Талдықорған: +38°C
$ 532.74
€ 617.23
₽ 6.77
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Жайсаң жан еді

Біреулер келер, біреулер кетер. Бұл – өмір заңы. Журналистикаға келген 40 жылға жуық уақытта жазудың жампоздарының жан жылуын сезіндім. Қайран ағаларым мен тәтелерім. Әрқайсысы бір-бір шежіре еді ғой. Қандай қиындық, сынақ кездессе де өмірге күле қарай алатын қайсарларым. Бір-бір төбе болатын. Соңғы кезде ағаларымның қатары сиреп, редакцияға Болат аға Бисұлтанұлы ғана келіп жүруші еді. Газет редакторынан бастап барлығымыз ағаларды тік тұрып қарсы алып, жазып әкелгенін тездетіп газет бетіне шығарып беруге тырысатынбыз. Бұл – аға буын журналистерге деген құрмет. Жол көрсетушілеріміздің мақаласын жарқ еткізіп шығарып, қуантқымыз келеді. Себебі, журналист – газет бетіне шыққан мақаласынан күш-қуат алып, рахаттанады.

22.06.2025
ЖАНСАРАЙ
Жайсаң жан еді

Болат аға қазақтың біртуар ұлы Дінмұхамед Қонаев жайлы көп жазды. Ел экономикасының көтерілуіне ерекше еңбек сіңірген Қонаевтың туған күнінің қарсаңында Болат аға мақала жазып әкеледі деп күтетінбіз. Ол кісінің есте сақтау қабілеті керемет еді. «Қырық жылғы» оқиғаны ұмытпайтын. Әр деталіне дейін айтып беретін. «Бір мың тоғыз жүз жетпіс бәленбайыншы жылы редакцияда жиналыс өтіп, сонда пәленбай былай деп сөйлеген» деп сөзін үтір, нүктесіне дейін қайталап, жиналыстың барысын ретімен, қаз-қалпында баяндайтын. Әңгіменің тоқетерін: «Сонда бар ғой» деп топшылап, адамдардың қандай қиын сәтте де адалдықтан айнымайтын асыл қасиетімен сабақтастыратын. Естелікті түйіндеген соң мәселенің әділ шешілгенін айтып, сол жағдай бүгін болғандай рахаттанып күліп алатын. «Жақсылыққа жаны құмар» деп осындай адамдарды айтса керек.

Еңбек жолын Ақсу ауданының «Өмір нұры» газетінен бастаған Болат Бисұлтанұлы ауылшаруашылық мамандарының ілгерінді ісін газет бетінен түсірмеуге күн-түн демей еңбек етті. Ол кезде коммунистік партияның аудандық комитеті газетке шығып бара жатқан әр мақаланы қадағалап оқып, содан кейін басуға рұқсат беретін. Сонымен газет түннің бір уағында шығады. Ол кезде компьютер деген атымен жоқ. Жалғыз машинка газетке шығатын барлық мақаланы теруге міндетті. Содан кейін баспаханада бүкіл әріпті қорғасынмен қайта теріп шығады. Таңертең газет оқырманның қолына уақытында жетуі тиіс. Кей кездері орталықтан келетін жиналыстарды күтіп, теріп таңға дейін жүретін. Мұндай іске мамандығын сүйетін, ыстық-суығына бірдей көнетін қаламгерлер ғана шыдайтын.

Болат Бисұлтанов Қапал ауданының «Қапал еңбеккері» газетінде тұшымды еңбек еткен кезде қазіргідей көлік жоқ. Тілші малды ауылды, егіндікті жаяу аралайтын. Сөйтіп жүріп еңбек адамдарын газетке үзбей шығарып, еңбек жолын көпке үлгі ететін. Баспасөз – тәрбие құралы. Алдыңғы қатарлы комбайншы, сушы, диқанды жас ұрпаққа үлгі ететін. Солайша, талай жас өз бақытын жұмысшы мамандығынан тапты.

