ЖАС САЙЛАУШЫЛАРҒА СЫЙЛЫҚТАР ТАБЫСТАЛДЫ

Уақыты: 19.03.2023
Оқылды: 1159
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Биыл кәмелеттік жасқа толып, сайлауға алғаш рет қатысып отырған текелілік Бекзат Ержанұлы, Мәдина Ахметуәлиқызы мен Құралай Қуатқызы Текелі қаласындағы №441 және №446 сайлау учаскелерінде дауыс берді. Оларға естелік сыйлықтар табысталды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Бүгін алғаш рет дауыс беріп, ерекше қуанып тұрмын. Қоғамның маңызды саяси оқиғасына қатысып, өз үлесімді қосқаныма ризамын. Бұдан былай да белсенді боламын, себебі өз тағдырымыз өз қолымызда», - дейді Құралай Қуаптқызы.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.