МАУНТИНБАЙКТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АЛИНА САРҚҰЛОВА ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Уақыты: 19.03.2023
Оқылды: 609
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Таң сәріден басталған сайлауға Сарқандық Алина Сарқұловада №349 сайлау участкесіне барып, науқанан тысқары қалмай дауысын берді. 

Алина Сарқұлова Азия чемпионы бұдан бөлек, Түркияда өткен маунтинбайк жарысында бірден екі алтын жеңіп алған ең алғашқы қазақстандық спортшы.

"Еліміздің өсіп-өркендеп дамығанын қалаймын. Сондықтан ел ертеңіне бей-жай қарамай, кемелдену жолында аянбай еңбек етуге дайын азаматтарды қолдау үшін сайлауға келдім. Таңдау жасадым. Бүгінгі сайлаудың барлығымыз үшін өте маңызды. Барша аудан жастарын саяси науқаннан қалыс қалмауға шақырамыз",- деді чемпион.

Бүгінгі сайлауға дауыс бергендердің қатарында жасы 100-ден асқан 5 қарт анамыз да бар.

Жақсылық ИГМАНОВ, 

Сарқан ауданы