніне ешкім шек келтіре қоймас. Ендеше, жастар жаңа заман талабына сай өз тағдырын өзі шешуге қабілетті, нарықтық жағдайда алдындағы мақсатын анықтай алатын білім алуы тиістігін ескере отырып, бабалардан қалған бай мұраның тарихы мен шежіресін танып білуге міндетті екенін де еске саламыз. Тек танып-біліп қана қоймай,  қолөнер шеберлігіне де машықтануы тиіс. Яғни, бұрындары болатын еңбекке баулу секілді пәндік сабақтарды саралап, шеберханалар мен арнайы сыныптарда теориялық тұрғыда түсіндірілген білімді іс-тәжірибеде қолдана білген абзал. Бұл ретте заманауи түрде салынып, жаңғыртылып жатқан мектептерде арнайы сыныптар бар екенін де атап өткен жөн.

Саналы тәрбие мен сапалы білім алған ұрпақ елдің болашағын жарқын етеді. Бұл орайда ұлттық өнер мұраларын сақтап, сұрыптап, қазіргі уақытта сәнді етіп, мәдениетімізді қолданбалы сәндік қолөнермен өркендетуі де жас ұрпақ жауапкершілігінде. Ендеше, еркін еліміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетіне, саналы ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігі мен кәсіби шеберлігіне байланысты екенін ескеріп, қолөнер де тәрбие көзі екенін ұмытпауымыз қажет.

Айман ИДРИСОВА,
№5 М. Ломоносов атындағы орта мектеп-лицейі көркем еңбек пәнінің мұғалімі
Талдықорған қаласы

Қатысты жаңалықтар

Жетісу облысы маман тапшылығын қалай шешуде?

Жетісу облысы маман тапшылығын қалай шешуде?

13.06.2025
Тоқаев ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады

Тоқаев ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады

13.06.2025
Жетісу облысында үздік медицина қызметкерлері марапатталды

Жетісу облысында үздік медицина қызметкерлері марапатталды

13.06.2025
Жетісудан табылған ортағасырлық қалаға әлі сараптама жасалған жоқ

Жетісудан табылған ортағасырлық қалаға әлі сараптама жасалған жоқ

13.06.2025
Президент дәрігерлермен кездесу өткізіп, Медицина қызметкері күнімен құттықтады

Президент дәрігерлермен кездесу өткізіп, Медицина қызметкері күнімен құттықтады

13.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.