ГАЗДАН УЛАНУ АЗАЯР ЕМЕС

Уақыты: 13.04.2024
Оқылды: 377
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Көп жағдайда адамдар қарапайым өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтамағанның салдарынан газдан уланады. Осыған орай тұрғындардан тұрмыста пайдаланатын газдан өртті және жарылысты болдырмау үшін төтенше жағдай ережелерін сақтауды сұраймыз.


Өкінішке қарай, улы газдың алдын алу жөнінде түрлі шаралар істеліп жатқанымен газдан уланып жатқан тұрғындар саны азаяр емес. Бұл көбінесе өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмағанда, атап айтқанда, жылыту пештері мен газ құрылғыларын дұрыс пайдаланбаған кезде орын алады. Улы газдың адам ағзасына зиянды әсері – заттың тыныс алу жүйесіне әсер етеді, қан айналым жүйесіне еніп, гемоглобинмен қосылып, нәтижесінде қанның құрамында өзгерістер пайда болады, содан кейін бүкіл дене ауыра бастайды.

Негізгі қауіп оның түсі де, иісі де болмайтындығында. Сондықтан оны «үнсіз өлтіруші» деп атайды. Құтқарушылар күн сайын жылыту пешінің қауіптілігі туралы айтады. Бірақ адамдардың көпшілігі мәселеге жеке тап болғанша алдын алу шараларын қолданбайды. 2023-2024 жылыту маусымы басталғалы облыста 60-тан астам адам жеңіл дәрежеде уланған.

Үйде жиналған газды тұтату үшін бір ұшқын жеткілікті. Бұл сөзсіз жарылысты, содан кейін өртті тудырады. Егер үйіңізде газдың иісі шықса барлық терезелер мен есіктерді ашып, бөлмені мұқият желдетіңіз. Осыдан кейін бөлмеден шығып, газдың иісі толығымен жойылғанша оған кірмеңіз. Ал егер ол жоғалмаса, дереу 104 телефоны бойынша газ желісінің авариялық қызметіне қоңырау шалыңыз.

Сіздердің қауіпсіздігіңіз үшін облыстық төтенше жағдайлар департаменті қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.


ОблыстықТЖД баспасөз қызметі