Талдықорған: +17°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ЖЕЛТОҚСАН: ЕҢ БІРІНШІ ҮН ҚАТҚАН ЕСЕНҚҰЛ ЕДІ

16.12.2018
ЖАНСАРАЙ
ЖЕЛТОҚСАН: ЕҢ БІРІНШІ ҮН ҚАТҚАН ЕСЕНҚҰЛ ЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Осы әңгімені бір күні айту өзіме парыз сияқты саналатын еді. Бүгін реті келіп тұрғандай. Айтайын: 1986 жыл. Желтоқсанның 18-і болатын. Онда біздің Жамбыл аудандық газеті «Екпінді еңбек» деп аталады. Ауылшаруашылығы бөлімі орналасқан қазіргі жалпы бөлімнің кабинетінде тұрмыз. Ұзынқұлақтан естиміз, «Ойбай, Алматыда дүрбелең болып жатыр екен. Алаңға бейбіт шеруге шыққан студент жастарды түнімен қуалап, ұрып-соғыпты. Сөйтіпті, бүйтіпті…» деген алып-қашпа сөздің қайсысына сенерімізді білмей далмыз.

Түстен кейін сағат төрттің мезгілі-ау деймін, Майтөбе тауының бөктеріндегі Қызыләскер деп аталатын ауылдың Қанат деген азаматы редакцияға келе қалсын. Сәл қызулау. Сол күні Л.Брежневтің есімімен аталатын орталық алаңда болыпты. Көрген-білгенін жайып салды. «Осы қазір ғана Алматыдан келген автобустан түстім. Жағдай қиын. Масқара болып жатыр. Озбырлықтың мұндай сұмдығын кім көріпті?! Мына орыс ұлтының өкілдері бір күнде өзгеріп шыға келді ғой, сұмдық-ай! Автобуста кемпір-шалдарының да жалы күдірейіп, аузына келгенін құсып жатыр», — деді ол.

Алдында естігенімізде Ұзынағаштан Алматыға бара жатқан автобусты арнайы тоқтатып ішіндегі жас жігіттер мен қыздарды жолда түсіріп тастапты. Ереуілшілер қатарына қосылмасын дегендік қой. Органдағылардың тірлігі. Онда бір кіжініп қойып едік. Райкомнан тиісті нұсқау алып келген редакторымыз да бәрімізге қатаң ескерту жасап: «Осыдан біреуің әлдекімнің жетегіне ілесіп кететін болсаңдар, менен жақсылық күтпеңдер», – деген.

Хат бөлімінің меңгерушісі Есенқұл, ауылшаруашылығы бөлімінде тілші болып жүрген мен, фототілшіміз Болат Ақанов, корректор қызметіндегі марқұм Керімбай Нүсіпқұлов бар, бәріміз ішімізден тынып, есікке елеңдеп, енді қайтсек екен дейміз. Қолдан келер дәрмен жоқ. Белді шарт түйініп, Алматыға тартып кететіндей жаста да емеспіз. Алдымыз отыздан асып, артымыз жиырма беске ілінген, ес тоқтатқан, балалы-шағалы жігіттерміз. Жігеріміз жасыды, зығырданымыз қайнады. Бірақ содан ары аса алмадық.

Бөлмеде ерсілі-қарсылы ширығып жүрген Есенқұл бір мезетте түпкірдегі кабинетіне кеткен еді, арада жарты сағатқа жетер-жетпестен су жаңа өлең жазып әкелді. «Шын жыласа, соқыр көзден жас шығады» деген рас, әлгі өлеңнің мазмұны, шамырқанып жазылған ширатылысы ерекше еді. Үстем күштің озбырлығын, қазақ ұлтына жасалған көпе-көрнеу қиянатты, соншама сенім артқан мемлекетіміздің опасыздығын әшкере етіп, жанайқайын бірнеше шумаққа сыйғызып, шырқырата жеткізген, нағыз қаны сорғалаған өлең болатын. Ішінде Горбачев та, Колбин де бар, егер сол кезде жазатайым пейілі пасық біреудің қолына түссе, ақынның басы жазаға ілігіп кетуінде дау жоқ еді.

Бәріміз кеу-кеулеп Есенқұлды арқасынан қағып, құшақтап тік көтеріп алдық. Бәріміздің кеудемізді қамырықтырған, тіліміздің ұшында тұрған сөзді қалай дәл тапқан! Шынайы дарын деген осы болар. Нағыз өлең еді сол.

Әрине, жазылуы жазылды ғой, бірақ бұл өлеңді жариялау былай тұрсын, бір-бірімізге дауыстап оқып беруге де жүрексінгенімізді жасырып керегі не? Сол өлеңді мен Есенқұлдың өзіне сенбегендіктен, «Мынаны маған бер, сенің аңқылдақ ақкөңіл мінезіңді білемін ғой, біреуге болмаса біреуге мақтанып оқып берсең, арты жақсы болмас, мен апарып тығып қояйын», – деп қолынан тартып алғандай болып едім. Кім біледі, Желтоқсан қасіреті туралы дәл сол кезеңде қазақтың өзге ақындары да қалам тербеген шығар, бірақ тура оқиға өтіп жатқан күні, ең жедел үн қатқан Есенқұл еді, ең алғаш жазылған өлең тек Есенқұлдікі болар деп топшылаймын өзім.

Бұл өлеңді мен де ешкімге көрсетуге батпадым. Шатырдағы ескі газеттердің арасына апарып ең тереңіне сүңгітіп едім, кейін әне аламын, міне аламын деп жүріп уақыт оздырдық. Есенқұлдың өзі де, «Әлгі өлеңім қайда, ей?!» деп сұрай қоймады. Бәлкім ұмытты, аңғалақ еді ғой марқұм. Заман түзеліп, тәуелсіздікке қолымыз жеткен кезде ескі газеттердің біразы отқа тамызыққа жаратылып кеткенін біліп, сан соғып қала бердік. Кезіндегі жалтақтықтың, одан кейінгі енжарлықтың кесірі. Бұйырмапты. Өкініш деген осы.

Шіркін, сол өлең қазір болса ғой… Нағыз шындықты шырқырата әдіптеген мұндай шынайы туынды тек сондай сындарлы сәтте ғана жазылатын шығар. Жатқан жері жайлы болсын, Желтоқсанның алғашқы дауылпазы – Есенқұл ақынның!

Рәтбек САҒИД-УАҺАС

Жамбыл ауданы

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

03.05.2026
Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

03.05.2026
Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

03.05.2026
Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.