БАЛАЛАР ЖЫЛЫНА ОРАЙ 3 БАЛАҒА ОТА ЖАСАЛДЫ

Уақыты: 04.07.2022
Оқылды: 1098
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Талдықорғандағы көпсалалы облыстық ауруханада танымал хирург Нұрлан Арын «өкпе мен бауырдың  эхинококкозы және  колостома, тоқ ішек анастомозы» диагнозы анықталған 3 балаға ота жасады.

«Балалар жылы» және «Туған елге тағзым» атты шара аясында жасалған ота шеберлік сағаты іспетті өтті. Себебі, жұмыс барысы тікелей бақылауға алынып, балалар ауруханасының жас хирургтері қатысты. Бұл Нұрлан Мұхтарұлының алғашқы қайырымдылық отасы емес. Медицина саласында 38 жылдан астам қызмет етіп келе жатқан білікті маман осы уақытқа дейін 25 мыңнан астам операция жасаған. Оның ішінде 1,5 мыңнан астам – қайырымдылық шарасы. Сонымен қатар, ҚР мен РФ хирургтер қоғамының және хирург-гепатологтар мен эндоскопист-хирургтер ғылыми қоғамының мүшесі 300 ғылыми мақала мен 7 монографияның авторы.  ­

– Әр азамат халықтың ризашылығын алғысы келеді. Менің де мақсатым ­– балаларға қолымнан келгенше көмектесіп, ел алғысын алу. Осыған орай, жиі қайырымдылық отасын жасаймын, ­– дейді Нұрлан Арын.  

Ота сәтті өтті. Білгір дәрігер отаны өзі ойлап тапқан жаңа әдіспен жасады. Маман науқастар 1 тәулік ішінде аяққа тұрып, 7 күнде үйіне шығарылатынын айтты. Ауыр халде жатқан балаларына ота жасаған ақ халатты абзал жанға алғысын жаудырып, ізгі тілектерін білдірді.

Шара барысында  көпсалалы балалар ауруханасының бас дәрігері Арман Тойбеков: «Кесу ­–  әдістің жаңа түрі. Нұрлан келген сайын жас әріптестеріне шеберлік сабағын өткізіп, жаңа әдістер үйретеді», ­– дей келе, мұндай шара арқылы жергілікті дәрігерлердің кәсібилігі артатынын жеткізді.

 

Айдар ҚАЛИЕВ,
Жетісу облысы