БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ДА ИГІЛІКТІ ІСТЕР ҚОЛҒА АЛЫНУДА.

Уақыты: 12.02.2024
Оқылды: 408
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұлт саулығының кепілі – бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен саламатты Қазақстан құруда бұл тетіктің маңызы да зор болмақ.

Бұл ретте бұқаралық спортты дамыту бойынша Жетісу облысында да игілікті істер қолға алынуда. Өткен жылы облыстық бұқаралық - спорттық іс-шараларды өткізу орталығы құрылған еді. Бұл күндері барлық аудан орталықтарында да аталмыш мекеменің филиалдары жұмыс істеп тұр.

Айталық, аталған орталықтың сегіз аудан мен екі қалада филиалдары жұмыс істейді. Бүгінде арнайы бекіттілген штаттық кестеге сәйкес орталықта көптеген  нұсқаушылар бар. Олар Жетісу өңірінің тұрғындарының денсаулықтарын жақсарту жолында игілікті істер атқаруда. Орталық әртүрлі деңгейде 2000-на аса шара ұйымдастырған.  

Ал облыстағы барлық елді-мекендерде арнайы штаттық кестеге орай, жоғары білімді әдіскерлер жұмыс істейді. Олар жергілікті тұрғындарды бұқаралық спортқа баулуда.    Облыс орталығы Талдықорған қаласында да әр сенбі сайын "Жастар" және "Жеңіс" саябақтарында спорттық шаралар өткізу дұрыс бағытта жолға қойылған.

Облыстық бұқаралық – спорттық іс- шараларды өткізу ортылығының басшысынан бастап, барлық мамандары осы игілікті істің басы- қасында жүр десек артық айтқанымыз емес.

Мәселен, сенбі таңының алғашқы спорттық шарасына 500-ге жуық қала тұрғындары қатысты. Олар әдіскерлер көмегімен түрлі дене қыздыру жаттығуларын жасайды. Содан кейін жас мөлшерлеріне қарай спорттық жарыстарға қатысады.

Сенбі таңында осындай шара ұйымдастыруға мұрындық болған әкімдік ұжымына, спорт мамандарына алғысым шексіз! Ел кәдесі, жұрт қажетіне жарайтын игі шараларымыз көп болсын, –  дейді еңбек ардагері, халықаралық әдеби "Алаш" сыйлығының лауреаты, ақын Әміре Әрін.

«Ел кәдесі» демекші, қала тұрғындары да мұндай тартымды шаралардың көп болғаны жақсы екенін айтады.

Сенбі- жексенбі күндері қалалықтар дем алады. Әсіресе, біз сияқты зейнеткерлерге пайдасы ұшан- теңіз шара екен» -  дейді зейнеткер, қала тұрғыны Райхан Қапышқызы.

Бұл спорттық бұқаралық кездесулерде материалдық ынталандыру да болып тұрады. Айталық, шара барысындар түрлі спорттық сайыстарда күш сынасып, жеңімпаз атанғандар арнайы сыйлықтарға ие болды. 

Аталмыш шараның басты мақсаты - халық арасында бұқаралық спортты қарқынды дамытып, салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтырушылар санын арттыру.

Тағы бір ерекше айтарымыз, әр сенбі сайын дәстүрге айналмақ спорттық шараға тек қана қала тұрғындары ғана емес, сондай-ақ қала қонақтары да қатыса алады. Жас мөлшерлеріне де еш шектеу жоқ.

«7-su.kz» ұсынады