ҚОНАЕВТЫҢ ПӘТЕР-МҰРАЖАЙЫ САТЫЛЫМҒА ШЫҚТЫ

Уақыты: 18.04.2024
Оқылды: 661
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Алматыда Дінмұхамед Қонаев тұрған пәтер жарты миллиард теңгеге сатылымға шығарылды. Сатылым жайлы хабарландыру "Крыша.kz" сайтында пайда болды. 


Белгілі қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов алғаш болып дәл осы іске назар аударып, көпшілік талқысына ұсынды. Оның айтуынша, 15 бөлмелі пәтерде Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Дінмұхамед Қонаев қана емес, еліміздің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев та тұрған. Алайда бұл ақпараттың қаншалықты сенімді екенін тексереу қажет.

"Қала орталығында 566 квадрат метр "Алтын" шаршы пәтер сатылады. Тарихи жер. Жеке кіреберісі бар, екі қабатты және жертөлесі бар пәтер. Аулада жеке автотұрақ бар. Әр қабатында жуынатын бөлмесі бар. Жөндеу қажет. Жақын жерде опера театры, субұрқақ, саябақ, Столичный дүкені, әртүрлі профильдегі мектептер мен гимназиялар, банк филиалдары бар. Бағасын келісуге болады", – делінген хабарландыруда.