Жасанды интеллект Головкин-Канело жекпе-жегінің жеңімпазын анықтады (ВИДЕО)

Уақыты: 09.11.2023
Оқылды: 2146
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жасанды интеллекттің Deep Strike құралы қазақстандық Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль Канело Альварес (60-2-2, 39 КО) арасындағы алғашқы жекпе-жектің жеңімпазын анықтады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Bassport.kz сайтына сілтеме жасай отырып. 

Бұл жекпе-жек 2017 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтті және 12 раундқа созылды.

Оның қорытындысы бойынша төрешілер тең нәтиже анықтады (Канелоның пайдасына 118-110, GGG пайдасына 115-113 және 114-114).

Бірақ көп адам жеңісті Головкинге берген еді.

Алты жылдан кейін жасанды интеллект бұл шайқаста кім жеңгенін анықтауға тырысты.

Deep Strike талдауы көрсеткендей, Головкин Канелодан соққылар саны бойынша басым болды.

Мексикалықта 217, ал Головкинде 300 соққы.

Сондай-ақ ол 12 раундтың 9-ында көбірек соққы жұмсаған.

Сонымен қатар Головкин соққылардың жалпы саны бойынша да асып түсті.

Нәтиже 897- 577. Deep Strike көрсеткендей, Головкин Канелоны қысым бойынша да, яғни 49%-24% нәтижесімен жеңді.

Осылайша жасанды интеллект Головкиннің айқын артықшылығын көрді.

Бұдан бөлек Deep Strike 2018 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен Головкин мен Канелоның екінші жекпе-жегіне де талдау жүргізді.

Бірінші жағдайдағыдай, қазақстандықтың артықшылығын көрді, алайда төрешілер жеңісті мексикалыққа берді.

Фото: ©HBO Boxing