Талдықорған: +36°C
$ 512.44
€ 593.15
₽ 6.52
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ЖЫР АРҚАУЫ — АДАЛ ЕҢБЕК

30.08.2024
ЖАНСАРАЙ
ЖЫР АРҚАУЫ - АДАЛ ЕҢБЕК

Талдықорған қаласындағы Ардагерлер үйінде қариялардың бос уақытын мазмұнды да көңілді өткізіп, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға бағытталған маңызды шаралар жиі ұйымдастырылып тұрады. Аптаның басында сондай шаралардың бірі – 60 жастан асқан қарттардың арасында жыр мүшәйрасы өтті. 


«Адал адам, адал еңбек, адал табыс» тақырыбымен облыс деңгейінде ұйымдастырылған шараға асқаралы жастан асқан ақындар мен ақындыққа жақын ардагерлер қатысып, жыр аламанында баптары мен бақтарын сынады. Мүшәйра барысында белгілі болғанындай, әділқазылар алқасының талқысына 25 үміткердің өлеңі түскен екен. Олардың арасынан суырылып шығып, жүлдеге ие болғандардың өлеңдері тыңдарман қауымға ұсынылды. «Жүректен шыққан өлең жүрекке жетеді» дегендей, адам бойындағы асыл қасиеттердің бастысы – адалдық тақырыбын арқау еткен өлеңдерге ақбасты аталар мен ақжаулықты әжелер қауымы дүркірете қол соқты. 

– Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде «Әрбір адам «Адал азамат» деген атқа лайық болса, елімізде әділ қоғам орнайды. «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Осы үш тағанды озық әрі табысты елге айналудың басты кілті деуге болады. Балалар мен жастарды тәрбиелеп, олардың бойына осы озық құндылықтарды сіңіруге айрықша көңіл бөлінуі керек» екендігін айрықша атап өтті, – деп сөз бастаған облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Ермек Келемсейіт мүшәйраның да осы аса маңызды тапсырманы орындау аясында өткізіліп отырғанын атап өтті. 

Мүшәйра қоржынына келіп түскен өлеңдерді сарапқа салған әділқазылар алқасын басқарған Ермек Әбілмәжінұлы жыр сайысына қатысқан ардагерлердің шама-шарқынша осы озық құндылықтарды жырға қосып, насихаттауға атсалысқанын айта келіп, жалпы қариялар қауымына амандық-саулық тіледі. Әділқазылар алқасының құрамында Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Әміре Әрін мен Қазақстан Жазушылар одағының Жетісу облыстық филиалының басшысы, ҚР мәдениет саласының үздігі ақын Жангелді Немеребай болды.

Қазақтың бай тілін насихаттау арқылы «Адал адам, адал еңбек, адал табыс» тақырыбындағы ғибратқа толы жырларымен еліміздің рухани бірлігін нығайтып, жыр тілімен адалдық, аламгершілік қасиеттерін дәріптеуді, ақындықты серік еткен жандардың шығармашылығын жұртшылыққа танытуды мақсат еткен мүшәйрада ең алдымен ынталандыру сыйлығына ие болған үміткерлер марапатталды. Бұл қатарда Ясын Қалиәкбарұлы мен Тұрдақын Садыров, Мұратбек Қожабеков, Амантай Насимбек, Рахымғали Өтегенұлы, Владимир Поляков ақшалай сыйлыққа ие болды. Ал үш үшінші орынды Көксу ауданынан келген Сембек Абдрахманов пен Қазиев Советхан, талдықорғандық Кенжехан Рақыш өзара бөлісті.

Әділқазылар алқасының ұйғарымымен 2-екінші орынды өзара бөліске салған сарқандық ақын Жомарт Игіман мен талдықорғандық Жұмабала Балақарановаға арнайы Диплом мен 50 мың теңгенің сертификаты табысталды. Ал жүлделі 1-орынға (70 мың теңге) ақын, жазушы, балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Әли Ысқабай ие болды.

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» дегендей, бұл жолғы мүшәйраның бас жүлдесіне – арнайы Диплом мен 100 мың теңгенің сертификатына талдықорғандық ақын Нүсіпбай Әбдірахым лайық деп танылды.

Марапаттау салтанатынан соң жүлдегерлер адалдық жайындағы өлеңдерін шабыттана оқыды. Осынау асыл қасиеттің қыр-сырын жан-жақты ашып, насихаттауға шығармашылықпен атсалысқан қазына қарттардың жүректен шыққан өлеңдері ең алдымен шынайылығымен ерекшеленгенін атап өтпей болмайды. Болашақта арнайы жинақ болып жарық көретін бұл өлеңдердің тәрбиелік құндылығы да осында деп білеміз.

Мазмұнды шараны ән-күймен көркемдеген өнерпаздар Бақберген Асқарбеков пен Төлеутай Серіков мүшәйра барысында тыңдаушылардың жас ерекшелігіне қарай өнеге мен тәлімге, ұлағатқа толы жыр-термелер орындап, қарттарды сергітіп, серпілтіп отырды. Осылайша жыр оқылып, ән шалқыған әсерлі шарадан қанаттанған қариялар ауылдарына көңілді оралды. 

Қатысты жаңалықтар

Жаңа оқу жылында Қазақстанда 200-ден астам мектеп салынады

Жаңа оқу жылында Қазақстанда 200-ден астам мектеп салынады

17.06.2025
ЖАНЫНАН ІЗГІЛІКТІҢ ЛЕБІ ЕСЕДІ

ЖАНЫНАН ІЗГІЛІКТІҢ ЛЕБІ ЕСЕДІ

17.06.2025
Көлік терезесінен қолды шығарғаны үшін айыппұл салына ма? ІІМ түсіндірді

Көлік терезесінен қолды шығарғаны үшін айыппұл салына ма? ІІМ түсіндірді

17.06.2025
Жанға жайлы саябақ

Жанға жайлы саябақ

17.06.2025
Монополияға қарсы органның нұсқамасы орындалды

Монополияға қарсы органның нұсқамасы орындалды

17.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.