Мерекемен құттықтады

Уақыты: 10.01.2017
Оқылды: 1388
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Адамзат баласы Адам атадан таралған. Қасиетті төрт кітап – Зәбур, Тәурат, Інжіл, Құранда осыған қатысты нақты деректер бар. Әсіресе Алла тағаланың сөзі саналатын Құран Кәрімде бұл жайында егжей-                  тегжейлі айтылған. Сондықтан елде христиандардың қасиетті мерекесі Рождество Құрбан айтпен тең дәрежеде тойланады. Шындығында бұл мереке Иса пайғамбардың туған күнінен бастау алады. Бүгінгі жыл санауымыздың түп-тамырында да Иса Мәсіхтің туған күні жатыр. Әдетте Иса пайғамбардың туған күнін елдегі православтар 7 қаңтарда атап өтеді.

Талдықорған қаласындағы Архангел Гавриил шір­кеуіне православ дінін ұстанушыларды Рождествомен құттықтау үшін барған облыс әкімі Амандық Баталов­ты иеромонах Клавдиан күтіп алып, ғибадатхана шарттарын түсіндіріп өтті. Одан соң өңір басшысы:
– Облысымыздағы барлық православ дінін ұстанатындарды мерейлі мереке – Рождествомен құттықтаймын! – деп республика бойынша тойланатын айтулы мейрамның құндылығын атап өтті. – Сіздермен осы мерекеде тұрақты кездесуіміз дәстүрге айналып отыр. Өйткені адамгершілікке, мейірімге шақыратын Рождество пенделер арасындағы сыйластықты насихаттап, жақсы қарым-қатынасқа үндейді. Бұл мереке әрбір үйге қуаныш пен шаттық сыйлап, қоғамдық келісімді нығайтады. Сондықтан да біздің елде дінаралық және ұлтаралық келісім  тұрақтанып отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Көпұлтты Қазақстанның ең басты байлығы – ұлттар мен ұлыс­тардың бірлігі» дегенді ұдайы айтып келеді. Мемлекеттің қарыштап дамып, болашағының жарқын болуы халықтың ауызбірлігінің арқасында қалыптасатындығын осыдан білуге болады. Ал ұлтаралық татулықтың  қазақстандық үлгісі өзге елдердің қызығушылығын тудырып отырғаны жасырын емес. Бейбітшілікті, тұрақтылықты, бірлікті сақтау елде тұратын әрбір азаматтың әрқашан назарда ұстайтын басты ұстанымы.
Рождество мерекесіне орай шіркеуге жиналған көпшілікті құттықтаған облыс әкімі шіркеу қызметкерлерімен бірге балаларға сыйлықтар мен түрлі тәтті таратты. 

Мєди АЛЖАНБАЙ