Талдықорған: +30°C
$ 520.93
€ 609.07
₽ 6.68
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ЗАМАНАУИ МАМАН

30.06.2024
ЖАНСАРАЙ
ЗАМАНАУИ МАМАН

Бүгінде бәріміздің қолымызда бір-бір сымсыз құрылғыдан бар. Иә, бұл күнде сыңарымызға айналып үлгерген смартфонның адамзат баласына тигізіп жатқан зияны жоқ емес. Алайда тиімді тұстарын айтып өткеніміз абзал. Мәселен, кез келген уақытта қалтафонның көмегімен қалағанымызша сәтті кадрларды түсіре аламыз. Осындай қолда бар дүниенің қадірін арттырып, жансыз дүниеге жан бітіріп, әрбір кадрдан креативті әрі әдемі көрініс істей алу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Себебі қазір камераға керемет түсірудің өзі кәдімгі бір мамандыққа айналған. Сұлулықтың бәрін смартфонға сыйдыра алатындарды заманауи тілмен айтқанда  мобилограф дейміз.


Бүгінде  трендтегі мамандықты игеріп жатқан жастар бар. Солардың бірі – Әлібек Шалтабаев. Кейіпкеріміз небәрі 1 жылдың ішінде облыста өзіндік қолтаңбасы бар мобилограф ретінде танылып келеді. Ол қазіргі күні қаланың көрікті келбетін келістіріп, облыстың айшықты жерлерінен әсерлі кадрлар ұсынуда. Негізі Әлібектің негізгі мамандығы ветеринарлық дәрігер. Бірақ бүгінде өз мамандығын смартфонға алмастырып, сапалы бейнелер түсіріп, ұсынып жүрген жайы бар.

Бұл саланың артықшылығы еркіндікте. Біріншіден, кімді қалай түсірсең де ол сенің қиял еркіндігіңде жатқан нәрсе. Еркіндік бар жерде қашанда артықшылық болады. Екіншіден, бұл мамандықта бір ғана жерде тұрақталып қалу жоқ. Мәселен, блогердің жеке мобилографы болып шетел көру мүмкіндіктері бар. Шетелге шыққан кез келген саладағы адамның көкжиегі кеңейері қашанда анық. Үшіншіден, бұл саланың тағы бір артықшылығы – уақыттың үнемді болуында. Бұл салада таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін жұмыс істеу  міндетті емес. Бір күнде бірнеше жоба алып жұмыс жасауға болады. Сонымен қатар, мобилограф болу жас талғамайды. Расында, 10 жастағы баладан зейнет жасындағы ата мен әжелердің үйреніп жүргенін көз көріп, құлақ естіп жүр.

– Осыдан 4-5 жыл бұрын мобилография жайлы ешкім де ештеңе білмеп еді. Бірақ, қазіргі таңда бұл жастар мен кәсіпкерлердің арасындағы жаңа табыс көзі. Қазіргі уақытта кез келген сала қызметкерлерінің жеке мобилографы бар. Тіпті сондай мобилографтар табыс тауып, шетел аралап жүр. Бұл заманауи мамандықтың дамығанына тағы бір дәлел. Шынымен бүгінгі таңда мобилографияны мойындағандардың саны артуда. Дей тұрғанмен, өнімді әрі сапалы жұмыс ұсынатындардың қатары санаулы. Сәйкесінше, видеоға сай музыка таңдау да маңызды. Өйткені сіз жасаған роликте әуеннің алар орны ерекше. Бастысы, сүйікті ісіңмен айналысу және де мақсат қою діттеген жолыңмен жүріп, арманыңа жету керек, – деді ол. 

Әлібек бүгінгі таңда Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде мобилограф болып жұмыс істейді. 2 жылдық жұмыс тәжірбиесінде талай шығармашылық еңбектері еленді. Айта кетейік, өңіріміздегі әр шараны айшықтап беретін маман да осы Әлібек. Бүгінде ол әкімнің қатысуымен болатын мемлекеттік, халықаралық шараларды түсіріп жүр. 

Балқашқа іссапар

Жазушы, журналист Мамытбек Қалдыбаев «Жетісу» газетіне қызметке тұрғасын Балқаш ауданына іссапарға барып, балықшылар жайында көлемді мақала жазып қайту жөнінде тапсырма алады. 

Жамбыл облысында туып-өскен, ақкөңілдігіне аңқаулығы да жарасып тұратын ағамыз Алматының маңында Балқаш деген ауданның барын бұрын-соңды естімесе керек, бірден әуежайға барып Балқаш қаласына билет алып ұшып кетеді. Барған бойда Жезқазған облысы басшысының идеология жөніндегі хатшысының қабылдауына кіріп, «Жетісу» газетінен іссапарға келгенін айтады. 

Өз кезегінде «Жетісу» деген газеттің барын естімеген хатшы да таңғалып қалады. Сонымен әңгіме барысында ақиқат анықталып, қонақжай хатшы шалғайдан келген қонақ тілшіге дастарқан жайып, сый-құрметін көрсетіп шығарып салады. Көлге шығып бара жатқан кемені тоқтатып, Балқаш көлі арқылы Құйғанның балықшыларына жеткізіп салуды тапсырады. 

Хатшының ықыласына көңілі толып, бір мезгілде балықшыларға да уақытында жететініне, сөйтіп тапсырманы орындап үлгеретініне көзі жеткен Мамытбек ағамыздың көңілі жайланып сала беріпті. 

А. ӘБІЛТАЙҚЫЗЫ
 

Қатысты жаңалықтар

Атажұрт рухын асқақтатқан

Атажұрт рухын асқақтатқан

11.07.2025
Міндетті әлеуметтік  сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді?

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді?

11.07.2025
Жетісу облысында су шаруашылығы қызметкерлері марапатталды

Жетісу облысында су шаруашылығы қызметкерлері марапатталды

11.07.2025
Қазақстанда 85 мың теңге күнкөріске жетпейді – сарапшы

Қазақстанда 85 мың теңге күнкөріске жетпейді – сарапшы

11.07.2025
Жетісулық жас робототехниктер халықаралық аренаға жолдама алды

Жетісулық жас робототехниктер халықаралық аренаға жолдама алды

11.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.