– Болат Бисұлтанұлы 1996-97 жылдары Сарқан аудандық «Сарқан» газетін басқарды. Сол жылдары газет тарап кеткен. Болат аға редакцияның басын қайта құрады. Тоқырау жылдары газетке жазылым төмендеп кеткен еді. Газет 300 данамен қорғасын қалыппен шығарылды. Сөйтіп, Болат Бисұлтанов газет тарихын қайта жалғап берді, – дейді «Сарқан» газетінің бүгінгі редакторы Жомарт Игіман. Бұл – ерлік!

Талдықорған облыстық «Жер- ұйық» газетінің бірнеше бфөлімін басқарған Болат аға ұжымда кәсіподақты басқарды. Сол кездегі газет корректоры Злиха Құмғамбаева: «Болат аға керемет адал еді. Ол кезде сары май, шұжық деген тапшы. Журналистер мақала жазып, сауда үйлерінен азық-түлік әкеледі. Оны кәсіподақ басшысы ретінде Болат аға бәріне теңдей бөлетін. «Әй, ананың жас баласы бар. Анау жалғызбасты ана, оған көбірек берейік!» деп жастарға қамқорлық танытатын» – деп ағаның үлкен жүректілігін еске алады. Кейіннен Алматыдағы Жоғары партия мектебін тамамдаған Болат Бисұлтанов алған білімін қызметте пайдаланды.
«Жетісу» газетінің 100 жылдығына орай шығарылған кітапқа «Жер-ұйық» газеті қызметкерлерінің аты-жөнін кіргіздік. Тізімді жасарда сол газетте ұзақ жыл еңбек еткен Болат Бисұлтанұлымен ақылдастық. Жоғарыда айтқандай, ешкімді ұмытпайтын ол барлық қызметкердің аты-жөнін қолмен қойғандай айтып берді. Сол үшін бірнеше рет редакцияға келіп, тізімді қайта-қайта тексеріп, ешкімнің қалып қалмауын қадағалады. «Бәленбай деген корректор қыз 2 ай істеп, шығып кеткен» деп газетке еңбегі сіңгендерді түгендеді.

Сол кездерді сағына еске алған ұлы Нұрлан:

– Әкем газеттің спорт бөлімін басқарды. Спорттық шараларды жазуға барғанда бізді кезек-кезек ертіп алатын. Мен футболдан қалмайтынмын. Асқар тау әкеміз адал еңбек етуге тәрбиеледі. Сағынып жүрміз… – деп өткен күндерді ой елегінен өткізді.

Жары Советай Нұрғалымқызы екеуі 4 перзент сүйді. Балалары бүгінде әр салада еңбек етіп, әке атына кір келтірмей келе жатыр. Болат ағаның немерелері мен шөберелері өмірінің жалғасы.

Қайран ағатайым, қалқайып келіп тұрушы еді. Соңғы кездері жанарының нашарлағанын, ота жасататынын, содан кейін тұшымды мақалалар жазып әкелетінін айтқан-ды. Ота сәтті жасалды дегенді естіп, қуанып қалып едік… Бірақ тосыннан келген ажал қоя ма?! Үйіне кіріп, табалдырықтан аттаған күйі жүріп кетіпті. Осылайша табалдырықтан биік тау, шаңырақтан қасиетті мекеннің жоқтығын дәлелдеді.

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адамес жекпе-жегі өтпейтін болды

Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адамес жекпе-жегі өтпейтін болды

18.07.2025
Қазақстанда буллингке қарсы «ДосболLIKE» бағдарламасының апробациясы сәтті аяқталды

Қазақстанда буллингке қарсы «ДосболLIKE» бағдарламасының апробациясы сәтті аяқталды

18.07.2025
Белгілі ақын Исраил Сапарбай дүниеден өтті

Белгілі ақын Исраил Сапарбай дүниеден өтті

18.07.2025
Цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті

18.07.2025
Талдықорғанда футболдан әуесқойлар арасында чемпионат өтті

Талдықорғанда футболдан әуесқойлар арасында чемпионат өтті

18.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.