ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ МЕН МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРУ АЯҚТАЛДЫ

Уақыты: 19.03.2023
Оқылды: 1021
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Еліміздің  сайлау учаскелерінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс беру аяқталды.

Жетісу облысы бойынша бір күн бойы дауыс қабылдаған жалпы саны 458 сайлау учаскелері де дауыс қабылдауды тоқтатты.

Енді аталған учаскелерде комиссия мүшелері бюллетендерді санауға кіріседі.

Айта кетейік, облыста дауыс беруге шақыру қағаздары 443 788 дана есебінде  дайындалып, жергілікті сайлаушыларға табысталған.

Орталық сайлау комиссиясы азаматтардың учаскелерге келуі туралы сағат 20:10-да және 22:10-да ақпарат ұсынатын болады.

«ЖЕТІСУ» АҚПАРАТ