ТАЛДЫҚОРҒАНДА ІРІ КӘСІПОРЫН ТӨҢІРЕГІНДЕ ДАУ ШЫҚТЫ

Уақыты: 22.02.2023
Оқылды: 1281
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жетісу облысының орталығы Талдықорғандағы 1300 адамды жұмыспен қамтып отырған ірі кәсіпорын төңірегінде дау шықты.

Әзірге мәлім болғаны, елдегі бірден бір аккумулятор өндіруші табысты зауыт "Қайнар - АКБ" жұмысы үлкен кедергілерге тап болғанға ұқсайды. Соның салдарынан соңғы уақытта өндіріс ошағы өз мүмкіндігін толық пайдалана алмапты.

Аталған ұйым осыған байланысты ақпанның 23 жұлдызы сағат 11:00-де зауытта ресми брифинг өткізбек. Аталған жайтқа қатысты толық мән-жайды алдағы уақытта "JETISỲ" газеті сайтынан оқи аласыздар. 

Фото: ашық дереккөзден алынды