ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Уақыты: 14.12.2018
Оқылды: 1285
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Талдықорған қаласының оңтүстік-батыс ауданында 12 қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.  479,7 млн. теңге қаржы жұмсалған нысанның құрылысы өткен жылдың шілдесінде басталған.

Пәтер кілттерін тапсырған облыс әкімі Амандық Баталов:
- Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! Биыл облыс орталығында 47,3 мың шаршы мерт тұрғын үй қолданысқа берілді. Өткен жылмен салыстырған бұл көрсеткіш 2,7 есеге көп. Қаламызда бүгінгі заманға сай, сәулетті, бірегей ғимараттар - Көрме орталығы, Салтанат сарайы, жақында ғана ашылған драма театр ел игілігіне қызмет етуде. "Жастар" саябағы, Қаратал өзенінің жағалауы Талдықорғанның ажарын айшықтап, тұрғындардың сүйікті демалыс орнына айналды, - деп тұрғын үйді сапалы салып, мерзімінде тапсырған "Жанайдар" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне алғыс айтты.

 Жалдамалы үйде 64 пәтер бар, оның 32-сі бір, 24-і екі, 8-і үш бөлмелі. Ал жапы пәтер көлемі 3325,3 шаршы метрді құрайды

"ЖЕТІСУ - АҚПАРАТ"