Талдықорған: +18°C
$ 511.92
€ 588.91
₽ 6.44
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ЖУКОВТЫҢ ҚОЛЫНАН МЕДАЛЬ АЛҒАН МАЙДАНГЕРГЕ КӨШЕ АТЫН СҰРАЙМЫЗ

10.05.2022
ЖАНСАРАЙ
ЖУКОВТЫҢ ҚОЛЫНАН МЕДАЛЬ АЛҒАН МАЙДАНГЕРГЕ КӨШЕ АТЫН СҰРАЙМЫЗ

Кеңестер одағына қарсы фашистік Германиямен болған соғыс төрт жылдан астам уақытқа созылды. Сол қан майданды көзімен көріп қайтқан сарбаздың бірі – Сауытбек Нұралинов еді. Майдангер жөніндегі естеліктермен оның ұлы Сәрсенбай Нұралинов бөлісті.

«Соғыс аяқталғанына 77 жыл өтсе де, оның әр шаңыраққа салған қайғы-қасіреті біткен жоқ. Өздері өмірден өтіп кетсе де, олардың ерлік істері дәріптелуі тиіс деп ойлаймын. Әкеміз Сауытбек Нұралинов 1912 жылы бұрынғы Қапал ауданы Қызылағаш ауылында туған. Бір отбасының жалғызы екен. Сонда әжеміз қалай өсіргенін айтып отыратын. Ауылдың адамдарының бәрі қара жұмыспен көз ашты ғой. Сол кездегі елдегі коллективтендіру, аштық, зобалаң кезі халыққа оңай тимеді. Қырманнан қайтқанда аздаған тарыны етегімізге түйіп, бригадирге көрсетпей әкеп, балалар мен қарияларға ыстық сүтке бұқтырып беретін кез еді дейтін. Біздің әкей 1940 жылы қызыл әскер қатарына шақырылады. Содан 1942 жылы Отан үшін соғысқа аттанып, Сталинград үшін кескілескен шайқастың ортасына түседі. 1943-44 жылдары Ленинградты жау қоршауынан азат ету ұрыстарына қатысады. «Кеңес одағы құрамындағы елдерден барған әр ұлтты біріктірген күш Жеңіске деген ұмтылыс пен мызғымас достық», – деп айтып отыратын», – дейді майдангердің ұлы.

Қолдарына қару ұстаған азаматтардың бәрі соғысқа аттанды. Сауытбек атамыздың өмірдерегіне қарап шығып, сол соғыстағы Жеңістің оңайлықпен келмегендігіне көз жеткіздік. Қария 1944-45 жылдары Берлин түбіндегі үлкен майданға қатысады.

Барлаушылар тобында болған Сауытбек жау тылына барып, «тіл» алып келу операцияларына қатысады. Мұндай тапсырманы бірнеше рет орындайды. Бірде қасындағы екі адаммен барып, немістің жоғары шенді офицерін қолға түсіріп алып қайтады. Олардан құпия мәліметтерді алуға атсалысады. Алайда, әр тапсырманы орындау өте қиын еді. Қасындағы қарулас жолдастарынан қапыда айырылып қалған кездері де көп болыпты. Оққа ұшып, минаға түскен олардың қолдары мен аяқтарының бөлшектеніп қалғаны көз алдымнан кетпейді деп айтқан екен мектеп оқушыларымен болған бір кездесуде.

Соғыс ардагерінің сол кездегі ерлігі мен батылдығы бағаланып, маршал Жуковтың өз қолымен екі Қызыл Жұлдыз және III дәрежелі Даңқ ордені және де Сталинградты азат етуге қатысқаны үшін, Берлин түбіндегі Жеңіс үшін медальдары кеудесіне тағылыпты. Мұнан өзге де мерекелік медальдары көп.

Сауытбек Нұралинов соғысты Жеңіспен аяқтап, елге оралады. Жауынгер майдан даласында 1944 жылы партия қатарына өтеді. Соғыстан кейінгі қиындықтар елге оңайға түспеді. Соғыс ардагері халықтың еңсесін көтеру үшін өз жарақаттарына қарамастан ұжымшар жұмысына кіріседі. 1946-1952 жылдары Қоңыр ауылында партком болады. Ал, 1953-63 жылдары мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібін дамыту жұмыстарына үлес қосады. Қызылағаш ауылындағы шаруашылық ісін жүргізуге атсалысты. 1964-67 жылдары Алмалы деген жерде мал бордақылау кешенінде қызмет атқарды. Содан 1968-80 жылдары туған ауылында жұмыс жасап, зейнеткерлікке шығады. Соғыс және еңбек ардагері Сауытбек Нұралинов 1992 жылы өмірден өтеді.

Сауытбек ата мен Сарқыт апа шаңырағында 15 баланы тәрбиелеп, өсірді. Сәрсенбай ағаның айтуынша, бүгінде Нұралиновтер әулеті өсіп-өнген шаңырақ. Ағайыңдылардың үшеуі қайтыс болғанмен, тәубә, олардың артында бала-шағалары бар. Батырдың немерелері арасынан Азамат Алтайұлы Алматыдағы әскери университетті бітіріп, Сарыөзектегі әскери гарнизонда командир. Ата жолын жалғастырып, Отан қорғау күзетінде.

Кезінде Қызылағашта тасқын болып, ел үлкен қасіретке тап болды. Бүгінде ардагердің ортаншы ұлы Амантай Қызылағаш ауылындағы қарашаңыраққа ие болып отыр. Биыл соғыс ардагері Сауытбек Нұралиновтың қайтыс болғанына 30, Сарқыт апаның дүние салғанына 20 жыл толады екен.

Батыр аталарымыздың есімі мен ел үшін атқарған ісі ұмытылмауы тиіс. Ұрпақтарының тағы бір тілегі – өзі туып-өскен ауылдан көше атауы беріліп, майдангердің аты-жөні мәрмәр таста жазулы тұрса, бүгінгі жас ұрпақ ерлікті бағалар деген ойда. Сұм соғыс аяқталып арада қанша жыл өтсе де, аталардың жанқиярлық істері мен көрсеткен ерліктері ұмытылмауы тиіс.

Данагүл МӘКЕН

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Антикор спортқа бөлінген 6,7 млрд теңгені қысқартты

Антикор спортқа бөлінген 6,7 млрд теңгені қысқартты

13.06.2025
Жетісу облысы маман тапшылығын қалай шешуде?

Жетісу облысы маман тапшылығын қалай шешуде?

13.06.2025
Тоқаев ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады

Тоқаев ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады

13.06.2025
Жетісу облысында үздік медицина қызметкерлері марапатталды

Жетісу облысында үздік медицина қызметкерлері марапатталды

13.06.2025
Жетісудан табылған ортағасырлық қалаға әлі сараптама жасалған жоқ

Жетісудан табылған ортағасырлық қалаға әлі сараптама жасалған жоқ

13.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.