"АТҚАРЫЛҒАН ҚЫЗМЕТ АУҚЫМДЫ". ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫ

Уақыты: 25.01.2023
Оқылды: 1460
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

 Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясы құрылған сәттен бастап атқарылған жұмыстар ауқымды.

Тексеру комиссиясының өткен жылға арналған тізбесі 2022 жылғы 26 тамыздағы №8/Ө бұйрығына сәйкес бекітілді. Тізбеге сәйкес, 6 іс-шара бойынша 49 мемлекеттік аудит объектісінде 67 556,6 млн. теңге бюджет қаражаты ҚР-ның Бюджет және өзге де заңнама талаптарына сәйкес жұмсалуына мемлекеттік аудит жүргізу жоспарланып, бекітілген. Аталған тізбеге сәйкес, 2 іс-шараның аяқталуы 2022 жылға, 4 іс-шараның аяқталуы 2023 жылға жоспарланған. Өткен жылы аяқталған 2 іс-шарамен 22 мемлекеттік аудит объектілері қамтылды. Мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражат көлемі – 45 119,4 млн. теңге.

ҚР Заңнамасы нормаларының сақталмауы салдарынан орын алған бұзушылықтар – 11 892,8 млн. теңгені құрады, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 239,7 млн. теңге. Тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты, мемлекет активтері – 3 336,9 млн. теңге, ықтимал шығындардың және жіберіп алған пайданың сомасы – 8 316,2 млн. теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 53 бірлік, жүйелік кемшіліктер – 7 бірлік. Анықталған қаржылық бұзушылықтар ҚР Қаржы министірлігінің бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының талаптарын, ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының талаптарын, ҚР органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу туралы Ережесінің талаптарының сақталмауы салдарынан орын алған.

Бюджет қаражаты шығындарын жоспарлау кезінде тиімділік принциптерінің сақталмауы салдарынын бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылуына және осы қаражаттарды пайдалану арқылы межеленген әлеуметтік әсер уақытылы қол жеткізілмеуіне жол берілген. Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар ҚР Бюджет кодексінің, Мемлекеттік сатып алу Заңнамасының, ҚР Үкіметі қаулылары талаптарының сақтамауы салдарынан орын алған.

Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша 2 лауазымды тұлға тәртіптік, 20 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғалары тарапынан ҚР Заңнамаларында белгіленген талаптарға немқұрайлы қарауы 14 мемлекеттік аудит объектісі бойынша 20 әкімшілік жауапкершілікке әкелетін бұзушылықтарға жол берілген. Анықталған бұзушылықтар бойынша құқық қорғау органдарына 1 материал жолданды. (Сояны терең өңдеу зауыты жұмыс істемейді, өнім шығарылмайды, мақсатсыз пайдалану және «AGRITECH» ЖШС-не берілген 497,0 млн. теңгені қаржылық көмек).

Құзіреттілігінің негізгі бағыты бойынша 2023 жылға арналған мемлекеттік аудитпен қамтылатын объектілер тізбесін қалыптыстыру бойынша жұмыстарға тоқталсақ. Бүгінде Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау Заңының талабына сәйкес, 2023 жылға арналған мемлекеттік аудитпен қамтылатын объектілер тізбесі қалыптастырылды. Тізбе бойынша басымдық тиімділік аудитін жүргізуге бағытталған (15 аудиторлық іс шара, немесе 94%), Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңына енгізілген өзгерістерге байланысты 1 аудиторлық іс-шара жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне жоспарланған. 2023 жылға арналған мемлекеттік аудитпен қамтылатын объектілер тізбесі бойынша жалпы саны 167 мемлекеттік аудит объектісі бойынша 304 159,6 млн. теңге бюджет қаражатын және мемлекет активтерін қамту жоспарлануда.

Бақытжан МҰХАМЕДЖАНОВ, 
Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы