ӘЛЕМДІ ЖАУЛАҒАН ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ

Уақыты: 19.02.2023
Оқылды: 1012
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Соңғы кездері уақытының көбін әлеуметтік желіде өткізетіндердің қатары артты. Ал оны пайдаланушылардың басым бөлігі ерлер, қалғаны қыз-келіншектер мен балалар. 

Халық арасында кең тараған ең алғашқы әлеуметтік желі –  Classmates.com 1995 жылы пайда болған. Әлеуметтік желіні іске қосудың серпінді кезеңі 2003-2004 жылдар деп есептеледі.  Бұл LinkedIn, MySpace және Facebook пайда болған уақыт.
Ал орыс тілді одноклассники және ВКонтакте әлеуметтік желілері 2006 жылдан танымал бола бастады. Facebook – 2,9 млрд. қолданушысы бар әлемдегі ең танымал әлеуметтік желі. Одан кейін 2,5 млрд. және 2 млрд. қолданушылары бар Youtube және WhatsApp. Үздік бестікке Instagram және WeChat кірді. 
Сондай-ақ, TikTok, Facebook Messenger, Telegram, қытайлық Douyin, Kuaishou, Sina Weibo және басқалары ең танымалдардың тізімінде. Сонымен бірге, ең сүйікті желі ретінде қолданушылар Марк Цукерберг пен оның командасының Meta-ға қарасты WhatsApp желісін таңдаған. 2-орында Facebook әлеуметтік желісі, ал тағы бір Meta өнімі Instagram 3-орында, ол Facebook желісінен небәрі 0,1 пайыз ұтылды.
Әлеуметтік желіде ең көп отыратындар нигериялықтар. Одан кейінгі орында Бразилия мен Оңтүстік Африка, Филиппин, Колумбия. Ал әлеуметтік желілерде ең аз уақытын өткізетіндер жапониялықтар, одан кейін Оңтүстік Корея және Австрия. Адамдардың көбі отбасы және достарымен хабарласу үшін әлеуметтік желілерді пайдаланады. Бос уақытын өткізгісі келетіндер жаңалық көріп, түрлі оқиғамен танысады. Сөйтіп, әлемде не болып жатқанын түсінуге тырысады. Енді біреу әлеуметтік желіден шабыт алып, жаңа идея іздейді және әртүрлі тауар қарап, сатып алады.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА