ТАЛДЫҚОРҒАНДА ДЗЮДОДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Уақыты: 21.01.2023
Оқылды: 868
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Талдықорған қаласында 15-16 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында екі күнге созылған республикалық турнир өз мәресіне жетті.
 Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен мыңнан астам "дзюдошылар" қатысты. Бұл спортшылардың бәрі де іріктектеу жарыстарынан үздік шыққандар. Осыдан-ақ,  Жетісудың бас қаласындағы турнирдің аса тартысты өткенін байқауға болады. Тек, Жетісу облысынан ғана бұл жарысқа 250 балуан қатысты. Жарысқа еліміздің тәжірибелі төрешілері әділқазылық етті. 
Сонымен, жетісулық спортшылар арасынан Маратбек Жанайым турнир жеңімпазы атанды. Ал, Асылхан Мәди жарыс тұғырының екінші сатысына көтерілсе, Халыкеш Ардақ, Қойбағар Нұржігіт, Қошман Асылбек және Саржан Медетұлы турнирдің қола жүлдегері атанды. Қыздар арасында Амина Амангелдинова мен Кира Хегай өз салмақ дәрежелері бойынша жүлдегер қатарынан көрінді. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Алуа ОСПАНЖАН,
Жетісу облысы