Халық өмірінің айнасы

Уақыты: 23.03.2024
Оқылды: 449
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Ұлттық киім – халқымыздың айнасы. Қазақтың әрбір ұл-қызы ұлттық киімді ұлықтап жүруге міндетті. Біз, Талапты орта мектебінің ұжымы мен оқушылары, бірауыздан мектепке ұлттық киім кию дәстүрін жалғастырып келеміз. 

Ұлттық киімнің өзі – ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі. Бұл –  ұлттық идеологияны қалыптастыру, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу мен оны жастардың санасына сіңіруде қолға алынған жарқын бастама деген мектеп ұжымы ата-аналармен  бірлесіп 1-11-сыныптың оқушыларына  мектеп формасына сай қазақша стильдегі киім тіктірді. Мектеп оқушыларының рухани дамуына, бойларындағы ұлттық болмысты қалыптастыруға сеп болуда. Оқушылар мен мұғалімдер қазақтың ұлттық киімдерін киіп, жұртшылыққа үлгі көрсетуде. Олар киген оюмен оқаланған камзол, тақия, күрте жарасымды көрінеді.

Талапты орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары  аптаның сәрсенбі күні ұлттық нақышта киінеді. Осылайша білім ордасының ұжымы отансүйгіштік сезімді, ұлтты құрмет тұту, салт-дәстүрді қадірлеу сияқты қағидаларды балалар арасында насихаттаудан шаршамайды.

Ирина БІТІБАЕВА, 
Талапты орта мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 
Көксу ауданы