Талдықорған: +17°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН

17.03.2019
ЖАНСАРАЙ
ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН
WhatsAppTelegramFacebook

Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де, бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Сондай жанның бірі – Дәмелі Тұрымтаева.

Білім беру саласында алар орны, сіңірген ерен еңбегі өз алдына орасан. Ол өзінің бар өмірін, көп қырлы дарынын, терең білімі мен шығармашылық шабытын Отанға және туған халқына адал қызмет етуге арнады. 1949 жылдың 15 наурызында Бөрлітөбе ауданына қарасты «1 Май» ұжымшарында дүниеге келген ол бала болса да білікті, аз сөйлеп көп тыңдайтын, қолға алған ісін ұқыпты атқаратын еңбекқор болып өскен. Тумысынан білімге құмар Дәмелі Рымтайқызы Үлгі ауылындағы орта мектептің 10-сыныбын бітіріп, Семей қаласындағы құрылыс техникумының қаржы мамандығына оқуға түседі.
1969-1973 жылдары қазақтың Абай атындағы ұлттық университетінде тарих пәні мамандығы бойынша білім алып, бар ғұмырын ұстаздық жолға арнайды. 1973-1986 жылдары туған ауылындағы мектепте тарих пәнінің мұғалімі, кейіннен директордың тәрбие жөніндегі орынбасары болып қызмет істеген. Дәмелі қай ортада қызмет етсе де оның басшылық және ұйымдастырушылық дарыны, бастамашылдығы, жауапкершілігі ерекше айшықталып тұратын. 1986-1990 жылдары «Егінсу» кеңшарындағы орта мектепте тарих пәнінен сабақ берген. 1990-1992 жылдары Бөрлітөбе аудандық білім бөлімінде әдіскер, 1992-1996 жылдары Ушинский атындағы орта мектепте мұғалімдік қызметті абыроймен атқарды.
1996 жылы Мұқан Төлебаев атындағы орта мектепке директор болып тағайындалған. Қиын-қыстау кезеңдерде туған ауылына келіп, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, ел азаматтарының арқасында тозып кеткен мектепті қалпына келтіріп, жаз жайлауда, қыс қыстауда жүрген ауыл балаларына жаңа типті мектепте білім алуына зор септігін тигізген.
– Сол кезде Ақсу ауданына қарайтын едік. Аудан басшыларының көмегімен мектептің әр қабатын жылытатындай пеш салдырттық. Ауыл ақсақалдары, ата-аналар және мектеп ұжымы ауызбіршілік танытып, бірде-бір күн оқуды тоқтатпадық. Қандай да бір қиын күндер болса да сабақ өтпей қалу деген мүлде болмайтын. Бұл  – біз үшін қылмыс істегенмен пара-пар, – дейді ұлағатты ұстаз өз сөзінде.
Талдықорған облыс орталығы болған 2001 жылы М. Ломоносов атындағы №5 мектеп лицейде директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары қызметін де жоғары деңгейде атқарды. Сол білім ошағынан зейнеткерлікке шықты.  Бүгінде балалары мен немерелерінің арасында бақытты ғұмыр кешуде.
Дәмелі Рымтайқызының ерекшелігі – ол туабіткен ұстаз, бар жан дүниесімен мұғалім. Ұстаздықтың шыңына шыққан зиялы жанның бірегейі. Ол нашар оқиды деген шәкіртке ең алдымен сенім білдіретін. Жауапкершілігі жоғары спорт, тазалық, оқу секторы сияқты қоғамдық жұмыстарға сайлайтын. Оқымайды деген шәкіртті оқытып шығаратын. Әрбір баланың жеке қасиетін дамытуға көп көңіл бөлетін. Бұл да ұстаздың шеберлігі, ұлылығы емес пе?!
Ұстаз еңбегі – өлшеусіз, баға жетпес құндылық. Әрбір адам мұғалім салған сара жолмен жүріп, нұсқаған сүрлеумен ғана ілгері басады. Осындай түзу жол сілтей білген Дәмелі Рымтайқызы тәрбиелеген шәкірттер бүгінде еліміздің әр саласында жемісті еңбек етуде. 
Өмірін бала тәрбиесі мен ұстаздыққа арнаған Дәмелі Рымтайқызының ұзақ жыл білім саласында атқарған еңбегі еленбей қалған жоқ. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Алғыс хатымен, ҚазССР Білім және ғылым министрлігінің төсбелгісімен, көптеген мерекелік медальдармен, ҚР Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің Алғыс хаты, Талдықорған қаласы әкімінің Құрмет грамотасы және басқа да Алғыс хаттармен марапатталған.
Өзінің терең білімі мен парасаттылығының арқасында ұстаз қауымның арасында ерекше құрметке бөленген тұлғаны Бөрлітөбе ауданында қызмет істеп жүрген кезінен жақсы білемін. Мен дарынды балаларға арналған М. Арын атындағы №24 лицейде басшылық қызметте болғанымда, ол кісі  М. Ломоносов атындағы №5 орта мектеп лицейінде директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. Сол кездегі біздің ұстаздық шығармашылығымыз біте қайнасты десем де болады. Сөйлеген сөзінен-ақ ұстаз екенін бірден аңғаруға болатын ерекше қасиетіне күні бүгінге дейін сүйсінемін. Ешқашан дауыс көтеріп сөйлемейтін. Оқушылар жүрегіне жол таба білген, сапалы білім мен саналы тәрбие беруде өзіндік өнегелі ізі бар педагогтың бұл қасиетін жоғары бағалағанымыз жөн. 
Саналы ғұмырын ұрпаққа сапалы білім беруге арнаған жан бүгінде жетпісінші көктемін қарсы алуда. Мерейлі жасқа толғалы отырған өнегелі өмір иесінің оқу-ағарту жолында сіңірген еңбегіне зор алғыс айта отырып, келер күніне тек қуаныш тілеймін. Мәнді де мағыналы ұзақ ғұмыр сүріңіз, ұлағатты ұстаз, аяулы ана, ардақты әже.

Күләй ТҮСІПОВА,
ҚР білім беру ісінің үздігі, Талдықорған қаласының Құрметті азаматы

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

03.05.2026
Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

03.05.2026
Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

03.05.2026
Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.