Ауыл тұрғынын балағаттаған әкім жазаланды

Уақыты: 07.06.2023
Оқылды: 879
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жоғары басшылық Алакөл ауданы Үшарал ауылдық округінің әкіміне қатаң сөгіс жариялады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

2023 жылдың мамыр айының ортасында әлеуметтік желіде жергілікті тұрғын мен әкім Мақсұт Сайділдиновтың әңгімесінің видеосы пайда болда. Видеода әкім бейәдеп сөздерге жол береді. 

26 мамырда Жетісу облысының Мемлекеттік қызмет істері департаменті жергілікті белсенді азаматтардың арызынан кейін қызметтік тергеуді бастады. Оның қорытындысы бойынша 31 мамырда аталған департаменттің Әдеп жөніндегі кеңесі әкімге жаза қолдануды ұсынды.

6 маусымда Алакөл ауданының әкімі Алмас Әбдінов жергілікті тұрғындарға дөрекілік танытып, балағат сөздер айтқаны үшін Сайділдиновке қатаң сөгіс жариялады.