ЗАҢ БҰЗЫЛҒАН. "ҚОРҒАСТАҒЫ" БЕЙНЕГЕ ҚАТЫСТЫ ӘКІМДІК ЖАУАП БЕРДІ

Уақыты: 26.03.2024
Оқылды: 371
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде жарияланған «Қорғас» ХШЫО-дағы жағдайға байланысты бейнероликке қатысты төмендегіні хабарлайды.


2018 жылы «Kazakhstan Technology Solutions» ЖШС (қазіргі «Terminal A») жүктерді және КПП – 1 (багаж терминалы) кешенінің уақытша сақтау қоймасын тереңдетіп тексеру үшін ғимарат сатып алған болатын, сондай-ақ кейін осы багаж терминалына қызмет көрсету үшін жер учаскесін сатып алды.

Сатып алу барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы бұзылғандықтан, қазіргі кезде (17.01.2024 жыл) ҚР Бас көлік прокуратурасы сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап арыз берді.

ҚР Бас көлік прокуратурасының осы мәселеге байланысты «Terminal – A» ЖШС мен«Қорғас»ХШЫО» АЭА БК» АҚ-ға қатысты берген талап арызын бірінші инстанция соты қанағаттандырды.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнеролик – жауапкер «Terminal – A» ЖШС-ның сот шешіміне байланысты қоғамдық резонансты қолдан жасауға бағытталған реакциясы.

ХШЫО басшылығындағы лауазымды тұлғалардың тарапынан заңсыз әрекеттерге жол берілді делінген фактіге қатысты құқық қорғау органдары тексеру жүргізуде.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фото: baq.kz